Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет40/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

ТТарихи факт түрлері


Тарихи фактлер мазмұны,ішкі құрылымы, маңызыны қарай әртүрлі, әрқилы болады.

О рыстың белгілі ғалымы Г.М.Иванов «Факт дегеніміз – адам санасында көрініс тапқан объективті шындық» дейді. Фактілердің барлығы бірдей болған оқиғаны сол күйінде объективті түрде баяндай алмайды. Факт әлеуметті, субъективті және объективті құбылыстардыің бірлігі.


Одан әрі Г.М. Иванов фактілерді төртке бөледі: 1. оқиғаның көрінісі; 2. тарихи дерек фактісі; 3. факт – ақпарат; 4. факт – оқиға. Өткеннен бізге жеткен хабарламалар сол оқиғаны бізге сол күйінде жеткізуі мүмкін емес.


Сонымен, тарихи фактілердің зерттеу процесінде өте қажетті элемент екендігін дәлелдедік. Тарихи фактісіз тарихи шығарма болмайды. Москва университетінің профессоры И.Д.Ковальченко тарих ғылымының әдіснамасын зерттеуге көп үлес қосқан ғалым. Ол өзінің «Методология истории» деген зерттеу жұмысында тарихи дәйектерді 3 категорияға бөледі:

Енді осы үшеуіне толығырақ тоқталайық. Оқиғаның көрінісі, фактісі тарихи деректерді жасаушыға да, оны пайдаланып отырған ғалымға да объективті. Позитившілер шынайы дәйек ретінде тек оның қарапайым түрін ғана тану мүмкін деп есептеді. Шын мәнінде, тарихшы дәйектің қарапайым түрін ғана емес, сонымен қатар, күрделі және жүйелі процестерді зерттейді. Тарихшы кез-келген оқиғаның қай уақытта, қай жерде, қалай болғандығын анықтайды. Кез-келген тарихи факт өзі сияқты басқа да фактілермен тығыз байланыста, күрделі жүйенің бір тетігі ғана. Фактілер жүйесі көп мағыналы. Сондықтан да тарихшылар оларды өзінше таниды. Дегенмен де, әрбір тарихи факт объективті құбылыс. Олар біріне бірі ұқсамайды. Бірақ, тарихи процесс барысында олар басқа түрде қайталануы мүмкін.


Тарихи дерек фактісі бізге сол фактіні дерекке айналдыр-ған тарихшы арқылы жетеді. Әлбетте, тарихшы бізге сол факті жөнінде өзінің субъективті ойын жеткізеді. Тарихшы тарихи фактінің қаншалықты объективті екендігін, оның ақпараттық мүмкіншілігін анықтайды. Мұндайда фактілерді талқылаудың (истолкование) маңызы аса зор. Мұны ғылымда герменевтика деп атайды. Фактінің шындығын, шынайылығын анықтау, оны ұсақ-түйек субъективті ойлардан, пікірлерден тазартып кәдеге жарату деректанушы ғалымның аса мәртебелі міндеті.
Тарихи фактінің болған оқиғаны объективті түрде баяндалса бұл ғылыми-тарихи факт дәрежесіне дейін көтеріледі. Кез-келген тарихи факті бұл білім. Тарихи процесті көз алдымызға елестету үшін осындай фактілердің көп болғаны жақсы. Дерекке негізделген, бір біріне байланысты, бірін бірі толықтыратын тарихи фактілер жүйесі әрқашанда тарихи процесті объективті түрде айқындайды. Кейде тарихи фактілердің молдығынан тарихшы оларды таңдауға мәжбүр болады. Мұндайда әрбір таңдау репрезантивті болуы міндетті.
Тарих ғылымының дамуына байланысты, деректер корпусы-ның толығуына қарай тарихи фактілерге көзқарастың өзгеруі мүмкін. Тарихшы осы оқиға жөнінде өзінің концепциясын өзгертуі мүмкін. Кейде бір оқиға жөнінде әрбір тарихшының өз көзқарасы болады. Сондықтан да релятивистер фактінің объективті мазмұнына күмәнданады. Постмодернистер мұндай жағдайда тарихи білімнің объективтілігіне шүбә келтіреді. Әлбетте, мұнымен келісуге болмайды. Біріншіден, тарих ғылымы басқа ғылымдар сияқты даму үстінде. Табылған қосымша материалдар, өзгерген концепциялар тарихшыны өз көзқарасын өзгертуге итермелейді. Дамуда шек болмайтындығы барлығымызға мәлім. Ерте ме, кеш пе белгілі бір тарихи оқиғаға бүгінгі қалыптасқан көзқарас өзгеруі мүмкін. Бұл объективті процесс. Екіншіден, кез-келген тарихи фактіні танудың шегі жоқ. Әр заманда сол тарихи факті ғылымға басқа бір қырынан көрінуі мүмкін. Концепциялардың таласы ғылымда жағымды құбылыс. Себебі, пікір-талас барысында шындыққа қол жеткізу мүмкіндігі туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет