Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Әдебиеттер Ковальченко И.Д



бет65/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Әдебиеттер
Ковальченко И.Д. Количественные методы в исторических исследованиях. Москва,1984
Ковальченко И.Д. Методы исторического исследования. М., 1978
Парфенов И.Д. Методология исторической науки. Саратов, 2001.
Методологические проблемы истории. Уч.пособ. Под. Ред. В.Н. Сидорова.Минск,2006.
Методолгия истории: Учеб. Пособ.для студ. Вузов/ А.Н. Нечухрин, В.Н. Сидорцев, О.М. Шутова и др. Мн.: НТООО «Тетра-Системс», 1996.
Аманжол Күзембайұлы.Тарихтану теориясы. Оқу құралы. Қостанай. 2011.


12. Тарихи зерттеулерде ғана пайдаланылатын әдістер.

Тарихи-генети-калық және ретроспективті әдіс.
Тарихи зерттеулерде кеңінен пайдаланатын әдіс. Мұны пайдалана отырып, тарихшы қоғамдық процесті пайда болғанынан бастап оның жойылған кезіне дейін зерттейді. Объектінің бүкіл мазмұны, қасиеті, функциялары өз кезегінде қарастырылып,, оның эволюциясы, дамуы көрсетіледі. И.Ковальченко мұны формасы жағынан баяндау, мазмұны жағынан аналитикалық, индуктивтік деп атайды. Бұл әдіс қоғамдық процесстің себеп-салдарлық себептерін, оның пайда болуын (генезис) анықтайды. Тарихи оқиғаның ерекшеліктері мен нақтылық жағын ашуға көп көңіл аударылады. Яғни, генетикалық әдіс процесті пайда болуынан бастап ыдырағанша зерттейді.
Ал енді ретроспективті әдіс керісінше, оқиғаны бүгінгі күннен бастап пайда болу уақыты, бағыты бойынша зерттейді. Яғни, алдымен тарихи үрдістің салдары негізінде оны себебі анықталады. Сол процестің бізге дейін сақталған элементтері бойынша оған реконструкция жасау мүмкіндігін пайданаламыз. Өткенге көз жүгірте отыра біз сол процестің пайда болу кезеңдерін, оның өрбу жолдарын, дами отыра қандай нәтижеге жеткендігін анықтаймыз. Генетикалық әдісті пайдаланған кезде анықталған кейбір кездейсоқ оқиғалар ретроспективті әдістер бойынша олар кейін болатын оқиғалардың алғышарттары болып шығады. Бұл әдісті пайдаланғанда тарихи процесс жөнінде толық мағлұмат алып, оны жақсы түсіне аламыз. Оқиғаның күні бұрын нәтижесін білгеннен кейін оның даму нәтижесін, немен біткендігін түсінеміз. Мысалы, Қазақстандағы XVII-XVIII ғасырдағы саяси ахуалды біле отыра, оның нәтижесінде Қазақ хандығының өз тәуелсіздігін ерте ме, кеш пе жоғалтатындығын түсінеміз. Қазақ-жоңғар, қазақ-орыс соғыстарының халқымыз үшін қандай нәтижелермен аяқталғандығын біле отыра, Қазақ хандығының өз тәуелсіздігінен айрылу себептерін анықтаймыз. Кейбір жекелеген факті (Әбілхайырдың келісімшарты) мен оқиғалар емес бір-бірімен жалғасып жатқан заңды процестер қазақ елінің орыс отарына айналуына әкеліп соқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет