14.Зерттеу бағдарламасы және тарихи зерттеудің негізгі кезеңдері.
Зерттеу объектісін таңдау және зерттеу міндеттерін анықтау
Кез-келген тарихи зерттеу жұмысының өз объ-ектісі болады. Кейбір тарихшы өзінің зерттеу объектісі етіп өткен заманның белгілі-бір уа-қиғасын таңдап алуы мүмкін. Екінші бірі өз шығармасын тарихи тұлғаның тағдырына ар-найды. Үшіншісін қоғамдық-саяси құбылыстар қызықтыруы мүмкін. Мәдени құбылысқа арнал-ған зерттеулер де жеткілікті. Көп спекторлы, қоғамдағы болған құбылыстарды жан-жақты шешу бір тарихшының немесе тарихшылар табының қолынан келе бермесі белгілі.
Сондықтан зерттеу процесін бастар алдында таңдап алған ғылыми проблеманы шешу жолдарын анықтап алу қажет. Зерттеу объектісі әлі белгісіз. Оларды сұрақтар арқылы белгілеу қажет. Зерттеу мақсатын анықтағаннан кейін, соған жететін міндеттер ретін топтап алу дұрыс. Жұмыс барысында міндеттер қатары өзгеріске ұшырауы мүмкін. Кейбір міндеттер орындалмай, немесе басқа бір міндет пайда болып жатады. Бұл заңды құбылыс-зерттеуші шығармашылық процесінде өз міндеттерін жинақтап, ықшамдап немесе толықтырып отырады.
Ғылыми зерттеу жұмысына қойылатын негізгі талап оның өзектілігі. Тақырыптың өзектілігі бірнеше жағдайларға байланысты. Біріншіден, тақырып таңдағанда оның зерттелудеңгейіне көңіл аудару қажет. Көптеген тарихшылар қалам тартқан, айтыла-айтыла жауыр болған, жазыла-жазыла оқырманды ығыр қылған тақырыпқа қалам тартқан зерттеушінің жаңалық аша алуы талас тудырар мәселе.
Екіншіден, проблеманың өзектілігі сол кездегі қоғамның саяси өмірінің қажеттілігінен туындайды. Мәселен, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекеттік ақпаратты қайта құру процесінде күн тәртібінде тарих тәжірибені пайдалану мәселесі тұрды. Әлеуметтік өзгерістер, құқықтық жүйені ұйымдастыруда халқымыздың тарихында болған тиімді механизмдерді қайта жаңғыртуға итермеледі.
Үшіншіден, тарихтағы ақтаңдақтар, кейбір проблемалардың кезінде біржақты зерттелуі де тарихшылардың қызығушылығын туғызды.
Тақырыптың өзектілігін дәлелдеп алғаннан кейін зерттеушінің алдында тұрған келесі мәселе оның тарихын талдау, зерттеу деңгейін анықтау. Тарихнамалық талдау ғылымға алдына қойған мақсат пен міндеттерді айқындауға мүмкіншілік береді. Ғылыми жұмыстың бұл түрі зерттеушінің қабілетін, ғылымдағы орнын, оның басқа тарихшылар алдындағы адалдығын, зерттеушілік әлеуетінің жоғарылығын ғылыми әдіс-тәсілдерді меңгергендігінің белгісі. Осы жұмысты нақты, үлкен ыждағаттылықпен, тиянақты атқару зерттеу нәтижесін жоғары дәрежеден көрінуіне әсер етеді. Бұл біріншіден. Екіншіден, тақырып бойынша барлық әдебиетті талдау зерттеушіге әлі шешімін таппаған проблемаларды анықтауға көмектеседі.
Жас зерттеушіге берер кеңесіміз өмірден өтіп кеткен тарихшылардың еңбегін жерден алып, жерге салып сынау мәдениетсіздіктің белгісі. Өйткені ол біздің сыныңызға қарсы аргумент айта алмайды. Дегенмен, олар ғылыми тараудан таса қалады деген сөз емес. Кез-келген автордың өзіне дейінгі зерттеушілермен салыстырғанда қандай жаңалықтар ашты, қандай проблемаларды көтерді, қандай тұжырымдар жасады деген сұрақтарға жауап беруге тырысу керек. Мұндай жағдайда тарихилық ұстанымды ұмытпаған жөн.