Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Зерттеудің деректік негіздерін жасау, әдістерін таңдау



бет80/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Лекция тезистері

Зерттеудің деректік негіздерін жасау, әдістерін таңдау

Зерттеу жұмысының жемісті болып аяқталуына бірден-бір әсер ететін фактор – деректер корпусының толықтылығы. Таным объектісін толық ашу үшін әр текті, әр түрлі деректер топтарын пайдалану қажет. Бізге дейінгі басқа ғалымдар пайдаланған деректерді қайта қарастыруға болады. Ол үшін сіз жаңа әдістерді пайдалануыңыз керек. Сонда ғана зерттеуші өзіне дейінгі ғалымдардың назарынан тыс қалған кейбір деректерді көруі мүмкін. Әлбетте, зерттеушінің негізгі міндеті, жаңа деректерді пайдаланып, ғылыми айналымға кіргізуі ғылымға кіргізген жаңалық болып есептеледі. Деректерді табу, оларды инақтау, топтау, талдау және сараптаудың әдіс-тәсілдерін «Деректану теориясы» пәнінде толық айтылады.
Белгілі бір тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын деректердің саны мен сапасын анықтау қиындық туғызары мәлім. Кейде тәжірибесі аз жас зерттеуші өз шығармасын сапасы төмен, ақпараттық мәні жоқ кездейсоқ сорпасы татымайтын деректерді пайдалануға әуес.
Деректердің саны да сапасы да алда қойған мақсатты орындауға бағытталады. Егер деректердің саны да сапасы да төмен болса, жұмыстың мақсатын нақтыландыру керек. Кейде тіпті тақырыпты зерттеуді тоқтата тұру немесе одан бас тартудың қажеттілігі туындайды.
Деректер корпусын дайындап алғаннан кейін тарихшының келер істер шаруасы өзінің зерттеу әдіс-тәсілін таңдауы. Біз жоғарыда тарих ғылымында пайдаланатын жалпылығымен, тарих және нақтылы-проблемалық әдістер жөнінде айтып кеттік. Тақырыпты ашу үшін барлық әдістерді бірдей пайдаланудың қажеті аз. Әрбір зерттеуші тақырыбының ерекшелігіне байланысты пайдасы тиетін әдіс-тәсілдерді таңдаған дұрыс. Қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе шаруашылық тарихына қалам тартқан зерттеуші статистика (математикалық) әдістерді пайдаланса, рухани тарихты қарастыруда тарихи-салыстырмалы, тарихи-генетикалық әдістерсіз қойылған проблеманы шешу мүмкін емес. Әдіс-тәсілдерді таңдауда, әсіресе, жас зерттеушілер көптеген қателіктерге ұрынады. Сондықтан, мұндайда олар ғылыми жетекшінің немесе тәжірибесі бар ғалымдардың көмегіне мұқтаж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет