Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет48/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
2. 
Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын 
болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес 
институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты 
бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» 
реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы 
Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге 
асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және 
жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты 
қадамдар жүзеге асыру көзделді. 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген 
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан 
халқына арнаған Жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор 
тарихи құжат ретінде бағалаХалқымыздың ата-бабадан мұраға қалып, елеусіз қалған бұл 
өсиеті – қазақтың дәстүрі, дәстүрлі дүниетанымы, қазақтың дәстүрлі дүниетанымынан нәр 
алған қазіргі «Мәңгі ел» идеясы. Бұл идеяның түп мақсаты – қазіргі әлемді дағдарысқа 
тіреген рационалды идеяларға балама ретінде қазақ халқының тарих сынынан өткен 
ұлттық дүниетанымын ұлттық, қала берді, барынша гуманистік идея ретінде әлемдік 
идеяға айналдырып, нәтижесінде тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, әлемдік 
қауымдастықтың, барша адамзаттың да бағдары болатын рухани темірқазығына 
айналдыру болып табылады.Мәңгілік Ел идеясы –қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және 
елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына 
негізделген идеология болатынына сенуге болады. 
3. 
«Мәңгілік ел» – Тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан, мыңжылдық мәні 
бар жалпыұлттық, философиялық идея.Егеменді дамудың 22жылында барша 
қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар 
жасалды. Олар көктен түскен жоқ.Бұл құндылықтар- уақыт сынынан өткен Қазақстандық 
жол тәжірибесі. Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы. Екіншіден, 
бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл- зайырлы 
қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға 
негізделген экономикалық өнім. Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. 
Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, бұл- еліміздің 
ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан 
қатысуы. 
Көпұлтты әрі көпдінді Қазақстанның алған асулары мен жеткен жетістіктерінің 
бастауы – бейбітсүйгіш халқымыздың ақ-адал пейілі мен қонақжайлылығы, төзімділігі 
мен еңбекқорлығы, елімізді мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің қазақтың дәстүрлі 
құндылықтарын қадірлеген дос пейілділігі. Сондай-ақ, жүз отызға жуық ұлттар мен он 
сегіз конфессиялық топ өкілдерінің береке-бірлігі жарасып, ынтымақтаса өмір сүруі – 


110 
еліміздің бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы ұтымды саясаты мен ауқымды 
еңбектерінің жемісі. 
Ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы арманы, бүгінгі ұрпақтың ақиқаты болған 
қасиетті тәуелсіздігімізді, елдігімізді сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылу – 
Мәңгілік ел болудың нысаны. Келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін әрқайсысымыз 
ортақ құндылыққа үлесімізді қосуымыз шарт. «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың 
мүддесіне, қоғамдағы тыныштық пен ынтымақтастыққа қызмет ететін, бағыты мен 
бағдары анық жол, бейбітшілік пен келісімді, ұлтaрaлық татулық пен төзімділікті сақтaп, 
сындарлы сәттерден сүріндірмейтін ұлы мұрат. 
4. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мен еліміз мықты, әрі 
жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз 
және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды 
жөн көрдім» деп 2017 жылдың 12 сәуір күні «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты 
мақаласын жариялады. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақаласында қазақстандықтардың санасын 
жаңғыртудың, яғни бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің
салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың
ашықтығы сияқты бағыттары мен таяу жылдардағы алты міндетті атап көрсетеді. 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» 
газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы маңызды да 
игі істердің бастауы болатын құндылықтар жүйесі. «Мен халқымның тағлымы мол тарихы 
мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің 
берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын 
қалаймын» деген Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын 
жаңғыртудың бірнеше бағытын нақтылай көрсетті. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл басындағы халыққа дәстүрлі Жолдауында 
мемлекетіміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басып Қазақстанның үшінші жаңғыруы 
басталғанын жариялаған болатын. Саяси реформа мен экономикалық жаңғыру қолға 
алынды, дүние жүзіндегі ең қарқынды дамыған алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына 
қосылу айқын мақсат. «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни 
одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды 
толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деген мемлекет басшысы рухани 
жаңғырудың тек бүгін басталатын жұмыс емес екенін атап өтті. 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін 
келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада 
сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік 
құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер 
туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің 
айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала 
отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық 
сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. 
5. 
Елбасы мақаланың «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ» 
тарауында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр,
жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен 
дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш 
басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді 
мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын 
бойға сіңіруіміз керектігін» атап көрсете келе,
1. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай 
келмеуі; 


111 
2.Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу.
3. Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың 
маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани 
тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс-
тырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. 
Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың 
көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.
Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген 
ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық 
басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деп, тұтас қоғамның және әрбір қазақ-
стандықтың санасын жаңғыртудың 6 бағытын атап көрсетеді.
6. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 21-қараша күні жария еткен «Ұлы 
даланың жеті қыры» атты мақаласы өзі атап өткендей «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық 
бағдарламасының жалғасы ретінде жарық көрді.Мақалада Ұлы дала елінің бүгінгі 
мұрагері тәуелсіз, бірлігі мен берекелі тыныс-тіршілігі ұйысқан еліміздің әлемдік 
өркениетте алатын орны айқындалған. Қазақстан сан ғасырлық тарихтың ғана емес, 
әлемдік өркениет қазынасына енетін бай мәдени игіліктің иесі екендігін зерделеу, 
насихаттау аса маңызды міндет екені көрсетілген. 
Өз еліңнің ұлттық дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау кез келген 
тәрбиенің негізі болып табылады және ең зор ұлттық құндылығымызды көрсетеді. 
Шыққан тегімізге зор мән беріп қарау арқылы ғана нағыз азаматтар тәрбиелеп, мықты 
мемлекет құра аламыз.Осы жағынан алғанда Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті 
қыры» бағдарламалық мақаласы біздің назарымызды мемлекеттің тарихи мұрасына оның 
тарихи кеңістіктегі өзектілігі мен маңызы тұрғысынан қарауымызға назар аудартады. 
Мақаланың мағынасы тереңде екені сөзсіз. Елбасы бұрынғы «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» мақаласында айтқаны секілді кезекті рет ұлттық тарихымыздың әлемдік 
өркениеттегі орыны мен рөлін бағамдауға шақырады».
Тұңғыш Президент ерекше атап көрсеткен Ұлы даланың жеті қыры әлемдік 
өркениетті құру мен дамытуға септік еткен ұлттық мұра топтарын ұсынады. Жылқыны 
қолға үйрету және жылқы шаруашылығының кейінгі дамуы Ұлы даланың экономикалық 
және технологиялық жарылысқа серпін берді. Ерте заманда-ақ металлургияны, қола мен 
темірді өңдеуді меңгере отырып біздің ата-бабаларымыз әлемдік өркениеттің дамуына зор 
үлес қосты. Көшпенді халықтар айрықша құрылған әскери жүйенің арқасында бірнеше 
ғасырлар қатарынан қарсыластарына өздерінің әскери-саяси артықшылықтарымен 
үстемдікке ие бола білді. 
Ұлы Жібек жолы далалық Еуразиядағы өркениеттің дамуының мықты факторына 
айналды, түріктердің Орталық Азияда өркендеп, гүлденуінде ынталандырушы рөл 
атқарды. Бұл мұра қазірдің өзінде де еуроазиялық аймақ мемлекеттерінің тығыз өзара іс-
қимылын қозғаушы күштердің бірі болып табылады, соның жарқын көріністерінің бірі – 
«Бір белдеу-бір жол» бағдарламасы.
Қазақстан сақтарының материалдық-мәдени мұрасы бойынша көптеген 
ескерткіштердің ашылуы Қазақстан мен Еуразияның іргелес аймақтарының ежелгі 
тарихын қайта құруда зор маңызға ие. Ғылым мен мәдениеттің орталығы болып, Әбу 
Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауилер өмір сүрген және түрлі еңбектер жазған 
ортағасырлық қалалар – бұлар нағыз Ұлы дала жетістіктері. Олар әлем тарихы мен 
мәдениетінің дамуы мен қалыптасуына зор ықпал еткен. 
Ұлы даланың біртуар ойшылдары бейнелерінің галереясы және келбеті орын 
тебетін Отырардың қайта жаңғыруы – бұл біздің мемлекетіміздің дамуының заманауи 
кезеңіндегі абсолютті қажеттілік. Сондықтан Елбасы айтқан Қазақстан тарихын зерттеу 
мен елдің мәдени мұрасын паш етуге бағытталған жаңа, күрделі жобаларды сапалы етіп 


112 
орындау, Ұлы дала елдерінің тарихи рөлін тануға және Қазақстанның рухани-
идеологиялық дамуына септік етеді.Өткен ұлы көшпелі өркениетті нақты тану қазіргі 
заманғы Қазақстанның дамуына қанат бітіріп, ұлттық мұрамыздың барлық маңызын терең 
түсінуіміздің көрінісі болады 
Уақыт тұрғысынан айтылып отырған мәдени жетістіктердің қазақ халқының ұлт 
болып қалыптасуына ықпал етті және олардың осы Ұлы Дала елінде пайда болғаны анық. 
Осының бәрі, әсіресе, оның ішінде тарихи жәдігерлер, өз уақытындағы өркениетті 
дамудың негізгі қозғаушы күші болғанын және технологиялық дамуға айтарлықтай 
септігін тигізген дәлелдер мақалада жан-жақты айтылған. Нақты ғылыми деректердің 
негізінде қазақ тарихының бүкіләлемдік тарихтағы өзіндік ерекше орны бар екенін 
мақтанышпен айта аламыз. 
Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа 
міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен 
мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ Елінің рухани байлығының айшықты белгісі – 
«аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері - «Алтын адам» 
жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын Түркі тарихы, әлемдік 
экономиканың өркенденуіне септігін тигізген - Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ Елінің 
ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи 
жәйт қана емес, сонымен қатар әрбір Қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар болып 
табылады. 
Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, 
насихаттау, әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі. Айтылып өткен мәдени 
құндылықтарымыздың қоғам санасының тарихи жаңаруы үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев 
ұсынып отырған жобалар толықтай жауап беретіні анық. Оның ішінде, ежелгі дәуірден 
қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар 
дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық 
бағдарламасын жасау еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік береді. Түркі әлемі ежелден 
Қазақстанды - күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» ретінде 
мойындайды.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мәдени-рухани 
салаға тың серпіліс әкелді. Бұл – тарих ғылымын жүйелі түрде, жаңаша көзқараспен жазу, 
қазақ даласындағы өркениеттердің мәдени даму үдересіне қосқан үлесін айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет