Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет46/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
5. 
Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 
қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі және 
болашаққа ынталандырушы. Мақалада Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан 
"5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын 
орындаудың практикалық кезеңінің басталғанын еске салады. "Мемлекетті, экономика 
мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне 
енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға 
өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз - ХХІ 
ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады", - деп жазды 
Президент. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық 
арманмен аяқ басқанымызды, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан "2050" 
Стратегиясымен бара-бар екенін және өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес 
институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын 
жасаудан бастағанымызды жазды. Назарбаевтың ойынша, реформалар Қазақстан 
экономикасы жаһандық экономикалық қиындықтардың күшті ықпалын сезініп отырған 
қазіргі кезеңде ерекше маңызды. Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын 
қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге 
бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы кең ауқымды шараларының басты құрамдасы 
ретінде қарастырамыз. 
Бірінші реформа "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа Заң негізінде мемлекеттік 
аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Екінші реформаның мәні тәуелсіз сот 


106 
төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың 
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық 
тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде. Назарбаевтың айтуынша, ауқымды жұмыс 
үшінші реформаторлық бағытқа - индустрияландыру мен экономикалық өсімді 
қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенімен байланысты. Сонымен қатар, бизнесті 
қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-
омбудсмен институты нығайып келеді. Президенттің мақаласында, Ұлт жоспарының 
экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем 
дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастыратыны айтылған. Ұлт 
жоспарының үшінші бағытының темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін 
қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті 
қағидаты бойынша АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып 
табылады. Ұлт жоспарында экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту 
бойынша шаралар қарастырылған. Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және 
энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты. Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия 
сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасына қарай 50 пайызға төмендетуге қол 
жеткізу керек. Назарбаев сонымен қатар, әлеуметтік жаңғыртуды ынталандырушылар, 
реформалар табысы, қоғамға есеп беретін ашық мемлекет, мемлекет функцияларын 
бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру және Ұлт жоспары жөнінде 
жазды.
6. 
Егеменді елдің қалыптасуының кезеңдері, механизм қағидағасы мен 
қозғаушы күштердің дамуы, модернизацияның 3 толқыны, 30 елдің қатарына ену 
мақсатында бағытталған жаңару «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде жан-жақты 
баяндалған.Тарихты жасайтын тұлғалар тағлымы өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет 
етуіне жол ашып қана қоймай, әлемдік өркениеттің дамуына да ықпал етеді. Еліміз 
тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық 
бірлікті нығайтуға, рухани—мәдени жаңғыруға қол жеткізілді. Қысқа мерзім ішінде 
Тәуелсіз Республикамыз Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті 
мәселелердің шешімін тауып, саяси, экономикалық және әлеуметтік—мәдени салаларға 
да реформалар жүргізілді. Қазіргі таңдағы әлемдік қауымдастықты шарпыған жаһандық 
мәселелер елімізді де айналып өтпесі анық. Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің 
«Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 
Қазақстан халқына Жолдауында еліміз бен өңіріміз үшін он негізгі сын-қатерді бөліп 
көрсеткен болатын.Елбасымыз осы он қатерді көрсете отырып, жаһандану жағдайында 
рухани құндылықтардың маңызы туралы: «Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелер 
экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп 
отырмыз. 2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғамы болуға тиіс», – деп 
шегелеп көрсетті. Қазақ зерттеушілерінің қазіргі алдында тұрған міндет те жаһанданудың 
тәуелсіз мемлекетімізге әсері, оның экономикалық және саяси қауіпсіздігі, халықтың 
этномәдени дәстүріне жағымды және жағымсыз әсерлерін мұқият талдау болып табылады. 
Адамзат баласы рухани тығырыққа тіреліп, әлемдік қауымдастық жаңа 
қатерлермен бетпе-бет келіп, дінаралық, ұлтаралық қатынастардың маңызы артқан тұста, 
халықты идеялық тұрғыда біріктіретін, басталған реформаларды ары қарай табысты түрде 
жүргізетін, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтап қалатын идеяларға қажеттілік 
артып отыр. Тарихта өткен талай мемлекеттердің түбіне жеткен зобалаңнан аман қалып, 
өзіндік ерекшеліктерге ие дәстүрді сол жаһанданудың алапат дауылына ептілікпен қарсы 
қоя білу – біздің мемлекетіміздің мәңгілігінің кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет