Лекция. Зерттеу үрдісінің құрылысы мен мазмұны Жоспар



бет3/30
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#59022
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
stud.kz-57475

Талдап қорыту - көптеген біріңғай заттар мен қүбылыстардың жалпы белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу - бір затты немесе қүбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу үдерісі. Дәріптеушілік - дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік үдерісі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмүнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе, материалдық объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол. Ұқсастыру әдісі. Ұқсастық (Аналогия; грек. апо1оgіа - сәйкестік) - зат немесе құбылыстар арасындағы ұқсастық, екі заттың немесе қүбылыстыңортақ қасиетін түйіндеу, ой қорытынысының бір түрі, бір заттың қасиеттерін басқаларға ұқсастығы негізінде анықтау. Ұқсастық - эмпирикалық және теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдістерінің бірі. Ұқсастық негізінде ой қорытындысын жасаған кезде қайсібір объектіні қарастырғанда алынған білім неғұрлым аз зерттелген затқа жалғастырылады. Бұл эмпирикалык жэне теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдістерінің бірі. Оқыту ісіндегі ұқсастық зерделенетін заттар мен құбылыстар арасындағы қайсыбір тұрғыдағы ұқсастықты анықтау болып табылатын педагогикалық әдіс; сондай-ақ оқыту үдерісінің танымының басқа әдістерін пайдалану мүмкін болмағанда қолданылатын қажетті элементі. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады Е. М. Муравьев пен А. Е. Богоявленская педагогикалық зерттеу әдістерінің мынадай схемаларын ұсынды. Әдебиетке салыстырмалы-тарихи талдау жасау әдісі әдебиет мәселелерін, оның тарихын зерттеуді көздейді, бұл ретте барлық көзқарастарға талдау жасалады. Ең алдымен ғылымда бұл мәселе жөнінде не жинақталғанын оқып зерделеу қажет (негізгі ғылыми идеялар, ғылыми зерттеулердің негізгі принциптері, т.с.с). Бұл үшін зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті ұқыпты түрде таңдап алу керек, бұған бірінші кезекте көңіл бөлген жөн. Барлық әдебиетті мынадай өлшемдер бойынша талдау қажет: -әр түрлі ғалымдар мәселенің мәнін, зерттеу мәселесін қалай
түсінген; -зерттеу субъектісіне кандай анықтама берген, қандай бел-
гілерді мәнді деп санаған, т.с.с; -белгілі бір ғалымның пікірінше, осы мәселенің мәні неде,
оны немен түсіндіруге болады; -осы мәселенің жалпы ғылым жүйесіндегі, оқыту (тәрбие)
теориясындағы, тәжірибедегі орны қандай; -осы құбылыстың басқа да төркіндес құбылыстармен негізгі
және жанама байланысы қандай? Ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа үдеріс, осы немесе басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді; зерттеліп отырған үдерістің құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай? Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдарымен аяқталады. Бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін істелген істің барлығына сыни түрғыдан баға беру, оған өзінің субъсктивтік көзқарасыңды білдіру қажет. Қолдағы эдебиетке сыни түрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасыңа емес, логикалық, құрылымдық, фактологиялық тал-дауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікірталастыру, айтысу үшін осы мәселе бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті. Мәселе бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы мынада: яғни, ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлеледеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет