Педагогикалық ғылымның жетістіктерін енгізу және озат тәжірибені тарату Жаңа енгізілімдер немесе инновациялар адамның кез-келген кәсіби қызметіне тэн, сондықтан олардың зерттеу, талдау жэне енгізу нышанына айналуы заңды. Инновациялар өздігінен тумайды, олар жекелеген мүғалімдердің жэне бүтін бір үжымдардың ғылыми ізденістерінің, озат педагогикалық тэжірибесінің нэтижесі болып табылады.
Қазіргі технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне енгізумен бірге мүғалім барған сайын нүсқаулықтың, кеңесшінің, тэрбиешінің функцияларын меңгере түседі. Бүл одан арнайы психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет етеді, өйткені мүғалімнің кэсіптік қызметінде арнайы, пэндік білімдер ғана емес, сонымен бірге педагогика мен психология, оқу жэне тэрбие технологиясы саласындағы қазіргі заманғы білімдер де іске асырылады. Осы негізде педагогикалық инновацияларды қабылдауға, бағалауға жэне іске асыруға дайындық қалыптасады.
Педагогикалық жүйелерді қайта күру (реформалар, инновациялық өзгерістер, қалыптасқан тэжірибені өзгерту, оқу мен тэрбиенің дэстүрлі үлгілерін қайта құру) эдіснамалық үста-нымдардың көп астарлы үйлесімдеріне бағынады. Бүл ретте барлық қайта құру эрекеттерінің әдіснамалық директивалары оларды іске асыруға бағытталған. Өйткені тэжірибе, педаго-гикалық еңбекті жаңартуға қойылатын эдістемелік талаптарды басшылыққа ала отырып, өзінің іс-әрекетін қайта күру мэселесін шешеді. Әдіснама талаптарына сүйене отырып, ол педагоғикалық жүйені жақсы жағдайға көшіруді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйедегі бірде-бір реформа, қайта қүру, оларды эдіснамалық жағынан қамтамасыз етпейінше, яғни педагогика әдіснамасы-ның директиваларын бүлжытпай сақтамайынша, табысқа жете алмайды.
Реформашылар, білім беру қүрылымдарының басшылары, жаңашыл мүгалімдер мен жаңа педагогикалық эзірлемелерді жасаушылардың біразы басшылық алуға тиісті принципті эдіс-намалық нүсқамалардың қүрамына кіреді. Әрбір әдіснамалық нүсқаманың, яғни жогарыда айтылғандай, директиваның өз тех-нологиясы бар, оны орнықтыру үшін біраз күш-жігер жүмсау қажет.
1. Өлшем аппаратын және реформалауға жататын педагоги-
калық жүйе жағдайының өлшеуіштерін әзірлеу.
Бүл талаптың мэнісі өлшеуіш қүралдарды алдын-ала әзірлеуді көздеуінде, соның көмегімен педагогикалық қүрылымды, іс-эрекетті, басқаруды ауыстырудың немесе түзетудің қажеттігіне сену үшін, олардың тиімсіздік дәрежесін анықтауға болады.
2. Педагогикалық жүйені реформалаудың қажеттігін анықтау
үшін оның сапасын жан-жақты тексеру және бағалау,
Бұл әдіснамалық талаптың қисыны айқын. Пайдалы нэрсені, оқушылардың мүддесі мен игілігіне сәйкес келетін, қоғамның жэне әрбір азаматтың мүддесіне жауап беретін нэрсені өзгертуге, бүзуга, ауыстыруға болмайды, педагогикалық үдерістің талаптары осындай.
3. Озық сипатқа ие педагогикалық шешімдердің үлгілерін іздестіру ескіні, тиімсіз нэрсені ауыстыруга келген жаңа енгізілімдерді үлгілеу үшін де пайдалануы мүмкін.
Бүл әдіснамалық талаптың магынасы - отандық және әлемдік тәжірибедегі озық педагогикалық технологияларды кең көлемде және мүқият талдау арқылы прогресшіл үлгілерді, жаңа педагогикалық күрылғылар жасауға болатын қүрылыс материалын іздеп табу.
4. Ғалымдардың шығармашылық шешімдері сақталған
ғылыми бөлімді жан-жақты талдау.
5. Педагогикалық жүйенің жаңарған учаскесінің инновациялык үлгісін жобалау.
Жаңа енгізілімнің жобасы нақты тапсырмалармен жэне оның өзі алмастыратын жүмыстың дәстүрлі нүсқаларынан айырмашылығы бар қасиеттерімен бірге жасалады.
6. Реформаның атқарушылық интерпретациясы - педагогикалық қүрылымды қайта құру әдіснамасының келесі нұсқамасы.
Оны мынадан көруге болады: көптеген жаңа енгізілімдер өздерінің жобалау жэне енгізілу кезеңдерінде міндеттерді қатаң бөлісуді қажет етеді. Соның арқасында кімнің не үшін жауап беретіні, оны қандай қүралдармен қамтамасыз ету қажеттігі, қайта күрулардың барысын бақылау жэне түзеу функциялары кімге тиесілі екендігі, сэтсіздіктің себебін кімнен сүрау керектігі, жалпы түсінікті болуға тиісті.
7. Еңбекті өзгертудің белгілі заңын іс жүзіне асыруды пы-
сықтау.
Педагогика эдіснамасының бүл талабы жаңа енгізілімдерді өмірге енгізгеннен кейін оған тікелей немесе жанама түрде қатысы бар адамдардың тэжірибелік, танымдық, басшылық іс-эрекеттеріндегі өзгерістерді өте жіті пысықтауды талап етеді.
8. Жаңаны өмірге енгізудің алгоритмін күру.
Жаңаны эдеттегі педагогикалық қызметке енгізу мэселені инновациялық үдерістерді басқарудағы өте күрделі міндеттердің бірі. Әлемдік педагогикалық тэжірибе өте тартымды, мүғалімдер үшін өте пайдалы жаңалықтардың өзі қарсылық көргенін толып жатқан мысалдар арқылы дэлелдей алады. Жаңа енгізілімдерге деген теріс көзқарастардың өзіндік психологиялық факторлары, оның ішінде гомоестаз, таптаурындар тетіктерінщ, жүмыстың ескіден жаңаға көшу кезіндегі уақытша түрақсыздануының эсері жэне басқалар бар. Педагогика эдіснамасында ғылыми зерт-теулердің нэтижелерін өмірге енгізу үдерістерінің жалпыланған алгоритмдері әзірленген. Олардың мынадай түрақты түрлері бар: жаңартылуга немесе ауыстырылуға жататын қатысушыларды, іздеуге арналган тэжірибені талдау; жаңа енгізілімдерді енгізу кезінде педагогикалық қызметтің жақсаруын өлшеу үшін оны бағалау өлшемдерін эзірлеу; үздік мүғалімдердің жаңаны алғаш меңгеру багдарламасын эзірлеу, жаңалықтарды бэріне үйрету, жаңаша жүмыс істеуге жайлап немесе бірден көшу, салдарлар мониторингі жэне жаңа енгізілімдерді күнделікті тэжірибеге ай-налдыру үшін түзетулер енгізу.
9. Кәсіби лексикаға жаңа үғымдар енгізу немесе бүрынғы
кәсіби сөздікті қайтадан ой елегінен өткізу.
Жаңа енгізілімдерді басқарудың эдіснамалық нұсқамаларының бірі кәсіби тілді түзеу талаптары болып табылады. Тілде жэне практикада жаңа үғымдардың пайда болуы, сөз жоқ, педагогикалық ойлаудың негіздеріне әсерін тигізеді, үғымдық дүниетанымды кеңейтеді жэне педагогтардың тілін ғылым мен тәжірибеде бұрын-соңды болмаған ұғымдармен байытады. Мүндай үдерістер ғалымдардың жаңа педагогикалық компоненттерді білдіретін терминдерді енгізуіне қарай өтеді.
Ғалымдар терминологияны жасаған кезде оны тілдік қол-данысқа енгізу үшін бірнеше принциптерді: диалект логикасын, тілдегі педагогикалық фактілерді көрсету теориясын, ковен-циалдылық принципін басшылыққа алады.
10. Педагогикалық жүйені жалған жаңашылдықтан қорғау-педагогика эдіснамасының аса маңызды ережелерінің бірі. Ғаламдық жэне оқшау, үжымдық жэне дербес педагогикалық қайта қүруларды үйымдастырушылар, педагогика әдіснамасының нүсқамасы бойынша мақсаткерлік және жаңа енгізілімдердің ақталымы принципін үстануға міндетті.
Білім берудегі инновациялық үдерістертің мәнін түсінудің негізінде педагогиканың аса маңызды екі проблемасы - озық педагогикалық тэжірибені зерттеу, қорыту жэне тарату, пси-хологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерін өмірге енгізу мэселесі жатыр. Демек, инноватика пэні, инновациялық үдерістердің мазмүны мен тетіктері қазіргі кезге дейін эзірше бір-бірінен бөлек қаралатын екі өзара байланысқан үдерісті біріктіру жазыгында жатуға тиесілі, яғни инновациялық процестердің нэтижесі теориялық та, тэжірибелік жаңалықтарды, оның теори-ямен үштасуында пайда болатын жаңалықтарды да пайдалануға тиісті. Осының бэрі педагогикалық жаңалықтарды жасау, меңгеру және пайдалану жөніндегі қызметті басқарудың маңыздылығын көрсетеді.
Мұғалімнің кәсіби қызметі - бүл білім беру қызметі. Бұл салада қолданылатын кәсіпқойлық термині әдетте білім беру қызметінің негіздерін меңгеру жэне ғылым мен тәжірибеде белгілі ұйымдастыру нысандарын, әдістері мен тәсілдерін оңтайлы қолдану ретінде түсіндіріледі. Алайда бұл алғашқы деңгей, оны қалыптастырудың бастапқы кезеңі ғана.
Екінші деңгейде сабақта қызметтің белгілі тәсілдерімен қатар педагогикалық міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін пайдалану дайындығын қалыптастыру міндеті қойылады. Бұл сатыда педагог өз қызметін жаңашылдық бағытта жүргізуге мүмкіндігі бар. Тәсілдер мен әдістердің тепе-теңдігі, оқу-тәрбие мекемелерінің және білім алу нысандарының әр түрлілігі жағдайында жаңашылдықты педагогикалық кәсіпқойлықтың белгісі ретінде тануға болады. Өйткені мұндай жағдайда мұғалім педагогикалық нормаларды жай ғана орындаушы болып қалмайды, оның қызметі едәуір дәрежеде жаңашылдық сипатқа ие болады.
Кәсібилікті қалыптастырудың үшінші деңгейі мүғалімнің бойында жаңашылдық тәсілдерді, идеяларды тудырып қана қоймай, қолдануга және енгізуге үсыну үшін олардың тиімділігін ғылыми түрғыдан багалауға байланысты болмақ. Бүл жерде ғы-лымның көмегінсіз ештеңе тындыру мүмкін емес, өйткені одан оқшауландырылған жаңалықтардың болашағы жоқ, мүғалімнің нақты қызметіне, оның жеке басына, оның жүмыс жағдайына эбден «бауыр басып кеткендіктен», жалпылық дәрежесіне жете алмайды.
Инновациялардың тууының екі жолы бар. Біріншісі - тэжіри-бенің терең қойнауынан, педагогикалық ғылымның үғымдары мен терминдерінен пайда болған жаңаны ой елегінен өткізу, екшшісі - жаңаның ғылымның өзінен тууы. Кейде бұл жолдар тоғысады. Мысалы, кейде педагог - практик жаңа қорытындылар мен іс-эрекеттерге, олардың ғылымда бүған дейін эзірленіп, үсынылғанын білмей, өз бетінше келеді. Әрине, өмір оның проб-лемаларын ғылым шешіп бергенше күтіп түра алмайды,бірақ та мүғалімнің нағыз кэсіпқойлыгы сонда, ол соңғы зерттеулердің нэтижелері туралы үнемі хабардар болуға тиісті.
Енгізілімнің барысын жэне нэтижелерін эдістемелік жү-мыстың эр түрлі нысандарында жэне арнайы семинарларында үжымдық талдаудың үлкен маңызы бар.
Қазіргі мектеп нақты педагогикалық қызметте іске асырылуға тиісті бай педагогикалық тэжірибе жинақтады, бірақ та ол онша көп талап етілмейді. Өйткені мүғалімдер мен басшылардың көп-шілігінде сол тэжірибені зерттеу мен қолдануға деген қажеттілік қалыптаспаған, оны таңдау мен талдау дағдылары жоқ. Нақты өмірде мүгалімдер өздерінің педагогикалық тэжірибесін, өз әріптесінің тэжірибесін талдаудың қажеттілігі туралы көп ойланбай-ды.
Озық педагогикалық тәжірибенің эртүрлілігі эмпирикалық талдаудан теориялық талдауға жэне жалпылауга өтудің өзіндік баспалдақтары іспетті жаңашылдық жэне зерттеушілік педаго-гикалық тэжірибе болып табылады.
Педагогикалық тэжірибенің нэтижесі ретінде ақиқат өлшемі болып табылады: ол белгілі бір жаңа енгізілімді не растай-ды, не жоққа шыгарады. Бүл тэжірибе эдетте педагогтардың шыгармашылық ізденістерінің жемісі болып табылады, оган шығармашылық, жаңашылдық жэне сонымен бір мезгілде дэстүрлі бастаулар да қүйылады.