5-лекция. Озат педагогикалық тәжірибені зерделеу және жинақтау. Жоспар: 1.Озат педагогикалық тәжірибе туралы білімінің құрылымы мен мазмұны. 2.Озат педагогикалық тәжірибе түрлері Қазіргі заманғы мектепте педагогикалық қызметте асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшылықта ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен таңдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді, өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогмкалық қызметтің жаа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен тәжірибенің қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады. Озық педагогикалық тәжірибенің жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субьективті факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесімен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет. Жаңашылдық пен педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И.П.Волков, Т.И.Гончаров, И.П.Иванов, Е.И.Ильин, В.А.Кериновский, С.П.Лысенкова, Р.Г.Хазанкин, М.П.Шетинин, П.М.Эрдинов, Е.А.Ямбург және т.б. ғалымдар пен педагогтардың тәжірибелері мұғалім қауымына көп көмегін тигізеді.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі- психологиялық- педагогикалық зерттеулердің нәтижесін және педагогикалық қызметтің тәжірибесін ендіру. Педагогика пен психология бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақтылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкерлеріне белгісіз болып қалып отыр. Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін тәжірибеге енгізу үшін қызметкерлер алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асыруды, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін тәжірибеде қолдануға деген қажеттілігі анықталғандығы жайында В.Е.Грурман, В.В.Краевский, П.И.Керташева, М.Н.Скаткин және басқа ғалымдардың арнайы еңбектерінде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік әдістемелік көмек көрсету арқөылы бұл ғылыми ұсыныстарды іске асыру мен тәсілдерін игеруге болады.
Осыған байланысты жаңа педагогикалық идея мен технологияның насихатшысы және таратушысы кім болады деген сұрақ туындайды. Жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары немесе оқу ісінің меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс.
Бұндай топты құрудың қажеттілігі бірқатар жағдайларға байланысты. Біріншіден, педагогикалық жаңалықтың немесе түбірлі педагогикалық идеяның, технологияның авторы, оның құндылығы мен перспективалығын аңғара бермейді.
Екіншіден, қосымша уақыт және т.б. қажет етеді деп ол өзінің идеясын іске асыруға көбіне құлшына кіріспейді.
Үшіншіден, жаңалық автордың баяндауында жүйелі ғылыми және әдістемелік негіздеме таба алмауы мүмкін.
Төртіншіден, автор инновациясы және оны іске асыру жолдары туралы баяндалғанда өзінің немесе әріптестерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты мұғалім-әріптестері тарапынан «кері тебу» реакциясына тап болуы мүмкін.
Бесіншіден, аталған топтың функциясы идеяны іске асырумен шектелмейді, сонымен бірге оны талдау және түзетумен де айналысады.
Алтыншыдан, бұндай топ педагогикалық мониторинг қызметін атқарады отандық және шетелдік баспасөз материалдары және жоғары оқу орнынының тәжірибесі бойынша жаңа идеялар, технологиялар жүйелі түрде талдап, іріктеп отырады.
Педагогикалық жаңалықты тәжірибеге енгізу қызметін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның дербес шығармашылық мүмкіндіктеріне ынталандырып, қабілетін дамытуға қолайды жағдай жасайды. Осылайша меткеп жағдайында педагогикалық инновацияны жасаушылар мен насихаттаушылардың күші біріктіріледі. Нақты тәжірибеде инновациялық үдерістердің сипаты алынған нәтиженің мазмұнымен, енгізілуге тиісті жаңалықтың маңыздылығымен, сол сияқты практиктердің инновациялық қызметіне дайындығының деңгейімен ерекшеленеді.
Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайданалуды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі. Инновацияның негізгі критерийі педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық үдеріске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальді-абсолютті, шартты, субьективті, танымдық деңгейі және қолдану аймағы. Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығынымен қолданған тәсілінің тиімділігін анықтайды. Әр түрлі мұғалімдер әр түрлі еңбек жағдайымен бөлек оқушылар ортасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесінде педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның иптималдылығын білдіреді. Нәтижелік инновацияның критерийі ретінде мұғалім қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді, өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа әдістің маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады.
Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критерийі ретінде қарастырылады. Шындығында, құнды педагогикалық идея немесе технология шартты ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкінділігі шектеулі болса, онда біз педагогикалық жаңашылдық туралы айта алмас едік.
Бұқаралық педагогикалық тәжірибеде қолданудың бастапқы кезеңі жекелеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызметіне негізделгенімен олар сыннан өтіп, обьективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған критерийлерді білу және педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз қалайды.
Арнайы әдебиеттерді және мектеп қызметінің тәжірибесін талдағанда оқу орнының жұмысында педагогикалық жаңалықты тәжірибеде қолдануға белсенділіктің төмен екендігін аңғарамыз. Ал осындай педагогикалық инновациялардың іске асырылмай қалуының ең кем дегенде екі себебін анықтауға болады. Бірінше себеп, инновацияның қажетті сараптама мен сыннан өте бермейтіндігі. Екінші себеп, педагогикалық жаңалықты көбіне ешқандай алдын ала ұйымдық, техникалық, ең бастысы, психологиялық қатынастар тұрғысында дайындықсыз енгізіледі.
Педагогикалық инновацияның мазмұны мен критерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың әдіс-тәсілін меңгеру жеке мұғаліммен бірге оқу орнының жетекшісіне де енгізуді обьективтә бағалау мен болжауға мүмкіндік береді. Мектептерде жоғарының нұсқауымен енгізілген инновациялық жаңалықтар қысқа мерзімде ұмытылып кетеді немесе бұйрықпен тоқтатылады.
Осы сияқты жағдайлардың негізгі себептерінің бірі- мектептің инновациялық ортаның ұйымдық, әдістемелік, психологиялық сипаттағы оқу үрдісінде инновацияны енгізуді қамтамасыз ететін кешенді шаралардың болмауы. Бұндай инновациялық ортаның болмауы мұғалімдердің әдістемелік тұрғыдан дайынсыздығын, оларда жаңа енгізілімнің мәні туралы мағлұматтың аздығынан байқалады. Ал қолайлы инновациялық орта педагогикалық ұжымда мұғалімдердің жаңа енгізілімге «қарсылық» коэффициентін төмендетеді, кәсіптік қасаңдықты жоюға көмектеседі. Инновациялық орта мұғалімдердің педагогикалық инновацияға қатынасынан нақты көрініс табады.
Озық педагогикалық тәжірибе дегеніміз, қоғамдық педагогикалық қызметтік бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыру деген сөз. Озық педагогикалық тәжірибе оқушыларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан тәрбиелеу қарау және технологиялардың бастауы.
Озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды. Озық педагогикалық тәжірибеның екі түрі бар:
А) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;
Ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру ықзметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері ме құралдары, т.с.с. өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.
10. Озық педагогикалық тәжірибенің критерийлері:
-Жаңашылдық-белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;
- жоғары нәтижелілік;
- ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік;
- тұрақтылық;
- тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі.
-тәжірибенің оңтайлылығы;
-көкейкестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;
-оптималдық;
- бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.
Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру, тәрбие тәжірибесі, яғни оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі мақсатпен ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс.
Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі- бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.э
Озық педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада Озық педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық тәжірибе беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесіндегі жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озық тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Озық педагогикалық тәжірибеның тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп тарату керек. Ал бұл оңай емес, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қоданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін нжан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі - қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озық педагогикалық тәжірибеның екінші белгісі- педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім»-оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
-оқушылардың бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;
-өз беттерімен білім ала білуі;
-білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қоддануы;
-оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудың, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзеиулер енгізуінен көрінеді.
Оқушылардың тәртібі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады.
Озық педагогикалық тәжірибенің үшінші белгісі- оқу, тәрбие, тұрақты жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озық тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық- озат педагогикалық тәжірибенің төртінші белгісі.
Озық педагогикалық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтармен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу обьектісі, фактілер мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудың негізгі көріністерінің бірі. Сондықтан педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысының үнемі дамыту мен жетілдіру де үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгігі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерінде терең зерттеп, өз ісінде пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде, мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір нақта жолдары іске асырыла бастады. Олар: мұғалімнің өз тәірибесін өзі зерттеп жинақтау; Педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; Бір педагогикалық тақырып бойынша бернеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; Жаңашыл мұғалімдердің озық тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласында орын алып отырып тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқу мен тәрбие тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау ісі- әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу тікелей мұғалімнің өзіне байланысты. Мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байланысты басты мәселелерді таңдап алады да, олардың тиімділігін сабақтың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең зерттейді. Зерттеу материалдарына талдау жасап, қорытындысын дәптеріне үнемі жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтижесінде мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиімді қорытынды жасайды.
Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте-бірте жинастыра бастайды. Оларға: сабақ жоспары, бағдарлама тақырыптары бойынша жасалатын тақырыптық перспективалық жоспар, оқушылардың жазба бақылау және кестелік жұмыстары, дәптерлері, сынп жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, жүйеге келтіріп жинақтайды. Әрине мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап жазып шығуы оп-оңай жұмыс емес, оған уақыт қажет.
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми-практикалық конференциясында талқылайды, құнды деп тапса, аудандық «Педагогикалық оқуларға» ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнің бұл шығармашылық еңбегі бірте-бірте облыстық, республикалық талқыларға өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.
Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау- озық тәжірибенә кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пән бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлеріне өтеді:
1. Іс-тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің өзімен, сабақ беретін сыныптардағы сынып жетекшілерімен оқушылардың үлгерімі және тәртібі, олардың қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы және белсенділігі туралы әңгіме жасалады. Зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.
2. Оқу-тәрбие жұмысына байланысты соңғы 2-3 жылдардың ішіндегі құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып журналы, оқушылардың дәптері, мәнжазбалары, техника және көркем шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемедік және педагогикалық тақырыптарға жасаған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары және басқа да еңбектері.
3. Алдын-ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып, бақылау жүргізеді.
4. Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе тәрбие жұмыстарына қатысып, олардың іс-нәтижелері тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.
5. Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұсақ тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.
Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін тікелей зерттеу басталады. Зерттеу жұмысы өте құнды болса, ғылыми зерттеу институтының жазба пікірі бойынша «Педагогикалық оқуларға», егер көлемді болса баспаларға жариялауға ұсынылады.
Соңғы кездерде көптеген педагогикалық ұжымдардың аса көңіл аударып жүрген мәселелерінің бірі – оқу мен тәрбие бірлігі,, пән аралық байланыс, сабақтың тиімділігін арттыру т.б. Осы сықылды жалпы педагогикалық тақырыптар бойынша бір-бірімен тектес пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін зерттеп жинақтауға болады.
Соңғы жылдары біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық тәжірибесі, педагогика шеберлерінің және белгілі ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады. Көптеген құнды педагогикалық еңбектер жазылды. Олардың авторлары профессорлар Ш.А.Амонашвили және П.И.Иванов, мұғалімдер В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, М.П.Щетинин т.б. Осы авторлардың әрқайсысы оқу тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. Ш.А.Амонашвили кіші мектеп жасындағы балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайтын мектеп практикасында алты жастағы балалармен жұмысты ұйымдастыру принципі жағдайын ғылыми дәлелдеді. И.П.Иванов қазіргі жағдайда А.С.Макаренконың идеясын дамыта келіп, ұжымшыларды қалыптастыру мен тәрбиелеудің, қоғамдық балалар ұйымдарына әлеуметтік өмірді жетілдірудің жолдарын ашты. В.Ф.Шаталов педагогикалық міндеттерді табысты шешу үшін әрбір оқушыны күнделікті ақыл-ой еңбегіне бар күшін салуға қатыстыру, әрбір оқушының абыройын, өз бетәмен және шығармашылық іс-әрекеті негізінде оқушылардың даму қабілетін және бейімділігін анықтауға байланысты сыныптан тыс жұмыстың белгілі жүйесін жасады. Бұл кіші мектеп жасындағы балалармен шығармашылық сабақ өткізіп, олардың нышаны мен қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызады. Білім беру саласында қажырлы еңбек етіп, үлес қосқан республикамыздағы жаңашыл мұғалімдерді де атап өткен жөн. Олар: Құрмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев, Нұртазина Рафика Бекенқызы, Архимед Мыңбайұлы Ысқақов, Григорий Максимович Курбатов, Қанша Бітібаева, т.б. Бұл мұғалімдердің мдеялары және педагогикалық тәжірибелері қысқа түрде Б.Р.Аймамбетованың еңбегінде жазылған Мұғалім озық педагогикалық идеяларды және жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін игеру үшін оларды өзінінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойынынынң элементін енгізеді. Озық идеяларды және педагогикалық тәжірибені енігзу мен таратудың түсінікті формалары- ауызша және баспасөз арқылы насихатталады. Ауызша насихат- бұл мектептердің педагогикалық кеңестерінде, акдандық әдістемелік кабинеттерінде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық тәжірибе туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді Баспасөз насихаты- бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік үсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озық тэжірбиені таратуда, оны түтас педагогикалық процеске енгізуде, эсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы ете зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нэтижесінде ұжымдық түрде талқыланған жэне мақүлданған жақсы тәжірбие оқу мен тэрбие процесіне енгізу үшін жинақталады жэне таратылады.
Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-тәрбие ж9мысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада тыңғылықты игеру қажет.
Педагогикалық озық тәжірбиені пркатикаға негізудің кейбір жолдары:
1. Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалық әдістер, жақсы тәжірбиелер жетістіктерін насихаттаудан бастау Оларды мүғалімдердін кең талқысына салып, ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.
Педагогикалық озық тәжірбиен терең зертеу және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне (бір-екі бастауыш сынып мүғалімдеріне, бір-екі жоғары сынып пән мүғалімдеріне) тапсыру керек. Олар әдістемелік пэн бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Мектеп дирекциясы эдістемелік кеңеспен бірлесіп зерттеу жүмысына басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсынбаларды жинақтайды, оны педагогикалық кеңесте мүғалімдерге хабарлап отырады.
Әрбір мүғалімнің зерттеу жүмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың оқу-тәрбие жүмысына белсенділікпен қатысуына болады.
Озық тәжірибе педагогикалық практикада өз орынын берік алғаннан кейін, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу қорытындысын жасау, оны мектеп мүғалімдерінің, сонан соң кең түрде педагогикалық жұртшылықтың талқылауынан өткізу қажет.
Көптеген өмірлік маңызы бар күрделі мэселелерді терең зерттеп, жинақтау жеке адамның немесе кейбір мектеп ұжымдары-ның қолынан келе бермейді. Сондықтан зерттеу жүмысының тақырыбын және тақырып бойынша эксперимент жүргізудің ғылыми-әдістемелік нүсқауларын жасап, мектептерге жіберіп және оларға үнемі басшылық етіп отыратын педагогикалық ғылыми-зерттеу мекемелері болуы тиіс.
Ғылыми-зерттеу институттары мектептерде оқу бағдарла-маның, оқулықтардың тиімділігі, оқыту мен тэрбиенің форма-лары мен эдістері жэне гипотезаларды, тың теориялық ойларды эксперимент жүргізу жолымен анықтайды, тиісті қорытынды жасап, педагогикалық жүртшылықтың игі ісіне айналдырады.
Сонымен, іздену арқылы басты мэселелерді жете біліп, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру оқу жэне тәрбие жұмысының онан эрі жақсарта берудің сарқылмас көзі. Бұл жұмысқа мұғалім жұртшылығы белсенділікпен қатысып, зор үлес қосуға тиіс.
Мүғалім еңбегі басқа қызметкерлермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығарамашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау -мүғалімдерді көп ізгілендіріп, ойландыратын жүмыстардың ең басты түрі. Олай болса, эрбір мүғалім орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тэрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жүмысында пай-аланып отыруы тиіс. Сонда ғана мүғалім жаңашыл, оқушыларға тэрбие және білім берудің теориясы мен тэжірибесін дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Мүғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы оңайдан қиынға, жеңілден ауырға, нақтылы түсініктен абстрактылы үғымға біртіндеп ауысу ережелерін жэне окушылардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша оқу жэне тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мүғалімнің алдындағы басты міндет оқушыларды біліммен қаруландыра отырып: ой-лауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету жэне тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет етеді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе-күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сэйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тэрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша институт бітірген инжинерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мүндай жағдайды болдырмау үшін мүғалім үнемі ізденіп жүмыс істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы эдебиеттер мен пэндік журналдарда жарияланатын тың мэселелермен таныс бо-луы, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып үлес қосуы ой-өрісін кеңейтеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тэжірбиені заман талабына сай меңгеру - оқушыларға білім мен тэрбие берудің негізгі көзі.
Педагогикалық үдерісте озық тэжірибе кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені терең білім мен тэрбие беру, педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау жэне таратудың нэтижесі, мүғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.
Психология ғылымдарының докторы, профессор Ш. А. Амо-нашвили 20 жылдан астам алты жастағы балаларды оқыту жэне тэрбиелеу мэселелері жөнініде зерттеу жүмысын жүргізіп, бастауыш сыныптар мүғалімдері үшін
«Как живете, дети?», «Здраствуйте, дети!» атты қүралдарын жазды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.П. Иванов ресейдің біраз мектептерінде коммунар әдісін қолданудың тиімді жолдарын іздестіруде.
Жаңашыл мүғалім В. Ф. Шаталов оқыту үдерісіне біраз жаңалықтар енгізді. Мысалы: « Ашық ойлар сабақтары», «Десант эдісі», « Тізбек эдісі», «Тірек сигналы» жэне т.б.
Қазақстанда мыңдаған мүғалімдер оның ішінде жаңашыл шығармашылықпен жүмыс істеп жүрген үстаздар да көптеп саналады. Олардың қатарында Алматылық жаңашыл мүғалім А.Ысқақовты, Актөбелік М. Г. Қүрманғалиеваны, өскемендік Қ. Бітібаеваны т.б. көптеп атауға болады.
Осындай шығармашылықпен еңбек етіп, оқыту мен тэрбие мэселелеріне елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мүғалімдердің іс-тэжірбиесі мектептер үшін зор сүйеніш.
Кейбір педагог-ғалымдардың зерттеу мэліметтері бойынша шыгармашылық түрғыдан педагогикалық міндеттердің үш түрін атауға болады.
Стратегиялық (стратегия - қандай болса да мақсатқа жетудің басшылық өнері) міндеттер үзақ уақытты талап етеді. Мысалы, мүндай міндеттерге жеке адамның дамуы, тэрбиесі, қалыптасуы, оқушыларды өмірге еңбекке жэне олардың өзара қарым-қатынасы жэне т.б. жатады.
Тактикалық (тактика - қандай болса да мақсатқа жетудің жол-дары немесе эдістері) міндеттер жүйесі арқылы стратегиялық міндеттер анықталады. Мысалы, тэрбиелеу жэне оқушыларды еңбекке баулу мэселелері жөнінде мүғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыруы тиіс. Олар: оқушылардың өмірге, түрлі іс-эрекеттеріне көзқарасын, белсенділігін, ынтасын өзіндік басқа-руының рөлін көтеру жэне т.б.
Оперативтк міндеттер - бүл іс-әрекеттерін тікелей орын-дауяғни тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мэселелерді балалардың қатысуымен дереу шешу.
Әрине, бүл міндеттерді оқу-тэрбие үдерісінде шешу мүға-лімдердің іскерлігіне, тәжірибелілігіне, терең жэне берік біліміне тэуелді.