Су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдер бассейндік су шаруашылығы басқармалары, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астаналардың, жергілікті атқарушы органдары және су объектісі бассейнінің шегінде орналасқан басқа да субъектілер арасында олардың қызметін біріктіру және үйлестіру, сондай-ақ су объектілерін қалпына келтіру және қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында жасалады.
|
Бассейндік келісімдер олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, нақты су қорғау іс-шараларын іске асыру үшін қажетті күштер мен құралдарды кооперациялау жөніндегі тараптардың міндеттемелерін қамтиды.
|
Бассейндік келісімдерді дайындау су шаруашылығы теңгерімдері, су объектілерін кешенді пайдалану мен қорғау схемалары, су объектілерін пайдалану, қалпына келтіру және қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, ғылыми және жобалық әзірлемелер, даму болжамдары және өзге де бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.
|