Тақырыбы: Су ресурстарын мемлекеттік басқару
Қарастырылатын сурақтар:
Су қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттің рөлі қазіргі заманғы су құқығы нормаларын іске асырудағы қатынастары саласындағы реттеуді ұйымдастыру мәселелері дамуы үшін өте өзекті болып табылатынын көрсетті.
Су қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу өзінің маңыздылығы бойынша мемлекеттің негізгі функцияларына жатады. Ол елдің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық дамуының тұрақтылығы мен серпінін қамтамасыз ету мақсатында су қатынастарын тиісті тәртіпке келтіруге, су ресурстарын шаруашылық тұрғыдан орынды және шығынсыз пайдалануға қол жеткізуге бағытталған.
Нарықтық экономика жағдайында суды пайдалану және басқа да табиғи ресурстар жүйесіндегі шаруашылық басқару проблемасы экономикалық жағынан адам мен табиғаттың өзара іс-қимылының жаңа құбылыстарын ескеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайға айналды. Сондықтан осы саладағы мемлекеттік басқару заңнамада бекітілген мүдделерді, басымдықтар мен қағидаттар жүйесін іске асыруды, сондай-ақ су пайдалануды ұйымдастыруға экологиялық-экономикалық көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |