Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет38/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Нерв жүйесі. Сүтқоректілердің нерв жүйесі өте күрделі. Олардың миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңарлары мен мишықтың көлемді болуына, ал олар сүтқоректілердің неше түрлі қимылдар жасауына мүмкіндік береді. Алдыңғы ми сауыттарының қыртысы тегіс болмай, көптеген сайлар болады да оның еттік ауданын ұлғайтып тұрады. Баста 12 жұп нерв жүйесі бар.
Сезім мүшелері. Сүтқоректілердің тіршілік әрекетіне қарай жақсы дамыған. Иіс сезу мүшесі өте жақсы жетілген және тіршілігінде үлкен қызмет атқарады. Осы мүшелердің көмегімен олар жауларын сезеді, тамағын бірін-бірі іздеп табады.
Есту мүшелері жақсы жетілген. Оларға сыртқы құлақ (құлақ қалқаны), ортаңғы және ішкі құлақ енеді. Ортаңғы құлақ қуысында үш сүйек болады. Балға дабыл жарғағына тиіп тұрады, оған қозғалмалы болып төс бекіген. Төс өз тарапынан қозғалмалы болып үзеңгімен байланысқан. Ішкі құлақтың құрылысындағы бір көңіл ударатын нәрсе, улитканың каналында керіліп жатқан ыңдаған жіңішке талшық – кортьев мүшесінің болуы. Дыбысты қабылдаған кезде осы талшықтар оны күшейтіп, жануарлардың нәзік дыбысты естуін қамтамасыз етеді.
Көру мүшесі. Сүтқоректілердің көздері омыртқалылардың көз құрылысына ұқсас. Оларда жоғарғы және төменгі қабағы жақсы дамыған. Аңдарда көздің көру қабілеті құстардікінен нашар.
Сүтқоректілердің дене қуысының айырмашылығы сол, ол диафрагма арқылы бөлінген кеуде қуысы және құрсақ қуысынан тұрады. Кеуде қуысында жүрек пен өкпе жатса, ал құрсақ қуысында – қарын, ішек, бауыр, бүйрек тағы басқа мүшелер болады.
Ас қорыту мүшелері – күрделі және бірнеше бөлімнен тұрады. Ол ауыз қуысынан басталады. Қоректік заттар үстіңгі және астыңғы жақтарға орналасқан тістерден және сілекей бездерінің әсерінен механикалық және химиялық өзгерістерге түседі. Сүтқоректілердің тістері – күрек тістер, шошақ тістері жалған азулар және азу тістер деп бөлінеді. Жыртқыштардың шошақ тістері өте жақсы жетілген және олардың ұшы өткір болады. Олардың азу тістері үлкен және өткір болады да, олар жыртқыш азулар деп аталады. Кемірушілердің күрек тістері өте жақсы жетілген.
Сүтқоректілердің тістерінің жалпы саны және олардың топқа бөлінуі әрбір түрдің тұрақты систематикалық белгісі болып есептеледі. Тістерді белгілеу үшін бөлшек түріндегі арнаулы формула пайдаланылады. Бөлшек сызықтың үстіндегі сандар жоғарғы жақтағы тістің санын, ал сызықтың астындағы сан төменгі жақтағы тістің санын көрсетеді. Тістердің жеке топтарын латынша атының алғашқы әрпімен белгілейді. Күрек тістері – І (incisivi) – резцы, шошақ тістері - с (Canini) (Pracmalares) – клыки, жалған азу тістері – pm (Pracmalares) переднекоренные, азу тістері – М (molares) заднекоренные. Мысалы, қасқырдың тіс құрылысының формуласы:

Ал сиырдың тіс формуласы:

Тістері жақ сүйектерінің ұяшықтарына орналасқан. Төмендегі жақ сүйегінің арасында етті тілі орналасқан. Ауыз қуысының арт жағында жұтқыншақ орналасқан. Жұтқыншақтың төменгі бөлімінде өңеш тесігі жалғасады. Ауыз қуысында сілекей бездерінің түтіктері ашылып көмірсутек қосылыстардың крахмал мен қантқа ыдырауына себебін тигізеді.
Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі мен құрылысы қоректік заттардың түріне қарай әрбір түрде түрліше болады.
Күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны өте күрделі құрылысты. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады: 1) үлкен қарын; 2) жұмыршақ қарын; 3) жалбыршақ қарын; 4) ұлтабар немесе безді қарын үлкен қарынға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен ашиды. Қорек заты қарыннан оның перистальтикалық қозғалысының әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда – ауызға түседі. Ауызда тамақтық зат ұсақталып, сілекеймен араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады. Нағыз ішек – аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін жануарларда ішек өте ұзын, ал жануар тектес азықтармен қоректенетіндерінде қысқа болады.
Сүтқоректілердің астың қорытылуында бауырдан бөлінетін өттің, сол сияқты ұйқы безінің және ішек қабырғасында орналасқан бездердің әсері зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет