Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет34/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Систематикасы:
Құстар класы - Aves
Класс тармағы нағыз құстар – Neornithes
Отряд үстi пингвиндер – Impennes
Отряд үстi қырсыз төстiлер - Ratitae
Отряд үстi типтiк құстар – Neognatha


Пингвиндер отряд үстi (Impennes)
Жүзуге бейiмделген, саны онша көп емес (шамамен 15 тѕр) және өзiндiк ерекшелiгi бар құстар тобы. Бұлар Антарктикалық материктiң жағалауларында тiршiлiк етедi. Пингвиндер ұша алмайды, бiрақ суда өте жақсы жүзетiн және сүңги алатын құстар. Төсiндегi қыр сүйегi биiк болады. Қауырсындарының өзiндiк ерекшелiгi бар, су болмайды. Балықпен қоректенедi. Топтанып тiршiлiк етедi. Пингвиндердiң кейбiр түрлерiнiң бауырында жұмыртқа салатын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсiз, соқыр және денесi бүтiндей мамық жүнмен қапталып тұрады. Ұрпақтарына жасайтын қамқорлығы ұяларында болсын, есейгенде де жақсы көрiнедi. Пингвиндер маусымға байланысты жүзiп қоныстарын ауыстырады. Ғылымға пингвиндердiң 15 түрi белгiлi. Бұлар негiзiнен Антарктикалық материктiң жағалауларында тiршiлiк етедi. Американың, Австралияның және Африканың оңтүстiк жағалауларында таралған. Олардың iшiнде император пингвинi, король пингвинi, Адель пингвинi, африка пингвинi және галапагос пингвиндерi бар.


Отряд үстi қырсыз төстiлер – (Ratitae)
Бұл отряд үстiне жататын құстар iрi, жылдам жүгiредi, Бiрақ ұшу қабiлетiн жойған. Әрине олардың арғы ата тегi, қазiргi құстар сияқты ұшқан. Сол ұшпауына байланысты төс сүйектерi жойылып кеткен. Сондықтан оларды қырсыз төстiлер деп атайды. Кивиден басқалары орманды, ашық далалы жерлердi мекендейдi. Ашық далалы жерлерде жүгiрiп жүруiне сәйкес, олардың саусақтарының саны да әртүрлi болады. Қазiргi уақытта қырсыз төстi құстардың отыз түрi сақталып қалған, олар екi саусақты түйеқұс Африкада, үш саусақты түйеқұс нанду Оңтүстiк Америкада, үш саусақты түйеқұс қазуарлар Австралия мен Жаңа Гвинейде, түйеқұс Эму Австралияда, киви Жаңа Зеландияда кездеседi. Өткен дәуiрде адамдар қырсыз төстi құстарды аяусыз қырған. Соның салдарынан олардың түр жағынан саны өте аз. Ресейде “Аскании-Нова” қорығында түйеқұс – нанду, африка түйеқұсы және австралия түйеқұсы Эму жерсiндiрiлген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет