Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет41/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Систематикасы:

    1. Сүтқоректілер класы – Mammalia

    2. Класс тармағы жұмыртқа салушы сүтқоректілер – Prototheria

    3. Класс тармағы нағыз аңдар – Theria

    4. инфракласс төменгі сатыдағы аңдар немесе қалталылар – Metatheria

    5. инфракласс жоғарғы сатыдағы сүтқоректілер немесе планценталылар – Eutheria



1-класс тармағы. Жұмыртқа салушы немесе алғашқы аңдар (Prototheria).

Жұмыртқа салушы сүтқоректілердің дене құрылысы өте қарапайым. Олар бауырымен жорғалайтын жәндіктерден алғашқы пайда болған сүтқоректілерге өте ұқсас, сондықтан да бұл бұларды алғашқы сүтқоректілер деп атаймыз. Оның өкілдері үйректұмсықпен ехинда. Бұлардың ішінде үйректұмсық көбею үшін жұмыртқа салып, сосын оны құстар сияқты басып, бала шығарады. Ехидна да осылай көбейеді, бірақ ол жұмыртқасын өзінің бауырында болатын ерекше қалтасына салып басып шығарады. Олар бір жұмыртқа салады, ал екі жұмыртқа сирек кездеседі. Жұмыртқасының ұзындығы 1-1,5 см басқа сүтқоректілерден айырмасы, зәр мүшелері мен ас қорыту жүйесі бір тесікке клокаға ашылады. Емшек болмайды, сондықтан сүт безінен шыққан сүт жүн арқылы ағып, жүнді жалаған балаларының аузына барады. Денесінің температурасы төмен және ол тұрақты емес (26-350С).


Алғашқы сүтқоректілер Австралияда және Тасмания мен Гвинея аралдарында кездеседі. Бұлар кішкентай сүтқоректілер (үйректұмсықтың үлкендігі, құйрығын қосып есептегенде 60см шамасындай). Үйректұмсық су жағасында, інде тіршілік етіп, насекомдармен қоректенеді. Оның терісінің бетін жауып тұратын жүні кірпідей қатты болады.
Үйректұмсықтар өзен жағалауында тіршілік етеді және уақытының көбін суда жүзіп өткізеді. Мүйіз қабатты ұзын, жалпақ тұмсығы үйректің тұмсығына ұқсайды. Ересек үйректұмсықтылардың тістері жоқ. Олар жас кезінде шыға бстайды да, кейін оның орнына мүйізді пластинка пайда болады. Үйректұмсық осы пластинкасымен моллюскалардың қатты қабыршақтарын да оңай уатады. Судағы тіршілікке байланысты саусақтарының аралығында жүзу жарғақтары болады. Сондықтан аяқтары жалпақ, қалақ тәрізді суда жақсы жүзуге бейімделген. Ал құйрығы болса суда жүзгенде бағыт беріп отырады. Үйректұмсықтардың жүні қатты және тығыз, сондықтан суды өткізбейді. Құлақтарының қалқаны болмайды, ал құлақтарының тесіктері суға сүңгігенде жабылып қалады. Сөйтіп, үйректұмсықтардың барлық құрылысы өмір сүруіне икемделген.
Ехиндналар ойлы-қырлы, бұталы жерлерде мекендейді. Мөлшері 1-1,5 см болатын екі жұмыртқа салады. Оны ұрғашысы құрсағындағы тері қалтасына салып қояды. Қалтасының температура 33-350 шамасында болады. Ұрық жұмыртқадан шығып, қалтаның ішінде дамып, ұзындығы 8 см-ге жеткенде қалтадан сыртқа шығады.
Олар Австралияны мекендейді. Бұлардың аяқтарында ұзын өткір тұяқтары болады, солардың жәрдемімен ін қазып, сол індерінде тіршілік етеді. Ұзын тұмсығы қатты, мүйізі сауытпен қапталған. Насекомдармен қоректенеді. Насекомдарды жабысқақ тілімен жердің жарығынан, тастардың арасынан тауып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет