Лекциялар жинағы шымкент 2019


Ескекаяқтылар отряды (Pinnipedia)



бет46/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Ескекаяқтылар отряды (Pinnipedia)

Суда ұзақ уақыт жүзуге бейімделген ірі сүтқоректілер. Бұл отрядқа тюленьдердің бірнеше түрлері жатады (теңіз мысығы, морж, құлақты итбалық т.б.). Олар тіршілігінің көбін сулы орталықта өткізеді, сондықтан оған өте жақсы икемделген жануарлар. Жағаға немесе мұздың үстіне олар көбею мен түлеу кезінде ғана шығады. Аяқтары жүгіріп жүретін жануарлардікіндей емес, өзгеріп қалақша тәрізді болып кеткен, ал саусақтарын тері қаптап жатады. Сондықтан аяқ жақсы жүзу мүмкіншілігін туғызады. Терінің астында қалың май қабаты болады, ол ескекаяқтыларды суықтан сақтайды. Құлақ қалқаны болмайды, ол сыртқы ортаның жағдайына икемделгендігінің белгісі. Құлақ тесіктері мен танау тесіктері суға түскенде ерекше тері жарғақпен жабылып қалады. Тюленьдер бұрын өткен уақытта құрғақ жерде тіршілік етсе де, қазір су ішінде мекендейтін нағыз сүтқоректілердің өкілі. Олардың төрт камералы жүрегі бар, денесінің температурасы жоғарғы жылы қанды жануарлар. Бұлардың өкпелері жақсы жетілген, атмосфералық ауамен тыныс алады. Тыныс алу үшін әрбір 10 минут сайын, судың бетіне шығып тұрады. Тюленьдер теңізде үлкен көлдерде мекендеп балықтармен қоректенеді. Ескекаяқтылар бірнеше тұқымдастарға бөлінеді. Олар: 1) құлақты тюленьдер тұқымдасы – оның өкілі теңіз мысығы; 2) Нағыз итбалықтар тұқымдасы – оның өкілі тееңіз қояны; 3) морждар тұқымдасы – оның өкілі морждар – оның өкілі морждар.


Ескекаяқтылар отрядының өкілдері терісі мен майы, еті үшін ауланатын кәсіптік маңызы зор жануарлар.
Қазақстанда оның бір-ақ түрі каспий итбалығы ғана кездеседі. Дене тұрқы 160 см, салмағы 50-85кг тарғыл түсті аң. Оның майы мен белогы медицинада және парфюмерияда қолданылса, сүйегі мен еті құрама жем дайындауға кетеді.


Киттәрізділер отряды (Cetacea)
Киттәрізділердің денесі ірі, барлық өмірін суда өтаізеді. Осыған байланысты құрлықта тіршілік ететін сүтқоректілерден көп айырмашылығы бар. Дене пішіні балық тәрізді басы үлкен мойыны білінбейді. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Денесінде түгі болмайды, терісінде тер және май бездері болмайды.Бір жұп сүт безі болады. Ең үлкен киттердің тері астындағы майының қаллыңдығы 50 см-дей. Үлкен киттердің (көк кит) жүрегі бір тоннадай, сүйектерінің салмағы да сондай. Бауырдың салмағы 3 тонна, ал өкпесінде 14000 литр ауа сияды. Өкпеден басқа ауа кіретін қапшалары да бар. Киттәрізділердің көпшілігі су астында бір сағат, тіпті одан да көбірек уақытқа шыдайды. Кашалоттар 300м тереңдікте сүңги алады. Киттердің есту мүшелері жақсы жетілген. Олар дыбыстарды 10-12 шақырым жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу мүшелері ойылған.
Көк киттің ұзындығы 33м, ал салмағы 100 тоннадан асады, яғни 25 пілдің немесе 120 өгіздің салмағындай. Былайша айтқанда көк кит қазіргі жер бетіндегі тіршілік ететін жануарлардың ең үлкені. Көк кит тіссіз киттерге жатады немесе оларды мұртты киттер деп атайды. Былпылдаған уақ жануарлар араласқан суды аузына толтырып алады да, кит оны пластинка елегінен өткізеді,ал сүзіліп қалған жәндіктерді жұтып жібереді. Көк киттің аранды – аузына қаруланған 18 солдат сийып тұра алады. Ал киттің қарнына барып түскен ұсақ жәндіктердің салмағы бір тоннаға жуық болады. Киттер екі-үш жасында бір-ақ бала табады. Дельфиндер жыл сайын балалайды, ұрғашысы судың бетіне құйрығын көтеріп, баласын жоғары 7-8 метрге лақтырады. Баласы жоғарыдан суға түскенде ауамен тыныс алып үлгереді. Жаңа туған киттің салмағы 2 тоннадан артығырақ болады. Осындай ірі бала тууы жамбас сүйегінің болмауына байланысты.
Киттің сүтінің майлылығы сиырдың сүтімен салыстырғанда, 10-12 есе артық (40-50 проценттей). Ал баласы күніне 200-300л су ішіп тез өседі. Киттердің сүтінің 23-38% май болады.
Киттәрізділерекі отряд тармағына бөлінеді. 1-отряд тармағы – тісті киттер, 2-отряд тармағы тіссіз немесе мұртты киттер. Киттердің ішінде тісті жыртқыш киттерге кашолаттар және дельфиндер жатады. Дельфиннің ұзындығы 1,5-3м жететін кішкентай киттер. Тістері өте көп (240 жуық). Олар Қара теңізде, Азов және Баренц теңіздерінде кездеседі. Балықтармен және басқа жәндіктермен қоректенеді.
Киттәрізділердің шаруашылықта пайдасы көп. Етінен консерві, ал сүйегінен үй малына беретін ұнға айналдырады. Китті сойғанда алан майдың пайдасы өте зхор. Тіпті қарынның ішіндегі әртүрлі заттарды жиып алып жерді тыңайтуға болады. Киттердің Қиыр Шығыста және Арктикадан аулайды. Оларды кеменің үстіне орнатылған зеңбірекпен атады да өлтірген жануарларды кеменің үстіне әкеліп сояды.
Тақтұяқтылар отряды (Perissodactyla)
Бұл тұяқтылар бір кездерде саны көп, кең таралған жануарлар еді. Қазір сол түрден тапирлер, мүйіз тұмсықтар және жылқылар ғана қалды. Олардың саусақтары түрлі топтарында түрліше. Тапирде алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғы үш саусақты, мүйіз тұмсықтарда барлық аяқтары үш саусақты, ал жылқыларда бір саусақты.
Тапирлер тұқымдасы (Tapiridae) – қазіргі тұяқтылардың ішіндегі ең қарапайымы . Орман ішінде тіршілік етеді, өсімдіктермен қоректенеді. Олар Орталық және Оңтүстік Америкада және Оңтүстік –Шығыс Азияда сақталған.
Мүйіз тұмсықтар тұқымдасы (Rhinocerotidae) – ірі жануар, терісі қалың, жүні жоқ жалаңаш (салмағы 2т, ұзындығы 5м.).Маңдай және мұрын сүйегінің үстінде бір немесе екі мүйізі болады. Олар Оңтүстік Азия мен Африкада тіршілік етеді.
Жылқылар тұқымдасы (Equidae) – ашық далалы жерлерде, шөлейтті жерлерде тіршілік етеді, тақ тұяқтылардың ішіндегі прогрессивті топ. Бұларға жататындардың тек ортаңғы саусағы (үшінші саусақ) жақсы дамыған, оның сыртын мүйіз тұяқ жауып тұрады. Ал басқа саусақтар жоылып кеткен немесе нашар дамыған (мысалы, мүйіз тұмсықтыларда). Жылқылар тұқымдасының өкілі үй жылқысы, есектер, зебрлер, құландар.
Жылқы – шөппен қоректенетін жануар, сондықтан тістері және ішектері де шөппен қоректенуге икемделген. Жылқының басы сопақ, үстіңгі және астыңғы саны бірдей алтыдан күрек тістері бар. Күрек тістері жақсы жетілген, өткір болады, шөпті осы тістерімен жұлып жейді. Ал күрек тістерімен азу тістерінің араларында болатын кішкене сойдақ тістің шөп жеуге пайдасы болмайды. Әрбір жақ сүйегінде саны бірдей алтыдан болатын азу тістері бар, олардың үсті қатты эмаль қатпарларымен қапталған және беті төрт бұрышты өткір қырлы болып келеді. Жылқылар шөпті, жемді осы тістерімен шайнап сілекеймен сулап жұтады. Жылқының қарны да үлкен болады, бірақ күйіс қайыратын жануарлардікіндей төртке бөлінбейді. Жылқыда бүйен жақсы жетілген.
Қазіргі жылқылар туысына төрт түрі жатады. Зебр немесе жолақты ат (E.hipptigris). Бұл жануарлар Африканың ашық далалы жерлерін мекендейді. Оның құйрығының ұшында ғана қылы болады. Есек (Equus asinus)- түсі біркелкі, құлағы ұзын, құйрығы зебрдікіндей. Жабайы есектер Эфиопияның солтүстігінде, Сомалиде және Эритриде сақталған. Үй есектері солардан шыққан.
Құландар мен онагрлар - Equus hemionus – оларды жиірек есектерге ұқсатады, көпшілік ғалымдар жылқының қарапайым түрі деп атайды. Түсі ашық, құлағы қысқа, Азияның шөлейтті жерлерінде (Түркмения, Иран, Ауғанстан, Монғолия, Қытай,Тибет, Батыс Индия т.б.) кездеседі.
Нағыз жылқылар - Equus prgewalskii. Олардың түсі біркелкі болады. Құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Атақты саяхатшы Н.М.Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның далаларын мекендейді. Пржевальский жылқысына ұқсас жабаы жылқының бір түрі тарпан (E.gmelini) Украина жерінде осыдан жүз бұрын құрыған. Қазақстан қызыл кітабына Түркімен құланы енген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет