Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет4/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Қан айналу жүйесі. Қан айналу жүйесі ашық.Қан жүректің жиырылып-жазылып тұру нәтижесінде қозғалады.Жүректен барлық мүшелерге қан тарайды,оның ішінде жатқан жұтқыншақта желбезек тесіктері тыныс алу қызметінде атқарады. Өйткені сумен кірген оттегі газ алмасуға қатынасып,организмді оттегімен қамтамасыз етеді.
Зәр шығару жүйесі. Арнайы зәр шығару мүшесі жоқ. Қорытылмаған қалдықтар кейбір клеткаларда жиналып сол организм ішінде қалып қояды.
Ас қорыту жүйесі. Кіретін ауыз сифоны арқылы сыртқы ортамен қатынас жасайтын ауыз қуысынан басталады.Су ағынымен ілесіп келген ұсақ организмдер мен органикалық бөлшектер жезді науашық эндостильдің түбіне жиналып,эпители кірпікшелерінің қозғалуының арқасында, шырынға оралған қоректі заттар ішекке түседі де сол жерде қорытылады.
Көбеюі. Тіршілік ету ортасына бейімделгені соншалықты,олар тек жынысты жолмен ғана емес,жыныссыз жолменде көбейеді.Жынысты көбейгенде ұрықтанған жұмыртқадан өз бетімен жүретін личинкалар дамиды.Көптеген түрлері жыныссыз жолмен көбейеді.Асцидияларда отырып тірішілік етуіне байланысты көпшілік мүшелері дамымған.
 Дамуы. А.О.Ковалевский асцидияның мұқият зерттегенге дейін, жануарлар жүйесінде олардың орны белгісіз болып келеді.Личинкаларында хорда мен нерв түтіктері жақсы дамыған.Бір жерде тіршілік етуіне байланысты денесі өзгеріске ұшырайды,атап айтқанда хорда,нервтүтіктері жойылып кетеді.Сөйтеді де денесі ересек асцидияның дене пішініне ұқсап қап тәрізді болады. 
Асцидиялар (Ascіdіae) – хордалылар типіне жататын қабықтылар тип тармағыныңкласы. 
Дүние жүзіндегі барлық мұхиттар мен теңіздерде кездесетін 2 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілік түрлері теңіздердің 500 м-ге дейінгі терең қабаттарында жекелей де шоғырланып та тіршілік етеді. Денесінің ұзындығы 0,1 мм-ден 30 см-ге жетеді. Дене пішіні қапшыққа ұқсас, сыртын қалың туника қабығы (туницин және қышқыл полисахаридтерден түзілген) жауып жатады. Туника қабығының астында бір қабатты тері эпителийі мен екі-үш қабатты ұзына бойы және көлденеңінен орналасқан тері-бұлшық ет қапшығы жатады. Денесінің төменгі бөлігі (табаны) су түбіне бекіп тұрады. Ал жоғарғы бөлігінде бір-біріне жақын орналасқан ауыз және клоака тесіктері (сифон) бар.
Жұтқыншағының екі бүйірінде болатын көптеген желбезек саңылаулары желбезек маңы қуысына ашылады. Ауыз тесігі (сифоны) көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Ол қысқа өңешпен, өңеш кеңейіп келген қарынға жалғасады. Қарын ішекпен байланысып, клоака тесігіне ашылады. Жұтқыншақ түбінде тербелмелі және безді клеткалардан тұратын сайшасы (эндостиль) болады. Жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу қызметін атқарады. Жүрегі қысқа түтік пішінді, ашық қан айналу жүйесі болады. Асцидиялар қос жынысты, сырттай ұрықтанады. Асцидиялар жыныссыз жолмен де көбейеді. Бұл кезде олардың денесінде бірнеше өскін (столон) түзіліп, жекелей де шоғырланып та тіршілік ете береді. Асцидиялардың көпшілік түрлері өз денелерінде ванадий элементін және клетчатка тектес заттарды жинағандықтан келешекте оларды өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Асцидиялардың жыныстық жолмен көбеюін және дамуын орыстың эмбриолог ғалымы А.О. Ковалевский (1866) зерттеп, олардың басқа хордалы жануарлармен шығу тегінің ұқсас екендігін анықтады.
ЛИЧИНКА ХОРДАЛЫЛАР - Urochordata. Личинка хордалылар теңіздерде тіршілік етеді. Оларға ацидиялар, сальпылар және аппендикулярлар жатады. Олардың басқа хордалылардан айырмашылығы ересек хордалыларда хорда мен нерв түтіктері бомайды, керсінше личинкалық дәуірінде типтің барлық негізгі қасиеттері анық көрінеді. Личинкалық дәуірінде желбезек, хорда және нерв түтіктері болады. Ғылымға шамамен 1,5 мың түрі белгілі. Көпшілігі су түбінде бір жерге бекініп жеке немесе колониальды түрде бірнешеуі бірігіп тіршілік етеді. Ал кейбіреулері еркін жүзіп жүріп тіршілік етеді. Олар барлық жерге таралған, тек теңіздің тұщы жерлерінде кездеспейді. Көпшілік түрлері тропикалық және субтропикалық теңіздерде тіршілік етеді. Дене пішіндері қапшық немесе бочка тәрізді. Бұлардың денесі туника деп аталатын ерекше қалың қабықпен қапталған. Туниканың қорғаныш маңызы зор, ол бір жерде отырып тіршілік етуіне байланысты пайда болған. Ересек жеке тіршілік ететін асцидия денесінің жоғарғы жағында екі түтік тәрізді тесік бар. Дененің жоғарырақ орналасқан тесігін ауыз сифоны, төменірек орналасқан тесігін клоака сифоны дейді. Тамақ ауыз сифоны арқылы жұтқыншаққа, яғни сумен бірге жұтқыншаққа түскен тамақ бөлшектері жезді науашық эндостилге жиналып, одан өңеш арқылы қарынға түседі, одан таға тәрізді ішекке өтеді, ол сыртқа шығаратын сифонға ашылатын аналь тесігіне жалғасады. Нерв жүйесі ауыз және клоака сифондарының аралығында орналасқан. Нервтері қуыс емес. Нерв жүйесі нашар дамыған. Жұтқыншақтың үстінде жатқан кішкентай ганглиядан денеге бірнеше нерв талшықтары тарайды. Сезім мүшелері жетілмеген . Өте жүқа еттері қапшығы бар. Қан айналу жүйесі ашық. Қан жүректің жиырылып-жазылып тұру нәтижесінде қозғалады. Жүректен барлық мүшелерге қан тамырлары тарайды, оның ішінде жұтқыншақта жатқан желбезек тесіктері ерекше қамтамасыз етілген. Желбезек тесіктері тыныс алу қызметінде атқарады. Өйткені сумен кірген оттегі газ алмасуға қатынасып, организмді оттегімен қамтамасыз етеді. Зәр шығарү жүйесі. Арнайы зәр шығару мүшесі жоқ. Қорытылмаған қалдықтар кейбір клеткаларда жиналып сол организм ішінде қалып қояды. Көбеюі. Тіршілік ету ортасына бейімделгендігі соншалықты, олар тек жынысты жолмен ғана емес жыныссыз жолменде көбейеді. Личинка-хордалылардың бәрі қос жынысты (гермофродиттер). Ұрықтану аналығының ішінде және сыртқы ортада болады. Жынысты көбейгенде ұрықтанған жұмыртқадан өз бетімен жүзетін личинкалар дамиды. Олар ересектеріне ұқсамайды. Көптеген түрлері жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады. Асцидияларды отырып тіршілік етуіне байланысты көпшілік мүшелері дамыған. Дамуы. A. О. Ковалевский асцидияның дамуын мұқиат зерттегенге дейін, жануарлар жүйесінде олардың орны белгісіз болып келді. Ғалым өзінің зерттеуінің нәтижесінде асцидияның дамуы ланцетниктердің эмбрионалдық дамуына ұқсас екенін личинкаларының да дене құрлысының ұқсастығы олардың да құйрық қанаттары арқылы қозғалатынын көрсетті. Личинкаларында хорда мен нерв түтіктері жақсы жетілген. Личинкалары өз бетімен бар болғаны бір күн, кейде бірнеше сағат қана жүзіп жүреді де су астындағы бір заттарға бекініп, отырып тіршілік етеді. Бір жерде бекініп тіршілік етуіне байланысты денесі өзгеріске ұшырайды, атап айтқанда хорда мен нерв түтіктері дамымай жойылып кетеді сүйтеді де денесі ересек асцидияның дене пішініне ұқсас қап тәрізді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет