Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет8/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Систематикасы:
Омыртқалылар – Vertebrata немесе бас сүйектiлер – Craniata тип тармағы
Класс үстi – Жақсыздар Agnatha
Дөңгелек ауыздылар класы – Cyclostomata
Балықтар класс үстi – Pisces
Шемiршектi балықтар класы – Chondrichthyes
Сүйектi балықтар класы – Osteichthyes
Класс үстi құрлықтағы омыртқалылар немесе төрт аяқтылар – Tetrapoda
Қос мекендiлер класы – Amphibia
Бауырымен жорғалаушылар класы – Reptilia
Құстар класы – Aves
Сүт қоректiлер класы – Mammalia.
Дөңгелек ауыздылар аздап балыққа ұқсайтын осы кезде тiршiлiк ететiн омыртқалылардың iшiндегi өте қарапайым құрылысты жануарлар. Олар теңiздерде және басқа да суларда тiршiлiк етедi. Дөңгелек ауыздылар жартылай немесе толық паразиттiк тiршiлiк жағдайына бейiмделген. Миногалар балыққа жабысып, олардың қанын сорады, кейде тiптi етiн жейдi. Ал миксин болса жабысқан жануарлардың денесiнiң iшiне кiрiп кетiп, етiнде, iшкi мүшелерiн де жейдi. Паразиттiк тiршiлiк етуiне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесiгi болады. Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Иiс капсуласы бiреу, ол бiр ғана танау тесiгi арқылы сыртқа ашылады. Олардың мүйiздi тiстерi болады, терiсi жалаңаш. Балыққа тек сырт көрiнiсi ғана ұқсас, ал дөңгелек ауыздылар омыртқалылардың жеке өз бетiнше дамыған тарауы. Қазiргi уақытта сандары өте аз бiр ғана отряд қалған. Өзен мен тұщы суларда тiршiлiк ететiн миногалар (30 түрi бар) және мұхиттар мен теңiздерде тiршiлiк ететiн миксиналар (20 түрi бар.) [3].
Сыртқы көрiнiсi. Денесi бас, көкiрек және құйрық бөлiмдерiнен тұрады. Әрине ол болса сүйектiлерге қарағанда әлсiздеу көрiнедi. Терiсi көп қабатты эпидермистен (эктодерманың туындысы) тұрады және бездi клеткалары көп, сол бездерден терi үстiне көп шырын шығады. Терi механикалық және сыртқы ортаның түрлi әсерлерiнен қорғайды. Дененiң ұзындығы бiрнеше сантиметрден 1 м-ге дейiн.
Нерв жүйесi. Барлық омыртқалылар сияқты олардың да бас миы бес бөлiмнен тұрады: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша ми. Көрсетiлген ми бөлiмдерi бiр тегiстiкте орналасқан және жоғары дамыған омыртқалылардiкi секiлдi олардың ми қыртысында иректерi болмайды. Аралық мидың үстiнде көру төбешiктерi мен эпифиз, ал оның төменгi жағында гипофиз орналасқан. Бас миының iшiнде басқа бөлiмдермен салыстырғанда сопақша ми жақсы дамыған. Одан көптеген нервтер кетедi атап айтқанда терiге, ауыз қуысына желбезек еттерiне, көздiң және беттiң еттерiне, тепе-теңдiк пен есту және т.б. мүшелерiне кетедi. Жұлын сопақша мидан басталып денесiнiң соңына дейiн созылып жатады, формасы лента тәрiздi. Жұлынның iшi қуыс, оны невроцель деп атайды. Барлық нерв клеткалары сол қуыстың iшiнде шоғырланған. Жұлын терiнi, денедегi ет жүйесi мен құйрықты iшкi мүшелердi нервпен қамтамасыз етедi. Жоғарыда айтылған 10 жұп бас миының нерв жүйесi барлық кластарда – балықтарда, қос мекендiлерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда және сүт қоректiлерде кездеседi. Ми құрылыстарының ұқсастығына қарай барлық бас сүйектiлердiң шығу тегiнiң бiр екендiгiне көз жеткiзесiң.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет