Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет9/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Сезiм мүшелерi. Өте қарапайым. Иiс мүшелерi басқа омыртқалылардiкi сияқты екеу емес, дара болады. Алдыңғы мидың иiс бөлiмi дөңгелек ауыздыларда өте жақсы дамыған. Өйткенi бұл жануарларда тамақтарын iздеуде шешушi роль атқарады. Есту мүшесi iшкi құлақтан ғана тұрады. Дөңгелек ауыздыларда есту мүшесi өте нашар дамыған. Көздерi кiшкентай, миногалардың қасаң қабығы жетiлмеген, ал миксиндерде паразиттi тiршiлiгiне байланысты көздерi нашар жетiлген. Тепе-теңдiк мүшесi тек қана екi жарты шеңберлi өзектен немесе каналдан тұрады. Сыртқы ортада бағдарлап жүзiп жүру үшiн сейсмосенсорлы мүшелердiң маңызы зор. Бүйiр сызығы бастың терiсiнде, дененiң екi бүйiрiнде орналасқан. Бұл мүшелер жануардың айналасында не болып жатыр, соның бәрiн қабылдап отырады. Мысалы, судың ағысын, жүзiп келе жатқан жануарларды, т.б. аңғарып отырады.
Механикалық, температуралық, химиялық қоздырғыштар терiде кездесетiн неше түрлi сезгiш клеткалар мен нерв талшықтары арқылы қабылданады.
Қаңқасы. Бас сүйегi бар, бiрақ құрылысы қарапайым. Ми бөлiмiнiң асты шемiршек пластинкасының бүйiрiне шемiршектi есту капсуласы жалғасса, алдыңғы жағында шемiршектi иiс капсуласы жатады. Желбезек доғасы жетiлмеген. Аузында шемiршектi құрылысты воронкалар бар. Бас сүйегiнен бастап денесiнiң артына дейiн хорда созылып жатады. Әрине ланцетник пен салыстырғанда әлде қайда жетiлген, хорданың сыртында берiк қорғаныс қабығы, арқа бөлiмiнде жұлынды сақтайтын қабаттар бар. Миногаларда болашақ омыртқалылардың бастамасы, өсiп дамып келедi, ал миксиналарда ондай жоқ.
Ет жүйесi. Денесiнiң арқа жағында, құйрықта еттерi қарапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып жатқан еттен құралады, оны миомер деп атайды, ал миомерлер өзара жабын дәнекерлер арқылы жiктеледi, оны миосепта дейдi. Желбезек қапшықтары, ауыз воронкасы және тiл сақиналы еттерден тұрады. Ет жүйесiнiң көпшiлiгi жетiлiп жiктелмеген бұл олардың құрылысының күрделi еместiгiн көрсетедi. Қозғалу қызметiн атқаратын мүшелерi дара арқа және құйрық жүзу қанаттары. Дөңгелек ауыздылар денесiн бұраңдатып қозғалады, ал жүзгiш қанаттары олардың белгiлi бiр бағытта қозғалуын реттеп отырады. Олар балықтар сияқты ұзақ уақыт жүзе алмайды, сондықтан жиiрек*** балықтарға кейбiр жүзiп жүрген заттарға бекiнiп жүредi. Көпшiлiк уақытын судың түбiнде, құмның арасында өткiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет