Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет17/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Ас қорыту ферменттерi бауыр және бауырында өтi болады. Өт –өт жолы арқылы iшектiң баулық тәрiздi алдыңғы бөлiмiне ашылады. Ұйқы безi айқын байқалмай ұсақ түйiр түрiнде шашырап жатады, бiрақ шемiршектi балықтардiкiнен әлдеқайда жақсы дамыған.
Жыныс жүйесi. Сүйектi балықтарда қос аталық және аналық жыныс бездерi болады. Жыныс түтiкшелерiнiң құрылысы балықтардың әртүрлi топтарында түрлiше болады. Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдiр қабығы болады. Ұрғашы балық уылдырық шашу алдында уылдырықтарын бiр жерге салады, содан кейiн еркегi iшiнде шәуетi (сперматозиод) бар ұрық сұйықтығын құяды. Сөйтiп ұрықтану болады. Балықтарда қос жыныстылық (гермафродиттiк) өте сирек кездеседi. Бiрақта теңiз алабұғасы нағыз гермафродит болып саналады.
Уылдырықтар ұрықтанысымен бiрте-бiре өзгере отырып, дамиды да, одан кейiн личинка өсiп шығады, ол личинка шабаққа айналады. Ұрықтану сыртта су iшiнде болғандықтан гаметалар, ұрықтар мен шабақтардың көбi табиғаттың қолайсыз жағдайларынан, басқа су жануарларының жеп қоюынан өлiп қалады. Осыған байланысты сүйектi балықтардың түрдi сақтап қалу мақсатында өсiмталдылығы (плодовитость) өте жоғары. Мысалы тұқы балық 1 млн. аса уылдырық шашады, шортан – 1млн.(треска) нәлiм және (угорь) жылан балықтар – 10 млн. уылдырық шашады.
Систематикасы:
Сүйектi балықтар класы – Osteichithyes
Сәулеқанатты балықтар класс тармағы – Actinopterigii
Ескекқанатты балықтар класс тармағы - Sarcoterygii
Сәулеқанатты балықтар класс тармағы – Actinopterigii
Отряд үстi ганоидтар –Ganiodomorpha
Отряд үстi сүйектi балытар – Teleostei


Сәулеқанатты балықтар класс тармағы – Actinopterigii

Сәулеқанатты балықтар класс тармағы қазiргi барлық балықтардың 90% астамы осы класс тармағына жатады. Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңiздер мен мұхит суларына әртүрлi қабаттарды мекендейдi. Олардың көптеген түрлерiн тұщы сулардың, өзендер мен көлдерден, бұлақтар мен бөгеттерден кездестiруге болады. Сәулеқанаттылардың өзiне тән белгiлерi бар. Көкiрек қанаттарының қауырсындары бiрден иық белдеуiне бекидi. Сондықтан бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Дене қаңқасы толығынан сүйектен тұрады. Тыныс алу мүшесi желбезек, iшектiң үстiнде жатқан жүзу торсылдағы бар. Эволюцияның барысында тез жүзуге, жауларынан қорғануға, әртүрлi судың iшiнде тiршiлiк етуге бейiмделушiлiк қабiлетiнiң болуы тағы басқа да мүшелерiнде өзгерiстер болады. Бұл класс тармағы бiрнеше отряд үстiне бөлiнедi:


Отряд үстi ганоидтар –Ganiodomorpha
Бекiре тәрiздiлер отряды – Acipenseriformes
Бекiре тұқымдасы - Acipenseridae
Қалақша тұмсықтылар тұқымдасы – Polyodontidae
Бұл отряд үстiне сүйектi балықтар тобының ертедегi және қарапайым құрылысты түрлерi жатады. Ганоидты балықтардың көп белгiлерi шемiршектi балықтарға ұқсайды. Және скелеттерiнiң сүйектi жерлерi көп емес. Ол скелет сүйектерi терiнiң жамылғы сүйектерiнен пайда болған. Ганоидты балықтар көбiнесе су түбiнде тiршiлiк етуге бейiмделген. Ганоидты балықтарда шемiршектi балықтардың мына белгiлерi сақталынған: рострумының болуы, сондықтан ауыз тесiгi көлденең саңылау секiлденiп басының астыңғы бетiнде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, iшегiнде қатпарлы қақпақшалары және жүрегiнiң артериалды конусы болады. Сонымен қатар сүйектi балықтарға тән белгiлерi де бар: қаңқасының сүйектi болуы және желбезек қақпақшаларының болу, желбезек аралық перделерiнiң жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет