Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет10/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Қан айналу жүйесi. Басқа омыртқалылар сияқты дөңгелек ауыздыларда да жүрегi бар. Жүректiң жұмысын реттеп отыратын еттер көлденең салалы да, қантамырларының еттерi ұзын салалы болады. Жүрегi олардың екi камерадан (жүрекше, қарынша) тұрады. Жүрек еттерiнiң жақсы жұмысының нәтижесiнде ланцетниктерге қарағанда олардан қан тезiрек ағады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы вена тамырлар арқылы бүкiл денеден көмiр қышқыл газына қаныққан және оттегi жоқ қандар келiп құйылады. Қарыншадан артерия қан тамыры – бауыр аортасы шығады. Бауыр аортасынан желбезекке қан таситын бiрнеше жұп желбезек артериялары басталады. Желбезекке алып келген қандар көмiр қышқыл газдың бiраз мүшелерiн берiп, оттегiне қаныққан қандар, желбезекке артерияларына түсiп арқа қолқасына құяды. Арқа қолқасы хорданың астымен қуалай отырып, денесiнiң артқы бөлiмдерiне артерия қанын таратады. Дөңгелек ауыздыларды бiр қан айналым шеңберi, жүрек арқылы тек веноз қандары ғана өтедi. Қанның формендiк элементтерi (эритроциттер, лейкоциттер және тромбициттер) – бауырда, асқазанда, iшектерде, бүйректе және тағы басқа әртүрлi мүшелердiң ұлпаларында түзiледi. Дөңгелек ауыздыларда көкбауыр әлi жоқ iшектiң алдыңғы бөлiмiнен бауыр дамиды, ал ұйқы безi жетiлмеген.
Тыныс алу жүйесi. Негiзгi тыныс алу жүйесi – жұтқыншақ өсiндiсiнен түзiледi, сыртқы желбезек пластинкаларымен байланысқан. Сыртқы желбезек тесiктерi арқылы ашылған желбезек қапшықтарынан тұрады. Денесiнiң ұзына бойына бас бөлiмiнiң екi жағына 7 жұп желбезек тесiктерi ашылады. Осы тесiктердiң iшiнде желбезек пластинкалары болады, осы пластинкаларда қан тамырының қоры құрылады. Желбезек қапшығының екiншi жағындағы iшкi желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су желбезек тесiктерiнен желбезек қапшықтарына енiп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Тыныс шығарғанда судағы оттегiнiң мөлшерi азайып, көмiр қышқыл газының мөлшерi артып желбезек тесiктерiнен шығады.
Зәр шығару жүйесi. Негiзгi зәр шығару мүшесi бүйрек. Екi бүйрек арқа жағында хорданың астында орналасқан. Барлық дөңгелек ауыздылардың ұрықтарында алдыңғы бүйрек немесе пронефрос қызмет етедi. Ересек дөңгелек ауыздылардың зәр шығару жүйесi бүйрек каналдарынан тұрады, оны вольфов каналдары дейдi. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ашылады. Ересек дөңгелек ауыздылардың көпшiлiгiнде бас бүйрек (пронефрос) күрделiрек дене бүйрегiне (мезонефрикалық) айналады. Дене бүйрегi дейтiнi ол басынан бастап, денесiнiң бiраз жерiне дейiн созылып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет