Өзіндік сұрақтар: Бассүйектілер тип тармағының сипаттамасы.
Бассүйектілер тип тармағының систематикасы
Дөңгелек ауызыдылар класының ерекшелегі
Миноганың құрылыс ерекшеліктері
Миксинаның құрылыс ерекшеліктері
4-лекция. Тақырыбы: Жақтылар бөлімі Балықтар класс үстi.
Түйінді сұрақтар 1. Балықтар класс үстiне жалпы сипаттама, систематикасы
2. Шемiршектi балықтарға сипаттама, құрылысы, қаңқасы
3. Шемiршектi балықтардың систематикасы.
Лекция мәтіні: Балықтар омыртқалылардың iшiндегi төменгi сатыдағы желбезектерiмен тыныс алатын аузында қозғалмалы жақтары бар, суда тiршiлiк ететiн жануарлар. Ауыз қуысында нағыз тiстерi бар, көкiрегiнде және құрсағында қозғалыс мүшесi жұп жүзу қанаттары болады. Суда тiршiлiк етуiне байланысты балықтың дене құрылысына, тiршiлiгiне айтарлықтай өзгерiс кiргiзген. Барлық балықтарда бiр қан айналым шеңберi, тек қостынысты балықтарда ғана ауамен тыныс алғанда қан айналым шеңберi өзгередi (екi қан айналымына) Денсiнiң температурасы өзгерiп отырады (тұрақты емес). Балықтар қоректерiн жүзiп жүрiп iздеп тауып ұстайды, ортаға тез бейiмделе алады. Қазiр балықтардың 20 мыңға жуық түрлерi бар. Олардың түрлерiнiң көптiгiне қарай, балықтарға толық сипаттама беру үшiн балықтарды екi топқа бөледi: бiрiншi – шемiршектi балықтар, екiншi – сүйектi балықтар. Әрбiр класс өз алдына класс тармақтарына бөлiнедi[1].
Осы заманда тiршiлiк ететiн балықтардың iшiндегi қаңқасы шемiршектерден тұратын
қарапайым құрылысты шемiршектi балықтар. Желбезек тесiктерi өзара перделермен бөлiнiп, денесiнiң сыртына ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделi емес, плакоидты болады. Жүзу торсылдақтары болмайды.
Тақта желбезектiлерге акула мен скаттар жатады. Ғылымға акуланың шамамен 350 түрi, скаттардың 340 түрi белгiлi.
Дене пiшiнi.Тiршiлiк ету тәсiлiне қарай олардың денесi ұзынша, ұршық тәрiздi (акулада) және жалпақ сүйiрленiп барып бiтедi (скатта). Шемiршектi балықтардың дене мөлшерi 2м-ден 15-20м-ге дейiн (китовая акула) болады, ал кейбiреулердiң салмағы 1,5 тоннаға дейiн жетедi. Ал скаттардың ұзындығы 6-7 м-ге дейiн болады.
Шемiршектi балықтардың көкiрегi мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады. Еркектерiнiң құрсағындағы қос қанатының iшкi жағынан саусақ тәрiздi өсiндiлер пайда болады, олар шағылысу мүшесi қызметiн атқарады. Құйрық қанатының жапырақшалары бiркелкi болмай, үстiңгi жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы одан кiшi болып келедi, сондықтан оны гетероцеркальды құйрық қанаты деп атайды.
Терi жабындысы. Эпидермистен түзiлген терi және дермадан тұрады. Сыртқы қанатының эпидермисi мүйiзденбейдi, өйткенi оның денесiн жылмағайландырып дененiң суға тиюi мен туатын кедергiсiнiң үйкелiс күшiн кемiтетiн үнемi шырыш бөлiп тұратын көптеген бiр клеткалы бездер орналасқан. Шемiршектi балықтардың денесiн қарапайым құрылысты плакоидты қабыршақтар қаптайды[2].