Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi



бет108/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

13-лекция
Параллель түзулер ұғымы
Жоспары:
1. Түзулердің параллелдігі тақырыбын оқыту
2. Екі түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштар
3. Параллель түзулер ұғымын енгізу
4 Паралель түзулерді анықтау.
5 Параллельдік аксиомасы.
6. Түзулердің параллелдік белгілері мен қасиеттері.
Әдебиеттер:
1. Рахымбек Д., Кенеш Ә.С.Мектеп геометрия (планиметрия) курсын оқыту әдістемесі: Оқу құралы. / Д. Рахымбек, Ә.С.Кенеш –Алматы: Эверо,2015. – 320 б.
2. Мектеп оқулықтары
3. Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құралдар


1 Түзулердің параллелдігі тақырыбын оқыту
Параллель және перпендикуляр түзулерді оқыту қолданыста жүрген оқулықтарда әртүрлі ретпен беріледі. Бұл тақырыптар негізінен мынадай мәселелерді қамтиды:

  • Параллель түзулер ұғымы;

  • Параллельдік аксиомасы;

  • Перпендикуляр түзулер;

  • Екі түзудің параллельдік белгілері;

  • Параллель түзулердің қасиеттері;

  • Перпендикуляр және көлбеу;

  • Берілген түзуге берілген нүктеден перпендикуляр түсіру (тұрғызу);

  • Берілген нүктеден берілген түзуге параллель түзу жүргізу.

Параллель және перпендикуляр тақырыбын оқыту реті әр түрлі оқулықтарда түрліше. Кейбір оқулықтарда жазықтықтағы түзулердің параллельдігін оқыту үшбұрыштар тақырыбынан кейін жүргізіледі. Ал, басқаларында алдымен «пареллель түзулер» тақырыбы сонан соң «үшбұрыштар» тақырыбы оқытылады. Қандай жағдайда да оқушылардың алдыңғы сыныптарда параллель түзулер туралы алған білімдерін ескеру керек.
Оқушыларда V және VI сынып математика курсынан параллель түзулер туралы кейбір түсініктер қалыптасқан болатын.
Енді оқушылардың есіндегі осы деректерді қалпына келтіріп, оларды қоршаған ортаның бірқатар мысалдарымен бекітіп, параллель түзулер туралы нақты түсінік қалыптастыру қажет. Осы мақсатта, мұғалім сыныпта әңгіме жүргізеді. Оның барысында оқушылар параллель түзулердің мысалдарын келтіріп, оларды қоршаған ортаның таныс заттары (мысалы, үстелдің, дәптердің, кітаптың қарама-қарсы қырлары) және куб пен параллелепипедтердің модельдері арқылы көрсетеді.
Дайын сызба арқылы екі түзудуің әр түрлі орналасуынан қиылсатын түзулер, олардың қиылысу нүктсі; қиылыспайтын түзулер, параллель түзулер, параллель түзулердің ара қашықтығы. Екі түзу қандай жағдайда параллель болатындығы ауызша қайталанады: жазықтықтағы түзулер қиылыспаса; бір түзуден бірдей қашықтықтағы түзулуер; екі түзудің бір түзуге перпендикуляр болуы; параллель кесінділер, паралель сәулелер т.б..
Тақырыпты оқу барысында оқушылар:
екі түзуді үшінші түзумен қиған кезде пайда болған бұрыштар, олардың қасиеттері,
параллелдік аксиома,
параллель түзулердің белгілері мен
қасиеттері және
оларды есептер шығаруда қолдануға үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет