3. Параллель түзулер ұғымын енгізу
Геометрия курсын оқытуда “Параллель түзулер” ұғымын енгізу мәселесіне тоқталамыз. Ұғымды қалыптастыру мынадай негiзгi кезеңдерден тұрады:
Ойлау нысанын (объектiсiн) тудыру.
Ұғымды атау.
Анықтама тұжырымдау.
Ұғымға келтiру (анықтамаға сәйкес ұғымды тани бiлу).
Ұғымнан салдар шығару.
Ұғымды жетiлдiру (белгiсi, қасиеттерi).
Ұғымды дамыту (басқа ұғымдармен байланысы).
Ендi осы негiзгi кезеңдердi жүзеге асыру үшiн ұсынылатын жаттығулар жүйесi қандай теориялық мәселелердi қамту керектiгiне талдау жасап, соның негiзiнде оқыту тапсырмалар жүйесiн құруды қарастырайық.
Ойлау объектiсiн тудыру. Жазықтықта екі түзу өзара қиылысуы, қиылыспауы және беттесуі мүмкін.
Оқушылар моделдер мен сызбаларды пайдалана отырып, өздеріне белгілі келесі тұжырымдарды еске түсіреді:
а) егер екі тузудің ортақ екі нүктесі болса, онда олар беттеседі, яғни бір түзуді құрайды (түзудің аксиомасы);
ә) егер екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі бар болса, онда олар қиылысады.
Енді жазықтықтағы екі түзудің ешқандай ортақ нүктесі болмауы мүмкін бе? - деген заңды сұрақ туындайды.
Жазықтықта екi түзудің орналасуының басқа жағдайлары бола ма? Олай болса, параллель түзулер ұғымын анықтауға байланысты ойлау объектiсiн тудыру үшiн берiлетiн жаттығулар жүйесi мына 5.2-суреттегі сүлбе бойынша жүргiзiлуi керек. Яғни, екі түзудің өзара орналасуындағы олардың негізгі ерекшелігі ретінде «ортақ нүктесі бар» немесе «ортақ нүктесі жоқ» болу жағдайларын ала отырып, мынадай сүлбе ұсынылады:
5.2-сурет. Жазықтықтағы екі түзудің өзара орналасуын ортақ нүктелері бойынша жіктеу алгоритмі
Осы схема бойынша мынадай жаттығулар жүйесiн ұсынуға болады.
1.1 - есеп. AB және CD түзулері берiлген (5.3-сурет).
а) AB және СD кесінділерін қамтитын түзулердiң ортақ нүктесi бар ма?
ә) Қанша ортақ нүктесі бар?
б) AB және СD кесінділерін қамтитын түзулер өзара қалай орналасқан?
Бұл жаттығуды орындау барысында, оқушылар беттесетін түзулердiң ерекшелiктерiн еске түсiредi (бiр жазықтықта жататын және бiреуден артық ортақ нүктесi болатын түзулер).
1.2 - есеп. AB және в түзулері берілген (5.3-сурет).
а) AB және в түзулерінiң ортақ нүктесi бар ма?
ә) AB және в түзулерінiң ортақ нүктесiн атаңдар.
б) AB және в түзулері өзара қалай орналасқан?
Бұл жаттығуды орындай отырып, оқушылар екi түзудiң қиылысатын жағдайын еске түсiредi (бiр жазықтықта жататын және бір ғана ортақ нүктесi болатын түзулер).
1.3 - есеп. AB және а түзулері берілген (5.3-сурет).
а) AB және а түзулерінiң ортақ нүктесi бар ма?
б) AB және а түзулері өзара қалай орналасқан?
Осы жаттығуды орындай отырып, оқушылар түзулердің бiр жазықтықта жататын және ортақ нүктелерi болмайтын жағдайымен танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |