1. Қазақстанның тəуелсіздігінің жариялануы
жəне ТМД-ның құрылуы
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі — экономикалық
дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының тех-
нологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған
тауарлардың бүкіл əлемде бəсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді.
Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен əскери
бəсекеге түсіп жəне капиталистік елдермен əскери-стратегиялық
тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды.
1950—1990 жылдар арасындағы 40 жылда əскери шығын 20 трил-
лион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан
зор зардаптарға ұшыратты.
Қазақстан экономикасының артта қалуы жəне ондағы кемшілік-
тер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-
бесжылдықта (1986—1990 жж.) республика экономикасын қайта
құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың
жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың
өсуінде, əлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың
деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі, басқарудың
əкімшіл-əміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең ба-
стысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер
жете пайдаланылмады, оның толып жатқан көздері іске қосылмады.
1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының бұрынғы жыл-
320
321
дармен салыстырғанда мықтап құлдырағаны байқалды. Дағдарыс
экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-əлеуметтік
жағдайға теріс əсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы
кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дəрежесі мейлінше төмен-
деді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре ба-
стады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің
кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға ай-
ырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркəсіп өндірісінің
көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді.
Əсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда бол-
ды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың
қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.
Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық
қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан ай-
ында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Оның құрамына енген
белгілі экономист Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг, тағы
басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық
қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мəселесімен
шұғылданды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жекеменшіктің жаңа
формалары — акционерлік қоғамдар, жалдық жəне кооперативтік
кəсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кəсіпорындар,
түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991
жылдың ортасында республикада 35 біріккен кəсіпорындар, 16 сырт-
қы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық
банк жұмыс істеді.
Дегенмен, əртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес
Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-
кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына
байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді.
1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның
алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, ұлттық табыс 10%-
ке, еңбек өнімділігі 5,4%-ке төмендеді. Тұтыну-сауда саласындағы
жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше
қысқаруы “көлеңкелі” экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың
тұрмыс дəрежесінің одан əрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның
құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990
жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп 8,7 миллиард сомға жетті,
оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды.
Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 миллиард сомға дейін өсті.
1991 жылы Қазақстандағы барлық кəсіпорындар мен ұжымдардың
11%-і шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын
тауарлар азайды.
Өнеркəсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы
аграрлық сектордың жағдайын едəуір қиындатып жіберді. Соның
салдарынан, егер 1991 жылы ауылшаруашылық өнімдерін сатып
алу бағасы 1,5—3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті
тетік пен мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе
асып түсті. Оның үстіне ауылшаруашылық өнімдерін өндіру біраз
төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы
тиді. Нəтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алын-
ды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60—65 %-тен ас-
қан жоқ. Соның салдарынан республикада ет, сүт, жұмыртқа сатып
алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды.
1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімі
8%-ке, еңбек өнімділігі 11%-ке төмендеді. Мемлекетке небəрі 3,2
миллион тонна астық сатылып, бұл барлық жиналған астықтың тек
27%-ін ғана құрады. Колхоздар мен совхоздардың қаржы жағдайы
нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге
дейін өсті.
Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық көлемі
1990 жылмен салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті
57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның
есесіне аяқталмаған құрылыстар саны 1,4 есеге көбейді. Оған
жұмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард
сомға жетті. Транспорт бойынша 1990 жылмен салыстырғанда жо-
лаушыларды тасу 8%-ке қысқарды. Шет елдерге бұрынғысынша
шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым бол-
ды. Оның 60% қара жəне түсті металлургия өнеркəсіп өнімдерін
құрады. Есесіне республика басқа жерлерден бұрынғыша машина
жасау өнеркəсібіне қажетті жабдықтардың 250-ден астам түрлерін,
13% көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ
өнеркəсібіне керекті материалдар мен шикізатты алдырды.
Мұндай жағдай өзге республикаларда да орын алды. Осыған
байланысты Кеңес Одағы елдерінде ұлттық толқулар күшейді.
Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы
оқиғалар ұлттық мəселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары
жоқтығын айқындады. Кеңес басшылары ұлт мəселесінің байыбын
терең түсінбеді, ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолда-
322
323
рын нақты көрсетіп бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт респу-
бликалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет
болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нəтижесінде
1988 жылдың қарашасы 1989 жылдың мамыр айлары аралығында
Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикала-
ры өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады.
Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тəуелсіз мемлекетке
айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989—1990 жылдары
егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары
да қабылдады.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың
шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы
Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Деклара-
ция қабылдады. Бұл Декларацияда негізінен мына мəселелерге
мəн берілді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт
негізінде жүзеге асады; Республика əкімшілік-аумақтық құры-
лымға, саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени-ұлттық
құрылыстарға байланысты барлық мəселелерді дербес шешеді;
Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО
заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы; Қазақстанның өз
шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді жəне оның
келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісі-
мінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің əскери құрамалары,
олардың əскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің дер-
бес ішкі əскерін, мемлекеттік жəне қоғамдық қауіпсіздік органда-
рын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес,
өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді. Декларацияның
жаңа одақтық шарт жасасу жəне Қазақ КСР жаңа Конституциясын
қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы бап-
та көрсетілді. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық
процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жат-
қан оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылдың ортасынан-ақ
Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппо-
зицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен,
Украинамен, Ресеймен жəне басқа республикалармен бір-бірінің
егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара
пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екіжақты
келісімдер жасалды. 1990 жылы желтоқсанда төрт республика —
Ресей, Украина, Белоруссия жəне Қазақстан егеменді мемлекеттер
одағын құру туралы инициатива көтерді, Новоогарев келісімін тал-
дап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.
1991 ж. 18—21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты
үзіп жіберді. КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-
министрі В.С. Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің
төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО
Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі
Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік осы
ұйымның қолына өтетіндігін мəлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес
Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды
сақтап қалу мақсатында Мəскеуде ұйымдастырылған төңкеріс
еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған КСРО президенті
М.С.Горбачевтың сыртқы əлеммен байланысын үзіп тастаған
ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жара-
майды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс
«Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды.
Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан
əлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып
келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру жəне нарықтық
қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі əкімшіл-
əміршіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі
Мемлекеттік комитеттің № 1 қаулысына сай саяси партиялардың,
қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі
тоқтатылатын болды жəне митингілер мен демонстрациялар
өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салын-
ды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин
басқарды. Оны Мəскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград об-
лысы мен қаласының басшысы А. Собчак, КОКП басшыларының
бірі А. Яковлев, Э. Шеварднадзе жəне т.б. қолдады. Төңкерісшілерді
жоғары шенді əскерилер мен партиялық номенклатураның шағын
бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде тамыз бүлігінің көп ұзамай ба-
сылуына алып келді. Мəскеудегі жұртшылық шеруге шығып, тамыз
бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен
Горбачев Мəскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына
алды. ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс
қозғалды.
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен жəне орталық-
тың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас респуб-
ликалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз та-
лаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін жəне бұрынғы
одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік
324
325
алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартия-
сы тарихи аренадан кетті.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР жəне Украина республи-
каларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп,
мəлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан
республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс жəне тəуелсіз
жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді.
Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең
экономикалық жəне саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс
деңгейі төмендеп кетті, қоғамда əлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен
халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді
деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің
жаңа одағын — Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға
жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін
алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме бере-
ді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді жəне оған бірыңғай
бақылау орнатуды қамтамасыз етеді,— деп атап көрсетілді.
Алайда, бұл шешім əуелгі кезде басқа республикалар тарапы-
нан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа
кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының
келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мəселені
жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж.
12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары
мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек
барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық
жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап
көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері
қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тəуелсіз
Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа
қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі
айтылған жалпы принциптік мəселелердің барлығы мақұлданды.
Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары жəне үкімет
басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жал-
пы бағыттағы көкейтесті саяси жəне əлеуметтік-экономикалық
мəселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшы-
лары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тəуелсіз мемлекеттердің
барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу ту-
ралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған
ядролық қаруды жəне оған əскери басшылық жасауды бірігіп іске
асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тəуелсіз Мем-
лекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып,
халықаралық дəрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мой-
ындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы
Алматы қаласында бас қосқан тəуелсіз елдер басшыларының келісімі
КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары
атқарушы жəне билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-
ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді.
Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада
қабылдаған Қазақ КСР-ның “Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет
билігі мен басқару құрылымын жетілдіру жəне Қазақ КСР Консти-
туциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу тура-
лы” Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет респу-
блика Президентін бүкілхалықтық сайлау болып өтті. Халықтың
демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ə.Назарбаев
Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жа-
салды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, əділет, сот
органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс
комитеті ұйымдастырылды; Президенттің одаққа бағынатын
кəсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына
беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің
дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен
алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда
қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш
рет одан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Əубəкіров ұшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республи-
касы болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республи-
касы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутатта-
ры “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы”
Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы
тəуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табы-
сына жоғары иелік ету құқы бар, тəуелсіз сыртқы жəне ішкі саяса-
тын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық
принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның
біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің
бірден-бір иесі жəне мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табы-
326
327
лады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне,
қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, əлеуметтік жəне
мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орны-
на қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте бо-
лады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігі мен
аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін
құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының əскери міндетін
өтеу, оның тəртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991
жылғы 16 желтоқсан республиканың тəуелсіз күні ретінде бүкіл
əлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тəуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами
бастады. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды.
Облыстардың, қалалардың жəне аудандардың басқару органдары-
на реформалар жүргізілді. Жаңадан əкімдер лауазымы енгізіліп,
олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау,
жергілікті жерлерде экономикалық, мəдени-əлеуметтік мəселелерін
шешу міндеті қойылды. Əкімдерді тағайындау, оларды қызметінен
босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы əкімшілік органдары
жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын
қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың
қызметіне басшылық ету, əртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс
жасау Кеңестердің қарауына берілді.
Өзінің тəуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүние-
жүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі бо-
лып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания
жəне т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде
дипломатиялық жəне консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Ал-
матыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық жəне ұлттық
ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың
егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық
жəне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тəуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі
міндеттер тұрды. Олар — елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан
мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу,
көпұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдала-
ну. Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер — Қазақстанның бүкіл
дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан əрі дамытып, алдыңғы
қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің
қауіпсіздігін қорғау, əлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық
соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса
маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық,
құқықтық жəне əлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Елімізде
саяси партиялардың жəне партиялық жүйенің орнығуына, күшті
заң шығарушы органның, тəуелсіз баспасөз жəне автономиялық
жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді.
Атамекен жеріміздің тəуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын,
бірлігін, мақсат-мұратын білдіретін қастерлі рəміздерді құрмет
тұту, сыйлау, асқақтата дəріптеу қазақстандық əрбір азаматтың ең
қымбатты борышы. Рəміз дегеніміз белгілі бір нəрсені өз қалпынан
өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба, эстетикалық
санат, шартты белгі. Елтаңба, Ту, Əнұран — əрбір тəуелсіз
мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым — Қазақстан та-
рихында мемлекеттік рəміздердің дүниеге келген ерекше мəртебелі
күні.
Қазақстан Республикасы туының авторы — Ш.Ниязбеков.
Тудың біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе, көгілдір
түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пəктіктің
нышаны, күн — энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт
бейнесі — мемлекеттік билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің,
тəуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны. Төл ту-
ымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік
тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда “Қошқар мүйіз” деп атала-
тын қазақы өрнек салынған. Тəуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңба-
сының авторлары — Ж. Мəлібеков пен Ш. Уəлиханов. Елтаңба мəңгі
өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті
меңзейді. Қазақстан Əнұраны əуенінің авторлары — композитор-
лар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди болса, мəтінінің ав-
торлары — ақындар М. Əлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев,
Ж. Дəрібаева. Əнұранда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі,
тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс
тапқан. Əнұран патриоттық сезімнің белгісі. Əнұранның əуені 1992
ж. 4 маусымда, ал мəтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.
2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рəміздері туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен
толықтырулар енгізіліп, бұрынғы Əнұранның орнына жаңа
Əнұранның мəтіні қабылданды. Еліміздің жаңа Əнұраны — жұртқа
əйгілі «Менің Қазақстаным» əні. Оның сөзінің авторы — Жұмекен
Нəжімеденов, ал əн əуенінің авторы — Шəмші Қалдаяқов. Жаңа
328
329
Əнұранның мəтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті
Н.Ə. Назарбаев тарапынан толықтырылды.
Ал 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік
рəміздер күні болып белгіленді. Бұл — Мемлекеттік рəміздерге де-
ген шынайы құрмет белгісі. Мемлекеттік рəміздерге деген құрмет
— отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.
Астана — егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. 1997 жылы Ре-
спублика Президенті Н.Ə.Назарбаев астананы Алматы қаласынан
Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл та-
рихи шешімнің қабылдануына қаланың өте ірі көліктік жолдардың
тоғысында, еліміздің ұтымды геосаяси орталығында орналасуы
себепкер болып, ол көп жағдайда біздің жас мемлекетіміздің келе-
шек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа
елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды. Ал 20 ма-
мырда «Қазақстан Республикасы астанасының мəртебесі туралы»
ҚР-дың Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымында тəуелсіз
Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рəсімі бо-
лып өтті. Біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде еліміздің дəл орта-
сында жаңа астанамызды тұрғыздық. Астана қазақстандықтардың
мақтанышына айналды.
Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси инсти-
туттар — парламент, 1993 жəне 1995 жылдардағы конституция-
лар қабылданды, тəуелсіз сот билігі қалыптасты. Қазақстанда
көппартиялық жүйе пайда болды. 1999 ж. республикада 14 саяси
партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер
құрылды. Ал 2003 жылы саяси партиялардың саны 19-ға жетті.
Жаңадан халық арасында танымал “Отан”, “Ақ жол” т.б. партиялар
бой көтерді.
1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші қоспалаталы парла-
мент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру
қадамдары одан əрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, сая-
си күрес мəдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның
нақтылы дəлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент
Сенаты, Парламент Мəжілісі депутаттарын сайлауды айтуға бола-
ды.
1999 жылғы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті
сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік
партия өкілі С.Ə. Əбділдин, Сенат депутаты Ə.Ғ.Ғаббасов, Мемле-
кеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е.Қасымов жəне Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев. Қазақстан Прези-
дентін сайлауға барлық сайлаушылардың 87,05 проценті қатысты.
Дауыс беру қорытындысында Н.Ə.Назарбаев жеңіске жетіп, қайта-
дан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған
дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 проценті өз
дауыстарын берді.
Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995
жылы қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты.
Еліміз егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды. Оның
біріншісі — 1993 ж. қаңтарында өмірге келді. Бірақ оның елеулі
жетіспеушілігі мен кемшілігі бар еді. Бірінші Конституцияны жа-
сауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып
жатқан саяси-экономикалық жəне əлеуметтік процестерді бірден ой
елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан
нақты айқындау əлі мүмкін болмады. Осындай себептерге байланы-
сты жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туындады. 1995 жылы 30
тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы референдумда еліміздің
жаңа Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанда,
көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң
4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан
едəуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Онда еліміздің
экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан
тиянақталып, халықтың əлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті
құқықтар беретін көкейкесті мəселелерді шешу ескерілді. Жаңа
Ата Заң құқықтық мемлекет құруға бағдарланған. Конституцияның
кіріспесінде: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайыр-
лы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады:
оның ең қымбат қазынасы — адам жəне адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары”,— делінген. Мемлекеттік билік заң шығарушы,
атқарушы жəне сот биліктеріне бөлінеді. Конституция бойынша
Қазақстан Президенттік республика болып табылады. Президент
елдің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін
мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауазымды адам болып есептеледі.
Конституцияда Парламенттің орны мен атқаратын қызметі айқын
белгіленген. Ол заңдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент —
Сенат жəне Мəжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламент-
те мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Жаңа Конституцияда
екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген.
Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі үкіметтің тиісті орны, сот
билігінің, прокуратураның қызметтері де айқындалған. Бұрынғы
330
331
Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңыз-
ды мəселелердің түйіні кейінгі Конституцияда жаңаша шешілген.
Оны, əсіресе, жер, тіл, азаматтық, негізгі құқықтар мен бостандық си-
паты туралы, қос палаталы парламент құрылымы жəне Президентті
айып тағу арқылы қызметтен кетіру мəселесі жөніндегі баптар мен
тармақтардан айқын көруге болады.
Қорыта келгенде, біздің жаңа Конституциямыз, еліміздің рə-
міздері халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы аңсаған шынайы
егемендікке қол жеткізгендігінің нақты көрінісі болып табылады.
Сондықтан, республикамыздың əрбір азаматы Ата Заңымыздың
мазмұнын жете біліп, оның талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз
сақтауға, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге міндетті.
2007 жылы мамырда «Қазақстан Республикасының Конституци-
ясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.
Ол республика халқы тарапынан түсіністікпен жылы қабылданды.
Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты — қоғамды одан
əрі демократияландыру. Бұл жаңа өзгерістер мен толықтырулардың
негізгі мəні қандай? Біріншіден, президенттік жүйеден басқарудың
президенттік-парламенттік моделіне көшудің конституциялық негізі
қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз өкілеттілігін Парламент-
ке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар өзгерістер
енгізілді. Парламенттің құзіреті едəуір кеңейтілді. Президенттің
құзіреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін Президент 7 жылға
емес, 5 жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы
міндеттер мен жауапкершілікті Парламентпен бөлісті. Президент
Үкімет басшысын саяси партиялардың фракцияларымен ақылдасып-
кеңесуден кейін əрі Мəжіліс депутаттары көпшілігінің келісімімен
ғана тағайындайтын болды, яғни Президент үкіметті жасақтауды
Мəжіліспен келісіп шешеді. Енді Премьер-Министрді бекітуде, де-
мек бүкіл Үкіметті де бекітуде басты рөл Мəжіліске беріледі.
Парламенттің мəртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгізілді.
Біріншіден, оның сандық құрамы өсті. Мəселен, Мəжілісте енді 107
депутат болады. Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай
мажоритарлық жүйемен жеке округтер бойынша емес, пропор-
ционалды негізде партиялық тізім бойынша сайланады. Депутаттар
сайлаудың пропорционалдық жүйесіне көшу саяси партиялардың
қоғамдағы рөлін арттыруға, əрі депутаттардың сапалық құрамын
жақсартуға көмектеседі. Парламент бюджетті бекітуге ғана емес,
оның орындалуына да бақылау жасай алады. Палаталардың
бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
бекітілген бюджеттің орындалуы туралы есебін қарап бекітеді. Егер
оны бекітпесе, бұл Үкіметке білдірілген сенімсіздік деп танылады.
Мəжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрынғыдай депутат-
тар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай көпшілік
дауысы жеткілікті болады. Сөйтіп, Конституцияға енгізілген
түзетулерге сəйкес Үкіметтің Мемлекет басшысының алдында ғана
емес, Парламент алдында да жауапкершілігі белгіленеді.
Сонымен бірге қазір, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сəй-
кес Мəжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайла-
нады. Сенат депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен кеңескеннен
кейін тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке ие болады. Ол
Ұлттық банктің төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасын тағайындау жəне оларды қызметтен боса-
ту жөнінде Президентке келісім береді. Сенат құрамы республи-
ка Президенті тағайындайтын 15 депутаттың есебінен көбейтілді.
Парламенттегі 154 депутаттың 47-сі сенаторлардан құралады. Се-
нат пен Мəжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді.
Көбінесе өздері жеке жұмыс істейді. Мəжіліс өз қызметін тоқтатқан
жағдайда Сенат бүкіл Парламент үшін жұмыс істей береді.
Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқару
жаңа деңгейге көтеріледі. Мəслихаттардың бұл бағыттағы мəртебесі
күшейтіледі. Жергілікті мəслихаттар мен олардың депутаттарының
өкілеттілігі кеңейтілді. Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5
жылға ұзартылады. Мəслихаттар жергілікті əкімдерді тағайындауға
келісім береді. Ендігі жерде облыстардың, қалалар мен аудандардың
əкімдері сол деңгейлердегі мəслихаттардың келісімімен ғана
тағайындалатын болады. Сондай-ақ мəслихаттарға басым көпшілік
дауыспен əкімдерге сенімсіздік білдіру, оларды қызметінен босату
жөнінде мəселе көтеру құқығы берілді. Осылайша, мəслихаттар мен
олардың депутаттарының саяси рөлі арта түседі. Жергілікті өзін-өзі
басқарудың негізі мəслихаттар болатыны Конституцияда баянды
етілген.
Конституциялық реформада саяси партиялардың қоғамдағы
рөлін күшейтуге көп негіз жасалған. Сайлауда жеңіске жеткен
партия үкімет жасақтауға мүмкіндік алады. Конституциядағы
қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынған
тыйым алынып тасталды. Енді саяси партиялар бұл қаржыға иек
арта алады. Республика Президентінің өз өкілеттілігін атқару
кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтата тұратындығы ту-
332
333
ралы 43-баптағы 2-тармақ алынып тасталды. Енді Президенттің са-
яси партияны басқаруға құқығы бар. Бұл да саяси партияның рөлін
арттыра түспек.
Сот жүйесінің тəуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара-
лар ескерілді. Судьяны іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғарғы
Сот Кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай барлық деңгейдегі
соттардың судьяларын тағайындауға ұсынымды Жоғарғы Сот Кеңесі
жасайтын болады. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау біршама жақсартылған. Елімізде 2004 жылдан бері өлім
жазасына мораторий жарияланған болатын. Енді өлім жазасы іс
жүзінде қолданыстан шығарылды. Өлім жазасын жою заңды түрде
енгізілді. Жаңа өзгерістерге байланысты біздің елімізде адамдарды
апатқа ұшыратуға соқтырған террорлық қылмыстар жасағаны үшін,
сондай-ақ соғыс кезінде ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін
ғана адамдарға өлім жазасы қолданылады, əрі олардың кешірім жа-
сау туралы өтініш ету құқы да қарастырылған.
Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақ-
тауға бағытталған Конституцияның 16-бабының 2-тармағы жаңа
редакциямен қабылданды: Заңда көзделген реттерде ғана жəне тек
қана соттың санкциясымен тұтқындауға жəне қамауда ұстауға бо-
лады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Прокура-
тура органдары бұл құқықтан айырылады. Соттың санкциясынсыз
адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. Мұның өзі
адам құқығын сақтауға бағытталған оң өзгеріс болып табылады.
Жаңарған Конституция бойынша жасы қырыққа толған, мем-
лекеттік тілді толық меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда
тұратын, туа біткен республиканың азаматы болып табылатын кез
келген адамның Президент болып сайлануға құқығы бар.
Конституцияға енгізілген жаңалықтардың ішінде парламентарий-
лердің ұсынысымен енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы «Ел
Президенті болып бір адам қатарынан екі реттен артық сайлана
алмайды» деген тұжырым одан əрі күшінде қалып, ол «бұл шек-
теу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданыл-
майды» деген сөздермен толықтырылды. Мұны палаталардың
бірлескен отырысында депутаттардың өздері көтерді. Тұңғыш
Президенттің тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргесін қалаудағы
ерен еңбегін бағалай отырып, елдің экономикалық қуатын артты-
ру, қорғаныс қабілетін күшейту, республиканы бүкіл əлемге таны-
ту жолындағы қыруар істеріне көрсетілген құрмет ретінде осындай
қадамға барғанын депутаттар ашық айтты. Екі депутаттан басқасы
мұны бірауыздан қолдады. Соған сəйкес Н. Назарбаев тұңғыш
Президент əрі жалпыға танылған ұлттық көшбасшы ретінде ерек-
ше құқыққа ие болып, Конституцияда белгіленген екі мерзімнен
тыс, əрине, баламалы негізде мемлекет басшысының лауазымына
дауысқа түсу мүмкіндігін алды.
Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар сипаты
Конституциямыздың жаңа мазмұнға ие болғанын көрсетеді. Бұл
Конституциялық реформа заман талабынан, тарихи қажеттіліктер-
ден туған еліміздің алға басуының, ілгерілеуінің маңызды алғышар-
ты болып табылады. Біздің еліміз саяси жаңарудың, демократиялық
дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.
2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Парламен-
тінің төменгі палатасы — Мəжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару органдары — облыстық жəне аудандық мəслихаттарын
мерзімінен бұрын сайлау 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға
өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен байланысты болып, ол
елдің президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқару
түріне өтуін заң жүзінде баянды етті. Мұндай қадам демократия-
ны дамыту мен азаматтық қоғам құруға бағытталған Қазақстан
Республикасында жүзеге асырылып отырған саясаттың қисынды
нəтижесі болды.
Тəуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сай-
лау пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті.
Мажоритарлық жүйеден кетіп, саяси партиялар бəсекеге түсетін
сайлау жүйесін қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия
қатысты. Ел азаматтарының өз еріктерін еркін білдіруі нəтижесінде
«Нұр-Отан» партиясы жеңімпаз атанды, бұл партияны Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарады.
Сөйтіп, елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан» халықтық-
демократиялық партиясы қатарластарынан озып шықты. Əрине,
нұротандықтар басқа партиялар сияқты науқан кезінде ғана емес,
қай кезде де үздіксіз жұмыс жүргізіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне
тұрақты атсалысты. Сайлауға электораттың 65 пайызға жуығы
қатысуы жағдайында бұл партия дауыстардың 88-ден астам пайы-
зын жинады, сөйтіп, заңмен белгіленген жеті пайыздық сайлау
кедергісінен өткен бірден-бір саяси күшке айналды.
Мониторингтің нəтижелері бойынша, тұтастай алғанда,
Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс сайлау елдің
қолданыстағы заңына сəйкес өткізілді. Дауыс беру барысын-
да анықталған жекелеген ұсақ-түйек заң бұзушылықтар
334
335
сайлаушылардың еркін білдіруіне ықпал еткен жоқ. Барлық саяси
партиялармен қатар, үміткерлерге тең жағдай жасалды. Бұқара-
лық ақпарат құралдарында белгіленген күнге дейін сөйлеуіне,
халыққа өз бағдарламасын таныстыруына мүмкіндік берілді.
Сөйтіп, біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекет-
терінің тəжірибесін жəне өзіміздің көпұлтты əрі көпдінді қоға-
мымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағи-
даттарына сай келетін тəуелсіз мемлекетімізді орнаттық.
Достарыңызбен бөлісу: |