2. Қазақстан аумағындағы қола дəуірі
Қазақстандағы қола дəуірінің зерттелуі Кеңес өкіметінің
кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылады. 1933
жылы КСРО Ғылым академиясы Орталық Қазақстанды зерт-
теу үшін ұйымдастырған «Нұра экспедициясының» көрнекті
мүшелері П.С.Рыков, М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов,
И.В.Синицин сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері айтарлықтай.
Қола дəуірін зерттеуде бұлардың ашқан басты жаңалықтарының
бірі Шерубай-Нұра өзенінің аңғарынан қола дəуірінің атақты
Дəндібай ескерткіштерін табуы. Қазақстанның батыс бөлігінде
қола дəуірін зерттеуде ғалым О.А.Кривцова-Грекованың еңбегі
зор. Əсіресе, Тарих, археология жəне этнография институтының
жанынан ұйымдастырылған Орталық Қазақстан археологиялық
экспедициясының меңгерушісі Ə. Марғұланның жүргізген жұ-
мыстары орасан зор. Ғалым Атасу, Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы,
Дəндібай сияқты ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізді. Зерт-
теу жұмыстарының нəтижесінде Ə.Марғұланның қола дəуірі тура-
лы екі үлкен монографиясы, көптеген ғылыми мақалалары жарық
көрген. Шығыс Қазақстанның жерінде қола дəуірінің ескерткіштерін
зерттеуде жемісті жұмыс жүргізген көрнекті ғалым С.С.Черников.
ХХ ғ. 50-жылдары қола дəуірін зерттеуде үлкен еңбек сіңірген ар-
хеолог ғалымдар К.А. Ақышев, А.М. Оразбаев, А.Р. Максимовалар
болды.
Қола дəуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың
басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Еуразия дала-
сында қола алу тəсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс
жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл
бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті
құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дəуірінің
кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мəдениеті — ғылымда
Андронов мəдениеті деп аталады. Бұл дəуірде Қазақстан даласын,
Оңтүстік Сібірді жəне Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас,
өзіндік мəдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мəдениеттің алғашқы
ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы
Андроново селосына байланысты бұл кезең — андронов мəдениеті
деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В.
Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай
қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мəдениетінің
ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға
дейінгі орасан зор аумаққа тарағанын анықтады. Зерттеушілердің
көпшілігі андронов мəдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге
бөледі:
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) — б.з.б. ХVІІІ—ХVІ ғғ.;
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) — б.з.б. ХV—ХІІІ ғғ.;
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) — б.з.б. ХІІ—VІІІ ғғ.
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сəйкес Фе-
доров, Алакөл, Замараев деп аталды.
14
15
Қола дəуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола метал-
•
лургиясы);
Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал
•
шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы;
Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы;
•
Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің
•
озық түрі — көшпелі мал шаруашылығына көшті;
Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер
•
құрыла бастады.
Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекенде-
ген. Негізгі қоныстанған ауданы — Орталық Қазақстан. Бұл өңірден
көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-
петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып
зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация
(мəйітті өртеу) басым болған. Келесі — Атасу кезеңінде жерді иге-
ру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі.
Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау
кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен
қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен
қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сəндік
заттар шықты. Мəйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып
жерлеу жиірек ұшырасады.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мəдениет
— Беғазы-Дəндібай мəдениетінің құрылуымен белгілі. Орталық
Қазақстанда көп жылдар бойы археологиялық зерттеу жұмысын
жүргізген академик Ə.Х.Марғұлан қола дəуірінің соңғы кезінің өзіне
тəн ерекшеліктерін ескере отырып, оны Беғазы-Дəндібай мəдениеті
деп атауға ұйғарды. Бұл мəдениетке ғалым Беғазы, Бұғылы, Саңғыру,
Айбас дарасы, Дəндібай ескерткіштерін жатқызады. Аталған ескерт-
кіштерден алынған материалдар қола дəуірінен темір дəуіріне
өтетін өтпелі кезін көрсететіндігін дəлелдейді. Бұл мəдениетке тəн
бір қасиет, ол бірінші жағынан, андронов дəстүрін сақтайды, екінші
жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік
өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері
пайда болады. Мəйіттерді бүктеп жатқызып қоюмен бірге, оларды
шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бұл мəдениетке сонымен
қатар Қарағандының оңтүстік бетіндегі Ақсу-Аюлы ІІ қабірі жа-
тады. Осы кезде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер
салу рəсімі кең жайылады. Тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен
пайдаланылған. Металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған.
Солтүстік жəне Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық
мəдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен
Алексеев қонысы мен Тастыбұтақ қорымы кеңінен мəлім бол-
ды. Ертедегі қола кезеңіне мəйітті өртеп көму рəсімі жатады. Сол
кездері ежелгі қалалардың прототиптері деп есептелетін қоныстар
пайда болды. Соның бірі — Арқайым Челябинск жəне Қостанай
облыстарының шекарасында орналасқан. Кейінгі қола дəуірінің
бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің
Қима мəдениетінің, ал Батыс Қазақстан — Еділ бойының Қима
мəдениетінің қатты ықпалына түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мəдениетінің дамуы да осы
тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бұқтырманың, Күршімнің
көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандары-
нан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дəуірінің ондаған
қоныстары мен қорымдары табылды. Қанай қорымы жəне онымен
қатар орналасқан қоныс қабірлерінің дені кейінгі қола кезеңіне жа-
тады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дəуірінде халық тығыз
қоныстанған аймақ болды. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы
суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазақстанның
оңтүстігінен ғана табылды. Жетісуға федоров пен алакөл
тайпаларының мəдениеттері элементтерінің араласып-құраласып
жататыны тəн болып келеді. Федоров дəстүрінде қоршаулары
тікбұрышты жəне дөңгелек болып келетін қабірлер көбірек кездеседі.
Жетісудың орта қола дəуіріне Таңбалы, Қарақұдық қорымдары жа-
тады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы
қазылып аршылды. Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан
қола дəуірінің бірегей ескерткіші — Түгіскен кесенесі ашылды.
Андроновшылар шаруашылығы. Андроновшылар тіршілігінде
мал өсіру бəрінен де маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі малы
— қой, сиыр, жылқы болды. Андронов тайпалары тұңғыш рет
қысты күні малды қолда ұстау дəстүрін енгізді. Тұрғын үйлерге
жалғастырыла мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан
түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған.
Ерте жəне орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі І
мыңжылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған.
Олар аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген.
Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған. Мал өсірудің мұндай
түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал ұстаудың жаңа түрлері
мен тəсілдері қажет болды. Кейіннен мал өсірудің жайлаулық тəсілі,
16
17
яғни жартылай көшпелі мал шаруашылығы өмірге келді. Сөйтіп, үй
іргесіндегіден — жайлауға көшу, отарлы, яғни жартылай көшпелі,
сосын көшпелі мал шаруашылығы туады. Бұл дала мен шөл жай-
ылымдарын тиімді пайдалануға жəрдемін тигізді. Көшпелі жəне
жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтуге байланысты бірте-
бірте мал құрамы да өзгере түседі: ірі қараның саны кеміп, қой мен
жылқы саны көбейе түседі. Андронов тайпаларының тіршілігінде
теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай жəне тары
өсірді.
Қола дəуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде
жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс
қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген.
Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты,
тығыз кенді отпен уату арқылы жəне сонымен қатар үңгіп қазу
арқылы өндірген. Отпен уату тəсілі бойынша — кен өзегінің
үстіне от жағылып, əбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға
бөлген. Уақталған руданы қонысқа əкеліп, арнаулы пештерге са-
лып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ
қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды. Метал
балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Ни-
кольское, Петровка ІІ-де бар екені мəлім болды. Метал балқытумен
бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу жəне қыспалау
əдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар,
алқалар, білезіктер жасаған.
Андроновтық тайпалар үй кəсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған.
Қазақстанның далалары мен таулы алқаптарында əрбір отбасы
ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Əйелдер саз балшықты əзірлеп, одан
ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған
шұңқырға от жағып сонда күйдірген. Б.з. дейінгі ХVІІ—ХVІ ғғ. аяқ-
табақтар белгілі бір тоқылған мата қалыпқа салынып істелген. Қыш
ыдыстар геометриялық ою-өрнектермен əсемделген. Бұл өрнектер
байлық пен молшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін жəне ыдыс
ішіндегі затты білдірген.
Андроновтықтардың баспанасы жертөле мен жартылай жер
бетіндегі үйлер болған. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған
пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, тезек жаққан. Кейінгі қола
дəуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді
ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Мұндай көлемі үлкен үйлер
Бұғылы, Ақбауыр қоныстарын қазған кезде кездесті. Осындай үлкен
үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын
жəне үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген.
Қоғамдық құрылысы. Қола дəуірінде мал шаруашылығы
мен металлургияның жедел дамуы ерлердің еңбегін көп қажет
еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық
қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру келді. Андроновтықтар
қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: ру басшы-
ларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау жəне т.б. Жоғарыда
айтқанымыздай андроновшылар үлкен үйде үлкен отбасылық
қауым болып өмір сүрген жəне бірге тұрып, бəріне ортақ шаруаны
ағайын-туыстардың бірнеше буыны бірлесіп атқарған. Қоныстар
материалына қарағанда көзге түсерліктей ешбір елеулі əлеуметтік
жəне мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда қорымдарды зерт-
теу ісі адамның байлық дəрежесі мен қоғамдағы мəртебесінің
айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола
дəуірінің өзінде көптеген біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда
қабірі үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының құрылысы да күрделі,
мола ішіне қойылған құмыралары мен тағамы да мол зират ерекше
назар аудартқан. Мұндай қабірлерден сондай-ақ соғыс арбасының
жұрнағы мен аттардың сүйектері, мəйіт басынан қола қанжарлар,
жебелер табылған. Орта жəне кейінгі қола дəуірлерінде де тап осын-
дай жəйттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым қабірлер арасы-
нан ірі тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса үлкен
оба не мазарлар көзге түседі. Обалар салып, қабірлер қазу ісімен,
онда қойылатын заттар арасындағы елеулі айырмашылықтарға
жүгінсек, андронов қоғамы біртекті болмаған. Үлкен қорымдарда
сол кезде қоғамда айрықша топқа бөлінген жауынгерлер қойылған.
Қоғамның жіктелуі басталған — оның қатардағы қалың мүшелері
арасынан бөлініп «патшалар» — билеушілер, жауынгерлер — кша-
трийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дəрежеге
ие болған. Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары
бағаланған. Олар діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дəстүр мен
білімдерді сақтаушылар болды. Олардың өзгелерден айрықша бір
белгісі — ағаш табақ пен ерекше бас киімі (бөркі).
Қола дəуірінде еңбек құралдарының жетілдірілуіне жəне
шаруашылықтың дамуына байланысты азық-түлік молайып,
артық қор құрылды. Қоғамда біреулер байып, басқаның еңбегін
пайдалануға мүмкіндік алды. Сондықтан тұтқындарды өлтірмей,
оларды құлға айналдырды. Рулық ұжымдық меншіктің орнына жеке
меншік орнап, еңбекті қанау пайда болды. Бұл мүлік теңсіздігінің
шығуына алып келді. Сөйтіп, қола дəуірінде рулық қауым ыды-
рап, шағын отбасылардың рөлі күшейіп, патриархалдық-рулық
18
19
қатынастарды сақтаған көршілік қауым өркендеді. Кейінгі қола
кезеңіне қарай отбасылық қауымдар бөлшектеніп, нəтижесінде
алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады.
Қола дəуірі адамдарының діні мен өнері. Қола дəуірінің тай-
палары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы
батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып, қол-аяғы бүгіп
жатқызылған. Бұл жер-ана құшағына барған сəби қалпындағы адам
түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған.
Ерте қола дəуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мəйітті
өртеу басым болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын
байқаймыз. Кейінгі қола дəуірінде жерлеудің кесенемен бірге
өртеу түрі болған. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған.
Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Сүт
ішіліп, ет желініп болған соң, құмыралар мен сүйектер болашақ
үйдің ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген.
Үйдің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген.
От пен күлге байланысты жөн-жоралғылардың бəрі құдайдың
рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт-береке
болса деген тілекпен жасалған. Мəйітті көкке əкететін от құдайы
— Агнияға арнап құрбандыққа ешкі сойған. Қола дəуірінің соңына
қарай күнге, айға жəне жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына
сиыну жəне о дүниеге сену кең тарады.
Қола дəуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік
ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне
қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адам-
дар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл —
адамның рухани мəдениеті жəне оның дүниетанымы жөніндегі аса
бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан — жартаста-
ғы суреттер-петроглифтердің саны мен əралуандығы жөнінен
əлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған
Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау
аймақтары дүниежүзілік мəдениеттің қорына қосылады. Қола
дəуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған.
Жартастардағы салынған суреттер — андроновшылардың өздерін
қоршаған дүние жайлы түсініктерінің көрінісі еді. Суреттерде жиі
кездесетін бейне — мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып
денесі шиыршық атып, аяқтарымен жер тіреп тұрған турдың —
жабайы бұқаның суреті. Əлемді жарату жөніндегі мифтерде дүние
— Күн құдайы Митра құрбандыққа шалған бұқаның мүшелерінен
жасалған делінеді. Сонда Митра бұқамен қатар қойылып, бірдей
саналады. Ешкіөлмес тауындағы суреттердің бірінде Митра, басы
күн шұғыласымен қоршаулы адам бейнелес секілденіп, бұқа үстін-
де түрегеп тұрған күйде бейнеленген. Бірқатар киелі орындарда
ертедегі адамдардың басы күн шұғылалы Митраға тағзым етіп, та-
бынып жатқан кездегі көрінісі салынған. Таңбалы шатқалында күн
басты бір кісінің маңында айнала билеп жүрген кішкентай адам-
дар, жұптасып жəне жеке өзі билеп жүрген адамдар бейнеленген.
Бұқа бейнесі молшылық, құдіреттілік пен күшті білдіреді. Жартас
көркем өнеріндегі жиі кездесетін суреттердің бірі — қос өркешті
бактриян түйесінің бейнесі. Ол ирандықтарда күн күркіреу құдайы
— Веретрагна, үнділіктерде — Индра бейнесі болып есептеледі.
Қола дəуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де
кеңінен тараған. Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49
жерде кездеседі, олар Таңбалыда да, Ешкіөлместе де бар. Олардың
көпшілігінде екі доңғалақты аңшы жəне соғыс арбалары бейнелен-
ген. Ат пен арба жайлы ирандықтар арасында көктегі күн күймесі
жөнінде əпсана-аңыз бар. Олар жоғарғы құдайлардың бəрі аспанда
пырақ жегілген күймелермен заулап жүреді деп есептеген. Тастағы
суреттердің ішінде жер жырту көріністері де кездесіп қалады, олар-
да соқаға жегілген бұқалар, аттар мен ешкілер бейнеленеді. Соқа ба-
сында адам болады. Бұл көріністер жаңа жылды мейрамдауға, күн
мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңару мейрамына, құнарлылыққа
байланысты болса керек. Бұл мерекенің ең бір маңызды бөлігі —
түрен тарту болып табылады. Бірінші түрен тарту құқы, яғни
алғашқы соқа салу құрметі патшаға берілген.
Қола дəуірі мəдениетінің гүлденуі Жерорта теңізі жəне Кіші Азия
мəдениеті мен экономикалық қатынастың нəтижесі болды.
Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстандағы қола дəуірінің өзіндік
мəдениеті болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып,
Қазақстан аумағында таралып, белгілі бір даму сатыларынан
өткенін байқаймыз. Осы дəуірде аридтық табиғи-географиялық
жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал шаруашылығына өтуге өз
əсерін тигізді.
20
21
2-тақырып
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ
ОДАҚТАР ЖƏНЕ ЕЖЕЛГІ МЕМЛЕКЕТТІК
БІРЛЕСТІКТЕР
Ерте темір дəуіріндегі тайпалық одақтар
•
Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер
•
1. Ерте темір дəуіріндегі тайпалық одақтар
Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында
өзіндік орын алатын қола дəуірін ауыстырып, үлкен де күрделі
өзгерістер əкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің
заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын
мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы жəне
көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді.
Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия
жəне Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта
«сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V
ғ.) жəне басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп
атаған. Сақ бірлестігі туралы мəліметтер кездесетін негізгі жазба
деректер екі топтан тұрады: 1) антик дəуірінің авторлары (гректер)
— Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей жəне т.б.; 2) Ахеменид-
тер əулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жа-
зуы, т.б.). Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері
бұл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды.
Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені
бойын мекендеген скифтердің жəне төменгі Еділ өзенінің төменгі
ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен
І Дарий тұсындағы парсылардың жəне Александр Македонский
дəуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылар-
мен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ—V ғасырларда Ахеме-
нидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына
жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген.
Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын
даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар),
парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы ба-
яндалады. Алғашқы екі тобын Герадот “амюргия-сақтар” жəне
“ортокарибантия-сақтар” деп атаған.
Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан
аумағында шоғырланғандығы туралы түрлі болжамдар бар. Олардың
біреуіне сəйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан
аумағында жəне Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтары ме-
кендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған,
оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.
Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ірі тайпа не-
месе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий-
сақтары деп аталды. Бұл сақтар Ежелгі Бактрия жəне Маргиа-
на аумағында (Əмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауында)
орналасқан. Ертедегі парсылардың танысқан сақтары осылар еді.
Лингвистикалық зерттеулердің мəліметіне қарағанда сақтардың
Орталық Азияның көне иран тұрақтарынан б.з.д. І мыңжылдықта
бөлектеніп шыққан ирандық, нақтырақ шығыс ирандық тайпалар
тобына жататындығы байқалады.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, ари-
маспылар, қаспилер, аргипейлер жəне т.б. сияқты ондаған тайпа-
лар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады.
Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында
былайша орналасқан делінеді: массагеттер — Сырдарияның төменгі
бойы мен Арал теңізінің оңтүстік жəне солтүстік-шығыс өңірінде,
дайлар — Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын,
исседондар — Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағын-
дағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер,
соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан ке-
ңістігіне орналастырады, аримаспылар — Шығыс Қазақстан
аумағын, қаспилер — Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипей-
лер — Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.
Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып,
жылқы, ірі қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі бол-
ды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы.
Сақтарда түйе өсіру Батыс жəне Оңтүстік Қазақстан аймақтарында
өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы
меңгерген.
Б.з.д. VІІІ—VІІ ғасырларда Қазақстан мен Орталық Азияны
мекендеген тайпалардың Ассирия жəне Мидиямен, ал б.з.д. VІ
ғасырдың ортасынан бастап құрылған Ахеменидтер тұсында Пер-
сиямен қарым-қатынас жасаған жəне сол кезеңдегі көптеген тарихи
оқиғаларға араласып отырған.
22
23
Жазбаша жəне археологиялық деректер б.з.б. VІІІ—VІІ ғғ.
Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние
өркениеті — Ассириямен жəне Мидиямен, ал б.з.б. VІ ғасырдың ор-
тасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап Перси-
ямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген
тарихи оқиғаларға қатысты. Мəселен, Кир сақтармен одақ жасап,
Мидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек ала-
ды. Кейінірек Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы бо-
лып жорыққа аттанады. Бірақ, оның жорығы қатты қарсылыққа
кездесіп, соңында Кир бастаған парсылар сəтсіздікке ұшырап,
əскерлері талқандалып, өзі қаза табады. Герадот мынадай аңыздық
мəліметтерді келтіреді: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың
патшайымы Тұмар (Томирис) торсыққа қанды толтыра құйғызып,
«Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдің ба-
сын салдырған.
Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын І Дарий (б.з.д.
521—486) жалғастырды. Б.з.б. 518 жылы І Дарий массагет-сақтарға
қарсы жорық бастап, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарих-
шысы Полиэн массагет-сақтардың парсыларға қарсы ерлікпен
күрескендігі жайлы мына бір оқиғаны келтіреді. Шырақ есімді бір
сақ жауынгері өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға ба-
рып өзін сақ көсемдерінен зардап шеккен адам сипатында көрсетеді.
Одан соң өзінің тайпаластарынан кек қайтарғысы келетінін
мəлімдеген Шырақ жауларын, яғни парсыларды сусыз шөл далаға
апарып адастырады. Ал, ол жерде парсылардың көбі шөлге шы-
дамай қырылады. Өз жерін жат жерлік басқыншылардан қорғау
мақсатында сақ жауынгері Шырақ осындай ерен ерлік жасады.
Дегенмен І Дарий аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын,
соның ішінде хаомаварга-сақтарын жəне басқа да кейбір тайпаларды
бағындырады. Бұл тайпалар Ахеменидтердің ХV сатрапиясының
(салық аймағының) құрамына кіріп, алым-салық төлеуге тиіс бол-
ды, бірақ ол өз уақытында төленіп тұрмады жəне көбіне сыйлықтар
сипатында болды. Сақтар болса Ахеменидтердің əскерінде қызмет
атқарды. Тіпті, олардың біразы парсы патшасының «өлмейтін он
мың» деп аталатын жеке əскери құрамасының қатарына да кірді.
Б.з.б. VІ ғасырдың аяғымен V ғасырдың басында ежелгі
Шығыста грек-парсы соғыстарының басталуына байланысты ірі-
ірі саяси оқиғалардың болғаны белгілі. Сол тұста кейбір сақ тай-
палары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде пар-
сылар жағында қатысып отырған. Мысалы, Гавгамелы маңындағы
шайқасқа сақтардың жеңіл атты əскері қатысқан.
Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500—449 жылдары) парсылардың
жеңілуімен аяқталды. Ал, бұл кезде Грекияда экономикалық жəне
саяси дағдарыс шиеленісе түседі, құл иеленушілер болса, бұдан шы-
ғудың жолдары шығысқа басқыншылық жорықтар ұйымдастыру
деп түсінеді. Б.з.б. ІV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер
Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменидтік ІІІ
Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді.
Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға қарай бет алады.
Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия халықтары табан тіресе
ерлікпен қарсыласты. Александр Македонскийдің əскерлеріне қарсы
күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер,
оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский
əскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп,
жараланады. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды
қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен
басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауына сүйене отырып,
сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-грек əскерлерін
бірнеше дүркін талқандаған болатын. Үш жыл бойғы кескілескен
соғыстан кейін ғана македондық-гректер Орта Азияның кейбір тай-
палары мен халықтарын уақытша бағындырды. Сырдарияның арғы
жағасындағы сақ тайпалары өздерінің тəуелсіздігін сақтап қалды.
Александр Македонский өлгеннен кейін оның ұлан-байтақ импе-
риясы тығыз экономикалық жəне саяси байланыстары жоқ тайпалар
мен халықтардан біріктірілгендіктен дағдарысқа ұшырап ыдыра-
ды.
Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхауда-
сақтарға кіретін сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта
Азия мен Қазақстанның этно-мəдени сақ қауымының өзіндік
жарқын мəдениетінің ірі ошағы болды. Сақ мəдениеті — Орталық
жəне Алдыңғы Азияның мəдениеті мен өнері жетістіктерінің бірі
болды. Ол заманға қатысты қорымдардың көп болуы ерте кезден-
ақ Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық
игерілгенін байқатады. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек,
Шарын, Кеген өзендері мен т.б. өзендердің аңғарларында көптеген
тас жəне топырақ обалар шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы
(Іле өзенінің сол жақ жағалауы) — 300 обадан, Берікқара қорымы
(Талас өзенінің аңғары) 500 обадан, Кетпен — Төбе алқабында
(Солтүстік Қырғызстан) 700 обадан тұратын қорымдар табылған.
Оларда адамдар əр түрлі уақыттарда жерленіп, жүздеген жылдар
бойы қалыптасқан.
24
25
Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары саналатын
обалардың көп табылуы жағынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға
тең келетін Орта Азия мен Қазақстанның басқа аудандары жоқ.
Осындай археологиялық ескерткіштердің мол табылуына байланы-
сты А.Н.Бернштам «патша сақтары мен үйсіндер» Жетісуды мекен-
деген деп қорытынды жасайды.
Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань
қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары
тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан
аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сəулет өнерінің
бірегей ескерткіштері.
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін
«Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының
байлығымен қайран қалдырады. Оның басынан аяғына дейінгі
киімдері алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша
арқылы əшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң»
стилінде жасалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның
маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде,
əліпбилік жазба болуы ықтимал.
Б.з.д. І мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы рулық қауымның
ыдырап, əлеуметтік құрылымның қалыптасу үрдісінің жаңа си-
патымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер жекеменшік, ал
кейіннен отбасылық меншік түрінің шыққанын айқын байқатады.
Сақ заманының қоғамдық құрылымын: шағын туыс отбасылар тобы
(патронимия) — яғни, көшпелі қауым-тайпалар одағы деп атауға бо-
лады. Бұл құрылымның патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген
үлкен патриархаттық-рулық əлеуеттің үлкейіп, табиғи бөлшектенуі
нəтижесінде құрылды. Ол бөліністер əулет басшысының есімімен
аталды. Ал қоғамның жіктеліп, байлар мен кедейлерге бөлінуі
сақ қоғамында мүлік теңсіздігінің, яғни, əлеуметтік теңсіздіктің
болғанының дəлелі болып табылады.
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған. Олар: жауынгерлер,
абыздар, қауымшыл сақтар. Осы жіктердің əрқайсысының өзіне тəн
дəстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл жəне сары-қызыл,
абыздарға — ақ, қауымшыл сақтарға — сары мен көк түстер тəн еді.
Сонымен қатар, абыздардың белгісі — құрбан табақ пен айрықша
бас киім болды. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан
сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. Сақ əйелдері
қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да
ерлермен бірдей қатынасып, ерлік көрсетіп отырған.
Б.з.д. VІ—V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық
құрылысының сол заманғы прогрестің неғұрлым жоғарғы сатысы-
на көтерілгендігін, оған экономикалық жəне саяси алғышарттардың
болғандығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |