2. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыру
Соғыстың алғашқы айларында Кеңестер мемлекеті соғысқа
дейінгі жылдары салынған өндіріс қуатының көп бөлігінен айы-
рылды. Бұл жағдаймен бір мезгілде мемлекет экономикасын əскери
өмірге бейімдеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Қысқа мерзім
ішінде республика халық шаруашылығын соғысқа бейімдеп қайта
272
273
құру қиын болды. Бірінші кезекте елдің қорғаныс мұқтажына
жұмыс істейтін халық шаруашылығы материалдық жəне адам ре-
сурстарымен қамтамасыз етілді. Халық шаруашылығы салала-
рында негізінен əйелдер, қариялар, жасөспірім балалар еңбектенді.
Соғыс уақытының талабына сай жұмыс күні ұзартылды жəне еңбек
демалыстары жойылды. Барлық азық-түлік пен шикізат қорлары
майданға жіберілгендіктен, халық азық-түлік жəне өнеркəсіп
өнімдерімен белгіленген мөлшерде ғана қамтамасыз етілді.
Соғыстың алғашқы күндерінде КСРО үкіметі жанынан эвакуа-
ция жөніндегі Кеңес құрылды. Ал, Қазақ КСР Халық Комиссарлар
Кеңесі жанынан эвакуациямен келген халықты, өнеркəсіп орында-
рын орналастыру жөніндегі бөлімдер ашылды. 1941 жылдың жа-
зынан бастап Қазақстанға көшірілген халықты əкелген эшалондар
келе бастады. Қазақ Республикасына əсіресе, 1941 жылғы тамыз-
желтоқсан айларында халық көп келді. 1941 жылдың аяғында
тылға көшірілген 12 млн. халықтың 386492-сі Қазақстанға орнала-
стырылды. Бұл көрсеткіш 1942 жылы 532,5 мыңға өсті. Жергілікті
өкімет ұйымдары эвакуациямен келген халықтың мұқтажын
қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырды.
Соғыстың алғашқы айларынан бастап Қазақстанға батыс
аудандардағы өнеркəсіп орындары көшіріле бастады. 1941 жылы
28 қыркүйекте Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь станок зауыты
көшіп келді. Петров атындағы мұнай жабдықтарын жасайтын за-
уыт Гурьевке, Пархоменко атындағы шахта жабдықтарын жасай-
тын зауыт Қарағандыға көшірілді. Қазақстан аумағына көшірілген
өнеркəсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне жақын жерлерге
орналастырылды. Ақтөбе ферросплавл зауыты Запорожье фер-
росплавл зауыты жабдығын, Өскемен қорғасын мырыш комбина-
ты, Орджоникидзе түрлі-түсті металл зауытын, Ворошилов ауыр
машина жасау зауытын Алматы авторемонт зауыты қабылдады.
Алматыдағы құрылысы толық аяқталмаған авторемонт зауыты Лу-
ганск ауыр машина жасау зауытын, республикамыздың оңтүстігі
Украинаның 14 қант зауытын қабылдады.
Өнеркəсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды: 1941 жылдың
соңынан 1942 жылдың басына дейін, 1942 жылдың басынан
күзіне дейін. 1941 жылдың күзінде Қазақстанға УКСР-нен, БКСР-
нен, Ленинград пен Москвадан өнеркəсіп орындары көшірілді.
Тек Украинадан 70 шақты зауыт, фабрика, электростанция, депо,
механикалық шеберханалар келді. Олардың ішінде Қазанның
ХХ жылдығы атындағы станок жасайтын зауыт, № 24 зауыттың
Харьковтік ұшақ цехы, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты,
“Трансвязь” электромеханикалық зауыты, Пархоменко атындағы
Луганск машина жасау зауыты, Киев ет комбинаты жəне т.б болды.
Мəскеу жəне Мəскеу облысынан рентген, Дзержинский атындағы
электротехникалық зауыт, Курчатовск мехзауыты, “Изолит” зау-
ыты, “Красный факел” зауыты көшірілді. Тек Гурьев арқылы 1942
жылы тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанға 24 000 тонна əр
түрлі өнеркəсіп жабдықтары көшірілді.
Жеңіл өнеркəсіп орындары да Қазақстан, Орта Азия аумақтарына
көптеп көшірілді. Атап айтқанда, Киев, Азов, Артемов аяқ-киім
фабрикалары негізінде Семей аяқ-киім фабрикасы, “Парижская
коммуна” аяқ-киім фабрикасы негізінде Қарағанды, Қызылорда,
Алматы аяқ-киім фабрикалары құрылды. Қазақстанға 53 жеңіл
өнеркəсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл
өңдейтін, аз литражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін ма-
шинасын жасайтын зауыттар əскери жабдық, қару-жарақ шығаруға
негізделіп қайта құрылды. Көшірілген өнеркəсіп орындарымен бірге
республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының
құрылысшылары, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы
мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000-ға тарта инженер-техник
мамандары қоныс аударды. Жау уақытша басып алған жерлердегі
өнеркəсіп орындары Қазақстанға көшіріліп, орналастыру шаралары
6 айға созылды.
Отанға төнген қауіп Кеңестер Одағының барлық ұлттары мен
халықтарын тығыз біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап
Қазақстан еңбекшілері жоғары ұйымшылдық көрсетіп, Отанының
бостандығы мен тəуелсіздігі үшін еңбектенуді басты мақсаты деп
шешті. 1941 жылдың 16 тамызында БКП (б) ОК-мен КСРО ХКК По-
вольжье, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан жəне Орта Азия аудандары-
на 1941 жылдың 4- тоқсанына жəне 1942 жылға арналған жоспарды
бекітті. Бұл жоспар бойынша əскери техника, жабдықтар, оқ-дəрі
өндіруді ұлғайту жəне металлургия, көмір салалары өнімдерін
асыра өндіру, стратегиялық шикізат шығаруды арттыру көзделді.
Өйткені 1941 жылдың өзінде жау КСРО аумағының көп бөлігін жау-
лап алды. Жаулап алынған аумақтарда өндірілетін шикізат ендігі
жерде Қазақстанда бірнеше рет көп мөлшерде өндірілді. Донецк, Мо-
сква түбіндегі көмір бассейндерінен көмір өндіру мүлдем тоқталды.
Сондықтан соғыс мүддесіне көмір өндірудің барлық ауырлығы
Қарағанды көмір бассейніне түседі. Қарағанды көмір бассейні соғыс
жылдарында алдағы жылдармен салыстырғанда көмірді төрт есе
274
275
артық өндірді. Соғыс жылдары 18 жаңа шахта ашылды. 1945 жылы
конструктор С.С.Макаров əлемдегі ең алғашқы көмір комбайнын
Қарағанды жерінде ойлап тапты. Қарағанды көмірі Орал, Орск-
Халиловск, Поволжье өнеркəсіп орындарын, темір жол транспор-
тын отынмен қамтамасыз етті.
Соғыс жылдары мұнай өндіру 3 есеге көбейді. “Қазақстан
мұнай” ұжымы тəулігіне 12 сағат жұмыс істеді. “Ақтөбе мұнай”
ұжымы Жақсымай мұнай шығару объектісін жұмысқа қосса, Гу-
рьев облысының мұнай құбырларында мұнай өндірісін арттыру-
ды қолға алды. Ұжымдар арасында социалистік жарыстар кеңінен
қанат жайып, жарысқа қатысқан 9340 мұнайшының 5800-і жұмыс
нормасын 101—200%, 218-сі — 200—300 %, 23 мұнайшы 300 % асы-
ра орындады. Ембі-Құлсары мұнай өндірісін басқарған мұнайшы
инженер Сапы Өтебаев 1941 жылы 29 ұңғыны жұмысқа қосып,
тəуліктік өнімді осы жылы соғысқа дейінгі көрсеткіштен екі есеге
көбейтті. Соғыстың тек алғашқы жылы жаңа 4 мұнай өңдеу орын-
дары жұмысқа қосылды.
1942 жылы неміс-фашистер əскері Волгаға шығып, Солтүстік
Кавказ аумағын басып алуына байланысты, мұнай өнеркəсібінің
жағдайы қиындады. Сондықтан Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті
мұнай өндіруде Қазақстанға үлкен үміт артады. Ембі мұнайшылары
1942 жылы тəулігіне 2500 т. мұнай өндірсе, 1943 жылы — Мемлекет-
тік Қорғаныс Комитетінің тапсырмасын орындау барысында мұнай
өндіруді 4500 тоннаға жеткізуді ұйғарды. 1943 жылы 18 мамырында
Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті “Қазақстан мұнай комбинатында
мұнай өндіруді жүзеге асыру шаралары” деген қаулы қабылдайды.
Қаулы бойынша мұнай өндіруді барынша күшейту жəне комбинат
жанынан барлау бөлімін ашу жолға қойылды. Нəтижесінде осы
жылы Кавказ жəне Қазақстан мұнайын майданға жеткізу жолда-
ры салынып, майдандар өз мерзімінде жанармаймен қамтамасыз
етілді. 1943 жылы “Қазақ мұнай” ұжымы Мемлекеттік қорғаныс
комитетінің Қызыл Туын 5 рет иемденіп, мұнай өңдеуде жоғары
көрсеткіштерге жетті. 1944 жылы “Қазақстан мұнай комбинаты”
ұжымы 15 рет Бүкілодақтық жарыстардың жеңімпазы аталып, 10 рет
ОАК мен Қазақстан коммунистік партиясының Туларын иемденді.
1944—1945 жылдары бұл ұжым 11 рет Қорғаныс Комитетінің Туын
иемденіп, бүкілодақтық жарыстың 2,3- орындарын жеңіп алды.
Соғыс жылдары қорғаныс өнеркəсібі үшін Қазақстан метал-
лургтері күні-түні еңбек етті. Өндірілген 100 т. молибденнің 60 тон-
насын Шығыс Қоңырат руднигі өндірді. Қазақстан соғыс жылдары
Одақ бойынша өндірілген барлық қорғасынның 85%, полиметалдың
— 70 %, висмуттің — 50%, вольфрамның 20% өндірді.
Тоталитарлық тəртіптің қылмыстарының бірі — халықты де-
портациялау, яғни оның этноəлеуметтік жəне аумақтық бірлігін
күштеп бұзу болды. 30- жылдары жүзеге асырыла бастаған депорта-
циялау науқаны екінші дүниежүзілік соғыс жылдары күшейе түсті.
Негізсіз айыппен 1941 жылы поляктар мен 361 мың Волга бойының
немістері шұғыл түрде көшіріліп, Қазақстанның 12 облысына жер
аударылды. Қазақстанға жер аударылар алдында олардың мал-
мүлкі толығымен тəркіленіп, өкімет тарапынан ешқандай көмек
көрсетілмеді. Олар тек жергілікті халық тарапынан қолдау тапты.
Кеңестік немістерге əкімшіл-əміршіл жүйе Отанын қорғауға рұқсат
етпеді. Сондықтан қолына қару алып, фашистермен соғысу үшін
көптеген немістер фамилияларын өзгерткен. Мысалы, Вольдемар
Венцель Венцов деген фамилиямен соғысып, көптеген медальдар
мен Қызыл Ту орденімен марапатталған. Павлодарлық П.Шмидт
азербайжан тілін білгендіктен Али Ахметов деген атпен, Иван Гар-
вард Громов деген фамилиямен соғысқа қатысады. Соңғысы Кеңес
Одағының Батыры атағын иеленді. Оның есесіне 1942 жылдан ба-
стап 15—60 жас аралығындағы немістер еңбек армиясына мобили-
зацияланады. Еңбек армиясы күшпен еңбек ету лагерьлерінде тұрды
жəне оларды ІІХК-ның қарулы əскер бөлімшелері күзетті.
1943—1945 жылдар аралығында республиканың 4 облысы мен
145 ауданына 507 мың карашайлықтар, балкарлар, шешендер, ин-
гуштар, қалмақтар, 110 мың месхеттік түріктер мен күрдтер, 180
мың Қырым татарлары жер аударылады. Əкімшіл-əміршіл жүйе бұл
халықтарды азаматтық құқықтарынан айырып, жойып жібере жаз-
дады. Бұл фактілер Кеңестер мемлекетінде сөз жүзінде халықтар
достығы, теңдігі туралы көп айтылғанымен, іс жүзінде ұлттық
саясаттың бұрмалағандығын көрсетеді.
Осындай халықтың жанқиярлық ерлігінің нəтижесінде кеңестік
экономиканың өсу қарқыны соғыс алдындағы бес жылдықтар
көрсеткіштерінен жоғары болды. Нəтижесінде тек 1942 жылдың
өзінде КСРО Германиямен салыстырғанда танкті 3,9 есе, ұшақты
2 есе, артиллериялық қару-жарақты 3 есе артық өндірді. Ал, 1944
жылы кеңестік индустрия сөткесіне бір танк бригадасы мен полкін,
3 авиация полкін жабдықтауға жарайтын əскери техника шығарды.
Оған Қазақстан экономикасы да өз үлесін қосып, соғыс өнімдерінің
басым бөлігін өндіріп, уақытымен майданға жеткізіп тұрды.
276
277
3. Халықтың тылдағы ерлігі
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.
1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда
ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған.
Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тарты-
луымен олардың орнын қариялар, əйелдер мен балалар басты. 1944
жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі — 20%,
əйелдер — 58%, жасөспірімдер — 22% болды. Яғни, майданды азық-
түлікпен, шикізатпен іс жүзінде əйелдер, балалар мен қарт адамдар
қамтамасыз етті.
Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-
түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауылшаруашылық техни-
касын жіберіп отырды. 1942—1943 жылдар аралығында республика
ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318
жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін
салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер
жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек
етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тап-
сырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн.
пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек
күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Əрбір шаруа 2-3
адамның жұмысын атқарды. Əйелдер балаларын балабақшаға тап-
сырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды.
Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа
дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны əйелдер,
қариялар жəне балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбы-
шев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана — Анар Садықова
— жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе”
артелінде 70 жасар қария — Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра
орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман”
колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары
алып, əлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы — 1 га-дан 202 ц. тары
алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауда-
ны, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким
Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай
Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып əлемдік ре-
корд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев
қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман
Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы,
“Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы
“Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95—100 ц.
тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы əйелдер ерлігі ерекше.
Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рульдеріне отырды. Мы-
салы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы
қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбай-
нын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.
1942 жылы 450 мың гектар тың жəне тыңайған жер жыртылып,
егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809
колхоз болды, оларда еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407
əйелдер еңбектенді. Нəтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы
шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда,
Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен
114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін
егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945
жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі, 1943 жылдан бастап жаудан азат
етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау-
бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер
1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы
колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда
18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық
өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен со-
вхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға
бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка
ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн.
пұт астық артық тапсырды.
Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орны-
на жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру бары-
сында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған əртүрлі жарыстарға
қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы
бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын
алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы
1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы көрсеткіштен 17%-артты.
Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары
алда болды.
Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тəртіп та-
рапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап
əрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар
278
279
ауылшаруашылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспа-
рын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге
1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12—16 жас арасындағы
жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын
орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған
қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе
тəртіптерінен жоғары тұрды.
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына
алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шым-
кент теміржол жүйесінің комсомолдары Мəскеу түбіндегі майданға
танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды.
Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан
қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың
қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград
майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында
жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері”
фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері”
атты коллоннаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен
жоғары оқу орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк
колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонна-
лары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық
ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Ал-
маты қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл
кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға
жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға
И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар,
Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатаев атындағы суасты қайығы жа-
салынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан май-
дан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен
əскер бөлімдерін шефтікке алып, жауынгерлерге 2 млн. астам жылы
киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті.
Сонымен қатар, қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға
қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал
облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Ленинград облысының 12
қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге
көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кав-
каз, Белоруссия, Украина жəне т.б. республика тұрғындарына
көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталин-
градта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына
келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол
аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды
қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.
Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен
үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандары-
нан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде
толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым инсти-
туттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының
физиология институты, Украина Ғылым Академиясының физика-
механика институты, Мəскеу, Ленинград, Киев институттары бол-
ды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев,
И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков,
С.Н.Бернштейн жəне т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға
Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша
көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков,
К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко
сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын
Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы
аңызы”, М.Əуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы,
С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”,
Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық
өрендерімі” дүниеге келді.
Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық
мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941—1945 жыл-
дары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес
киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді.
Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищают Родину”, “Воздуш-
ный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из на-
шего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино
қызметкерлері мен əртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн,
Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васи-
льев, И.Пырьев, Л.Орлова, Н.Крючков, В.Марецкая жəне т.б. Орта-
лық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов,
Ə.Тəжібаевтің қатысуымен “8- гвардиялық”, “Абай өлеңдері”, “Жау-
ынгер ұлы”, “Саған, майдан” фильмдері түсірілді.
Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық
бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, əдебиет пен тарих,
химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология жəне
өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сəтбаев бастаған қазақстан-
дық ғалымдар қара, түсті жəне жиі кездесетін металдарды, тау пай-
280
281
далы қазбаларын, су жəне гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс
қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді.
Соғыс жылдары Қазақстанға жоғары оқу орындары көшіріліп,
көптеген орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен
интернаттар ашылды. Олардың ішінде — Мəскеу авиация институ-
ты, Мəскеу түсті металл жəне алтын институты, біріккен Украина
мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Ал-
маты мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық
институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық институты ашылды.
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фа-
шизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан
үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған
қазақстандық батырлардың есімі əрқашан ел есінде сақталады.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін,
барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің ор-
нын əйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерле-
рінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық
ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін та-
нытты.
14-тақырып
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН (1946—1970 жж.)
Қоғамдық-саяси жəне мəдени өмірдегі өзгерістер
•
Халық шаруашылығын дамытудағы сəтсіз реформалар
•
1. Қоғамдық-саяси жəне мəдени өмірдегі өзгерістер
Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан
қатаң əкімшіл-əміршілдік жүйе 40—50 жылдары шарықтай
түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тап-
ты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу,
мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың
шегі болмады. Қоғамдық-саяси жəне мəдени өмір орталықтан
басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына
алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік
орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды
өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған
өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП
(б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” жəне
“Ленинград” журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты
дəлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын атал-
мыш қаулының аясында жүргізді.
Мəскеу мен Ленинградта “Лениградтық іс”, “Дəрігерлер ісі”
жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмаха-
новтың ісі” ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары
А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин жəне
тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тари-
хын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді.
Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай
сынға алынып, əсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге
берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы
жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20—40 жылдарында”
деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда”
газетіндегі “Қазақстан тарихының мəселелерін маркстік-лениндік
тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыптал-
ды. 1951 жылы 10 сəуірде Қазақстан Компартиясының Орталық
282
283
Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап,
“Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”.
Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы
Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып,
барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4 желтоқсанда
25 жылға сотталды.
Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану
ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов,
Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен
жазаланып, сондай-ақ Ə.Марғұлан, Ə.Əбішев, С.Бегалин секілді
ғалымдар мен жазушылар саяси жəне буржуазиялық-ұлтшылдық
қателіктер жіберді деп айыпталды.
1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекеттерінің
мəдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды.
Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ
халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шəңгерей,
О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі
кеңес əдебиетшілері — Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ə.Қоңыратбаев,
Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Ака-
демиясының президенті Қ.Сəтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны
үшін “ұлтшыл” атанса, М.Əуезов 1945 ж. жарық көрген “Абай
өмірінің жəне творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде
Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мəшһүр Жүсіп Көпеев
ортасында суреттегені үшін” қудаланады. Екі зиялыға да осын-
дай орынсыз кінəлар тағылғаннан кейін, Мəскеуге қоныс аударуға
мəжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі шығыстанушы,
академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай
мəдениеттерін жоғары көтерген” деген мағынадағы кінə тағылды.
Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың “Абай Құнанбаев” атты
əдеби еңбегіне де космополиттік деген кінə тағылып, басылым-
нан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың “Балуан Шолақ”,
С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен Х.Бекхожиннің
“Батырлық эпосы”, Қ.Сатыбалдиннің “Əлия”, М.Хакимованың
“Мəншүк” еңбектері қайтып алынды.
Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан
қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды əкімшіл-əміршілдік жүйе
тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан
кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде
жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих, археология,
этнография институтын, тіл жəне мəдениет институтын, Кеңестік
жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау саясаты тоқтатылды.
1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы
қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің
жеке басына табыну мəселелері төңірегінде алғашқы пікірлер ай-
тыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, əкімшіл-əміршіл
жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Бе-
рия ату жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес”
жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-
əрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияланды-
ру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл — əкімшіл-əміршіл
жүйенің күйреуі емес болатын.
Сотталған адамдар бұрынғыша лагерьлерде отырды, ал адам
құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы
болған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарын-
да отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың жəне тыңайған
жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге
үлкен əсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кад-
рлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан
Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты
рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж.Шаяхметовтың орнына КСРО
мəдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет
басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955—1957 жыл-
дары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хат-
шысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына
көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957—1960), Д.А.Қонаев
(1960—1962), И.Юсупов (1962—1964) болды. Бұл науқан барысын-
да тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи
ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нəтижесі экологиялық,
демографиялық, рухани зардаптар алып келді.
1956 жылы 14 ақпанда Мəскеуде КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда
Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комите-
тінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы
сталиндік диктат үстемдігін əшкерелеп, талдау жасауға тырысты.
“Жеке басқа табынушылық жəне оның салдары” туралы мəселе 25
ақпанда съездің жабық мəжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жар-
ты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың
зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ
съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын əшкерелеу”
туралы баяндамасының толық мəтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989
жылы жарық көрді.
284
285
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954—1964 жыл-
дары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп,
əміршіл-əкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы
кеңес жəне қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық
өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама
ой еркіндігін туғызды. Нəтижесінде мыңдаған кінəсіз сотталған
адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қай-
раткерлері ақталды. 1930—1950 жылдары істі болған зиялылардың
істері қайта қаралып, 1953—1956 жылдары партия қатарынан
шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып
алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист
ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сəтбаев, М.Əуезов
еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына
қайтадан алынды. Əйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегін-
дегілердің Сталиндік тəртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен,
олар əбден орныққан əміршіл-əкімшілдік жүйені толық жойған жоқ.
Əлі де кінəсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша
өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ре-
сейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан
бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық
ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын
біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, Ж.Аймауытов жəне т.б. алаш қайраткерлерінің
қызметіне саяси əділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың
егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы
бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау жəне тағы басқа көптеген
мəселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта
құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін
жасалған іс-əрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан
депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуш-
тар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал,
екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз
автономиясын қайта құруға əкімшіл-əміршілдік жүйе тыйым салды.
Əкімшіл-əміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз
кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тəртіп зиялыларды
бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953—1954 жылдары М.Əуезовтің
“Ақын аға”, Қ.Шаңғытбаевтың “Намыс” жəне т.б. еңбектері басы-
лымнан алынып, жариялануға тыйым салынды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергі-
лікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасын-
дағы саяси жұмысын күшейту жəне жау элементтердің антисоветтік
бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолда-
ды. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси
тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық
айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі
тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сəуір айларындағы
большевиктердің тактикасы” атты мақаласы үшін қызметтен
алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік
шындықты бұрмалағаны үшін” жəне өткенді қайта қарағаны үшін
100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60—
жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959—1960 жылдары 155
еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960
жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының
төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы
ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шəкəрім творчествосын
қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика ком-
партиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін
қанағатсыз деп тауып, ұлт мəселесін көтерушілермен күресті жан-
дандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық
тіл ретінде көтеру мəселесі өте маңызды болды.
Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев рес-
публиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік
аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік
партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мəскеуге бағындырылды.
Ақмола — Целиноградқа, Батыс Қазақстан — Орал облысына ай-
налды.
Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, əсіресе,
зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды.
Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша,
Теміртаудағы толқу — тəртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.
1963 жылы Мəскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжа-
нов, С.Ақатаев, М.Тəтімов, М.Əуезов бас болып “Жас тұлпар” атты
ұйым құрды. Мақсаты — қазақ жастарының ұлттық санасын ояту.
Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одес-
сада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шым-
кентте жəне басқа жерлерде пайда болды.
Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен
шектеді. Əсіресе, экономиканың əскери сұранысқа сай бейімделуі
қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Пав-
лодар жəне Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ по-
286
287
лигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық жəне қаржылық
шығын əкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жары-
лыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін
343 сынақ жасалды.
Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты”
жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін, 1961
жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жо-
балары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланыл-
ды.
Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демокра-
тия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі
КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір
палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тəуелсіз
деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да
орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару,
сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-
жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс
заңдастырылмағанымен, іс жүзінде əкімшіл-əміршіл жүйе билік
құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем
алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық
кеңеске 5—8 мың адамнан — біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан
— 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депу-
таттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді.
Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті əкімшілік органдар
“тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депу-
таттар орындауға тиісті мəселелерін атқару комитеттеріне өтініш
ретінде беріп отырды.
Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың
қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Плену-
мында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер
Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың
ізін ала Қазақстан КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайлан-
ды.
Соғыстың зардабы мəдениет саласының дамуында да үлкен қиын-
шылық тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мəдениет
қайраткерлерінің соғысқа алынуы, мəдени мекемелер, оқу орында-
ры мен мектептердің санының азаюы елдің мəдени даму үрдісіне
кедергі келтірді. Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда тек
майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің
өмірі бейнеленді. Олардың қатарына Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солда-
ты”, Ə.Нұрпейісовтың “Курляндия”, С.Мұқановтың “Сырдария”,
Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” еңбектерін жатқызуға болады. Со-
нымен қатар республика əдебиеті жазушылар Ə.Нұрпейісовтың,
Т.Ахтановтың, Б.Момышұлының, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің;
ақындар Қ.Аманжоловтың, Х.Ерғалиевтің т.б. жаңа шығармалары-
мен байыды. М.Əуезовтің “Абай жолы” романы дүние жүзіне таныл-
ды. М.Төлебаевтың “Біржан мен Сара”, Брусиловскийдің “Дударай”,
Қ.Қожамияровтың “Назугул” опералары Қазақстанның музыкалық
мəдениетінің алтын қорына кірді.
1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш
президенті болып Қ.И.Сəтбаев сайланды. Ғылым Академиясының
толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар — М.Əуезов, Ə.Бектұ-
ров, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов, Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүше-
коррес-понденттеріне Н.О.Базанова, Р.А. Барукаев, Ə.Х.Марғұлан,
М.И.Усанович жəне т.б. сайланды. 50- жылдардың аяғында
Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу
институты жұмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның
кешенді металлогендік əрі болжамдық картасын жасағаны жəне
оның əдістемесін зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев,
Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сəтбаев жəне басқалары Лениндік
сыйлыққа ие болды.
Ал жоғары оқу орындарының құрамына тоқталар болсақ, 50-
жылдары 13 институт: Семейде — малдəрігерлік-зоотехникалық
жəне медициналық, Қарағандыда — медициналық, политехникалық
жəне педагогикалық, Атырауда, Қостанайда, Шымкентте жəне басқа
жерлерде педагогикалық институттар ашылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық
тəртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол жəне пионер
ұйымдары, мұғалімдер жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын
қатаң бақылауда ұстады. Оқу-тəрбие процестерін саясаттандырумен
қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу,
оқушылардың оқуға немқұрайлы қарауы орын алды. Осының сал-
дарынан 20 жылдың ішінде (1950—1970) қазақ мектептерінің саны
3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс
мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек тұрмыстық
қолданыс дəрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл
ретінде қолданылды. Кітаптардың 95% орыс тілінде басылды, те-
ледидар хабарларының 70% эфирде тек орыс тілінде жүргізілді.
Кеңестік тəртіптің бұл қылмысының нəтижесінде қазақ халқының
ұлттық мəдениетінің аясы жылдан-жылға тарылып, тіпті ұлттық
аумаққа қауіп төнген жағдайлар орын алды.
288
289
Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм
түсінігі үстем идеологияға айналды. Ұлттық мəселелердің барлығы
тек интернационалдық тəрбиені жақсарту арқылы шешіледі де-
ген түсінік негізінде ұлыдержавалық шовинизм жатты. Ұлттық
салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып, көбірек
дəріптелді.
Достарыңызбен бөлісу: |