Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет26/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
 
12 
43 

5 
Борпылдақ дəнекер ұлпасы 
1- коллаген талшықтары; 2-эластин талшықтары; 3-фибробласт; 
4- май ұлпасы; 5- толық клетка. 
 
 
Шеміршек ұлпасы 
Шеміршек ұлпасы қаңқа ұлпаларының құрамына кіріп
организмде механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің 
құрамындағы негізгі заты тығыз болып келеді де оның 
беріктілігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге шеміршектің 
серпімділігі де сақталады. Шеміршектің осындай құрлысы 
сүйектердің бір-бірімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді. 
Шеміршек əсіресе төменгі сатыдағы омыртқалылар мен 
жоғарғы сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін 
құрайды. Ересек адам организмінде шеміршектер сүйек 
буындарының үстіңгі қабатын, қабырғалардың ұштарын, 
кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронхтың жəне құлақтың қалқанын 
құрайды. Шеміршек ұлпаларының аралық заты өте тығыз 


71
болатындықтан қан мен дəнекер ұлпаларының клеткалары жəне 
жүйке мен қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды. 
Сондықтан 
шеміршектің 
қоректенуі- 
перихондр (peri-
айнала,chondros-шеміршек) арқылы орындалады. Аралық 
заттың құрлысына байланысты шеміршектер гиалинді, серпімді 
жəне талшықты болып, бөлінеді. 
Гиалинді шеміршек-ұлпаның ең көп тараған негізгі түрі. 
Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, 
қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті жəне т.б. органдардың 
шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді 
жəне түсі мөлдір болады. Шеміршектің клеткалары негізгі 
заттың ерекше қуыстарында орналасады. Көбінесе олар 3-4 
клеткалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір клетканың 
бөлуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады.
Қартайған сайын шеміршектің негізгі заты тығыздалып, 
клеткалары дискі тəрізді жəне бұрыш тəрізді болады. 
Шеміршек клеткалары көбінесе бір ядролы кейде екі 
ядролы болады. Органоидтары жақсы жетілген. Шеміршектің 
клетка аралық заты біркелкі болмайды. Микроскоппен 
қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген 
талшықтары да байқалады.Талшықтар өзара шырматылып тор 
түзеді. Шеміршек ұлпасының басқа ұлпалардан айырмашылығы 
ондағы аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршектің 
аморфты заты протеиндерден хондриотин күкірт қышқылынан 
жəне альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлігі 
хондриотин күкірт қышқылымен күшті қосылып хондромукоид 
түзеді. Ол шеміршектің негізгі заты. Шеміршектің негізгі 
затында коллаген мен хондромукоид біркелкі орналаспайды ол 
жануарлар мен адамдардың жасына байланысты. Адам есейген 
сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқындала 
түседі. Онда тұздар көп жиналып, кəрі шеміршек опырылғыш 
келеді. 
Серпімді шеміршек негізінде гиалин шеміршегіне ұқсас, 
бұның да клеткалары капсуламен қоршалып изогенді топтар
құрайды. Оның түсі сары болады. Серпімді шеміршектен құлақ 
қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады. 
Талшықты шеміршек мұның негізгі затында каллоген 
талшықтары жинақталған. Омыртқа аралығында кездеседі. 


72
Шеміршектің дамуы-гиалинді шеміршек басқа дəнекер 
ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Дамуы мезенхиманың 
тығыздалуынан басталады. Қаңқалы бөлімдер пайда болады. 
Ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді. Онда шеміршектің 
затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан каллоген 
талшықтары дамиды. Шеміршектің осыдан бастап екі бөлімі, 
аралық заты жəне клеткасы айқындала басталады жəне 
клеткалары көбейе бастайды. Негізгі заттың базофильдігі 
артады. Ұрықтың шеміршектің айырмашылығы олар изогенді 
топ құрамай клеткалары бір-бірінен бөлек орналасады.14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет