Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет


Борпылдақ талшықты дəнекер ұлпасы



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
 
Борпылдақ талшықты дəнекер ұлпасы 
Борпылдақ талшықты дəнекер ұлпасы организмде көп 
таралған. Қан тамырларын алып жатады. Органдардың 
құрамына кіреді, терінің астыңғы жағында жатады. Бұл ұлпаның 
құрамына əртүрлі клеткалар жəне клетка аралық заттар кіреді. 
Клетка аралық заттар аморфты жəне талшықтар жатады. 
Талшықты заттар əр бағытта жатады. Сондықтан да бұл ұлпаны 


69
борпылдақ жинақталмаған ұлпа дейді. 
Борпылдақ дəнекер ұлпасының клеткалары. 
Борпылдақ дəнекер ұлпасының клеткалары-фибробластар 
жəне гистоциттер. 
Фибробласт-көп таралған ұзынша келген, 2 зонасы бар 
клетка. Цитоплазмада микротүтікшелер кездеседі. Клетка 
аралық заттарды синтездейді. 
Гистоциттер-макрофагтар фибробластардан кішірек келеді. 
Олар «макрофаг» деп те атала береді. Фагацитоз процесіне 
қатысады. 
Антиген 
информациясын 
иммунокомпонентті 
клеткаларына 
береді. 
Гистоциттер 
борпылдақ 
дəнекер 
ұлпасының 
уақытша 
клеткалары 
болып 
табылады. 
Макрофагтарда клетка органоидтарынан басқа көптеген 
пиноцитоз көпіршіктері лизосомалар, фагосомалар болады. 
Макрофагтардың цитоплазмасында мукополисахаридтердің 
болуы олардың дəнекер ұлпаның негізгі клетка аралық затының 
түзілуіне қатысатынын дəлелдейді. Макрофагтар организмде 
тағы бір маңызды қызмет атқарады-антиденелердің жасалуына 
қатысады. 
Антиденелердің түзілуінің негізгі процесі лимфоидты 
ұлпада болады. Қан жасаушы мүшелер-лимфа түйіндері мен 
көкбауырдың ұлпаларында жүреді. Антигендерді (фагоцитоз 
жолымен) торлы клеткалар, көбінесе макрофагтар қармап 
алғанда, бұл туралы хабарды плазмалық клеткаларға немесе 
плазмоциттерге дифференциялана бастайтын лимфоциттер 
иммуногенез жүйесі мүшелеріне жеткізеді. 
Фибробластар-ірі көп өсінділері бар клетка. Тілмесінен 
қарағанда олардың пішіні, ядро жатқан жеріне қарай кеңейіп 
ұршық тəріздене түседі. Цитоплазмада клеткаға тəн барлық 
органоидтар бар. Фибробластар негізінде мукополиқанттарды 
бөліп синтездеп отырады. 
Қазіргі уақытта электронды микроскоптың көмегімен 
фибриллогенездің 
бастапқы 
сатылары 
фибробластардың 
цитоплазмасында жүретіндігі, ал коллаген талшықтардың 
қалыптасуы енді солардың маңайында қоршаған негізгі клетка 
аралық затта аяқталатындығы айқындалды. 
Рибосомаларда синтезделетін тропокаллоген белогы 


70
эндоплазмалық тор арқылы синтезделіп клетка аралық затқа 
бөлінеді де ірі каллоген молекулаларына полимерленеді. 
Онымен қатар мукополиқанттарды синтездеп отырады. 
Фибробластар сырғанау арқылы қозғалуға жəне жиырылуға 
қабілетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет