Лекцияның тақырыбы: Отбасы және гендер әлеуметтануы Лекцияның жоспары


Ерлі-зайыптының, ата-ана мен балаларының және басқа да туыстармен арадағы қарым-қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялар мен мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы ретінде сипатталады



бет2/4
Дата21.10.2022
өлшемі377,8 Kb.
#44658
түріЛекция
1   2   3   4

Ерлі-зайыптының, ата-ана мен балаларының және басқа да туыстармен арадағы қарым-қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялар мен мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы ретінде сипатталады.

  • Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасы:
  • Некенің немесе қандық туыстық негізінде қалыптасқан, мүшелері арасындағы байланыс - тұрмыстың орақтығы, өзара көмек, ерлі-зайыптылардың балаларының денсаулықтары мен тәрбиесіне деген моральдық жауапкершіліктері негізінде пайда болатын қауымдастық ретінде сипатталады.

    Отбасы - әр қоғамдағы халық санының тұрақты түрде өсуін қамтамасыз ететін орта.

    Отбасының негізін некелескен жұптар (толық емес және некеге тұрмаған отбасыларды қоспағанда) құрайды.

    Некенің маңызды принциптеріне - жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық және т.б. жатады. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Әр мемлекеттің отбасы және неке туралы заңдары бар және олар отбасы мүшелері арасындағы және отбасы мен қоғамның, мемлекеттің арасындағы қатынастарды реттеп отырады.

    Морган Льюис Генри (1818-1889)

    Американдық антрополог, эволюционизм теориясының негізін қалаушылардың бірі.

    Қоғам қайраткері, АҚШ-ғы үндістердің құқықтарын қорғаушы.

    «Древнее общество» еңбегінде адамзат қоғамы мен мәдениетінің тарихи эволюциясын негіздеген.

    Қоғам дамуының тағылық, варварлық және өркениет деген үш сатысын зерттей келе, алғашқы екі сатыны төменгі, орта және жоғарғы деп жіктейді.

    Льюис Морган бойынша отбасының даму кезеңдері


    Промискуитет – тағылықтың төменгі сатысы, қауым мүшелерінің арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған
    Қандық-туыстық отбасы –топтық, эндогамиялық неке, жыныстық қатынастар бір ұрпақ ішінде болады
    Пуналуалдық – әйел адамдар жағынан туыстар арасында жыныстық қатынастарға тиым салынады, неке әртүрлі рулар арасында
    Синдиасмиялық - полигамия,ерлер бірнеше әйелмен некелесе алады, неке жиі бұзылады, балалар аналарымен қалады


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет