Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет117/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200
болғанда, өлеңнің, қара сөздердің тек қағазға жазғандығымен ғана емес
жазба әдебиет пен ауыз әдебиетінің оcы айырмашылығын ашқандығымен 
атасы болады. Қазақ әдебиетін ауыз әдебиеті дәрежесінен шығарып, неше 
мың жылдай көнігіп, етке, қанға сіңісіп болған ескі ауыз әдебиет 
дағдысынан құтқарған адам – Абай. Ескі ауыз әдебиетіндегі артық 
қыстырмалардан алғаш тазартқан – Абай. Абай ескінің шұбалаң 
қыстырмасын икемді бейнеге (образға) айналдырды». Ол Абай өлеңдерінің 
үнемі суретті, бейнелі келетінін, мағына мен көркемдік талабының 
қисындасып жататынын анықтайды. Мұндай шеберлікке Абайдың ең 
алдымен қазақтың өзіне ежелден мағлұм суреттерді сөйлету арқылы 
жететінін пайымдайды. Керекке қазақтың ертегісін де, мақалын да, дінін де, 
салт-дәстүрін де жарататынын көреді. Осының бәріне жан бітіреді, сөйлетеді, 
қозғалысқа айналатынын баяндайды. 
Кезінде профессор Қ.Жұбановтың осы зерттеуіне сыншы М.Қаратаевтың 
берген мынадай бағасы бар екен. «Абайды өз заманындағы түркі тілдес 
әдебиет өкілдерінің маңдай алды болды деген тезисті жанын сала дәлелдеген 
жас профессор критерий етіп қазақ ақынының орыс әдебиеті туғызған озат 
үлгілерді жіті де зерделі игергендігін алға тартады, қазақтың таза әдеби тілін 
жасағандығын уәж етеді. Мұның өзі кезінде данышпан Абайдың 
жаңашылдығын терең түсінген нағыз жаңашыл, ақиқат ғылыми көзқарас 


232 
болып табылады. Мұндай көзқарас тек Абайтану жөнінде ғана емес, 
әдебиеттану ғылымының алдында тұрған дәстүр және жаңашылдық дейтін 
проблеманың кілтін ашты» (105). 
Абайдың образ қолданудағы өзгешелігі туралы алғаш таратып айтқан 
да Құдайберген Қуанұлы: «... әуелі – анық таныс бейне алады; екінші – 
образы ескі өлі қалыбында қалмай, жанданып кетеді, өйткені, үшінші, – ескі 
образды өсіріп, жаңартып, жалғап әкетеді. Оның ескі, таныс образ алуы 
тек таныс жағымен тартып, жуықтатып алып, келгеннен кейін басқа 
жаққа бұрып жіберейін деген сияқты». 
Ғалым ақын тіліне, сөзіне әсер етер қоғамдық, жеке психологиялық, 
халықтық, этнотанымдық себептерге нақты лингвистикалық, әдеби 
талдаулармен үңілді. Ақын тұлғасының қалыптасуына әсер еткен, оның 
жадында сақталған халықтық қордың танымдық маңызы мен білім арқылы 
жиналған тәжірибесін салыстырылу негізінде автор оның жеке тұлғалық 
болмысын, психологиялық әлемін сомдауға тырысты (106, 32-34).
Құдайберген Жұбанов көзқарасының ғажап кеңдігін, ой-пікірінің 
керемет құндылығын мынадан аңғаруға болады: «Ойдағы сыншылдық, 
жалпы бағыттағы жаңашылдықты істе көрсете алу, онда да әдеби 
формада – ырғақпен ұйқасымда, бейнемен сөздікте көрсете алу – бұл ол 
сыншылдықтың тамыры терең бойлап кеткенінен келеді. Абайдың тұла 
бойын түгел алып кеткен осындай өз ортасына наразылық бар. Абай сол 
заманды, сол ортаны соя сынаған адам. Абайдың әдебиеттегі 
сыншылдығының түп тамыры осында жатыр. Сондықтан Абайдың заманы 
деген не еді? Абай оның несін сынайды! – соны қарайық». 
Құдайберген Қуанұлы Абайды ескі мәдениет мұрасын дұрыс пайдалана 
білген ақын ретінде көрсете отырып, оның тындырған нақты істерін былайша 
санамалап көрсетеді: 
1. Абай шағатай әдебиетінің үлгісімен өлең жазып та көрген, бірақ 
ішінде қалмай, сыртына шығып, соны жол іздеген. 
2. Абай қазақтың халық әдебиетінің айдын жолымен жүріп кетуге 
шамасы келе тұра, оны өзіне баянды жол деп есептемеген, онан да шетке 
шыққан. 
3. Абай жер жүзінің классик әдебиетінің үлгісін таңдапұстап, қазақ 
әдебиетін Байрон, Шиллер, Гете, Пушкин, Лермонтов, Толстой ізімен 
батысқа жетелеген. 
4. Әдебиет арнасын басқа жаққа бұрумен байланысты өлеңнің 
мазмұндылығы, көркемдігі, бояуы өзгеру керек деп табады. Бұл үшін: 
а) өлеңдегі «басы артық» сөздерді шығарып, өлең сөзінің мәнділігін 
арттырады; 
б) көлденең суреттерді шағындап, қиындап, олардан жаңа бейне 
құрастырады, бұрынғы мақал, мәтел, халықсенімі секілділердің қатып, 
құрысып қалған суреттерін қанды жүрдек кейіпке айналдырады
в) қазақ өлеңін түр жағынан байытып, жаңа өлшеулер, жаңа 
ұйқасымдар, жаңа ритмдер туғызады; 


233 
г) әдебиет тіліндегі шығыс үлгісінен келіп жүрген араб-парсы сөздерін 
де қуып, әдебиет тілін тазартып, қазақ тілінің бар байлығын іске асыруға жол 
ашып, жазба әдебиет тіліміздің іргесін қалайды; 
д) көркем шығармаларды өзі де шығарып, ірі ақындардан аударып, 
әдеби аударманың, жаңа заман әдебиетіндегі бірқатар белгілі жанрлардың 
үлгісін іспен береді; 
ж) мақалдардың жарамсызы көп екенін ашып көрсетіп, өзі де бірнеше 
мақал шығарады; 
з) қазақ музыкасына да жаңалық өндірудің талабыністейді. 
Қ.Жұбанов ұлы ақынның шығармашылығын мұқият зерделей келе, 
ХІХ ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінің көші «Абайдың арқасында 
Европаның классикалық әдебиетінің қалыбына түседі» деген танымға 
негізделген ой қорытындысына келеді. 
Ақын Мұзафар Әлімбаевтың аталмыш еңбек жөніндегі пікіріне қайта 
айналып соқсақ, ол былай деп толғанады: «Көреген көздің көркемдікті айна-
қатесіз тануы, сонау отызыншы жылдар басындағы ой-толғаныстар осы 
бүгін, қазір жазылғандай». 
Ғалым М.Мырзахметов ғалымның аталмыш мақаласын зерттей 
отырып: «Қ.Жұбановтың ұлы ақын мұрасын терең сезініп танудан туған 
кейбір ой тұжырымдары дәл бүгінге дейін айтарлықтай ғылымдық мәнге ие, 
тіпті абайтану саласындағы болашақта жүргізіле берер, іздену жұмыстарына 
бағыт-бағдар берер, зерттеу нысаны ретінде ұстанар өзекті ойларға да 
ұласады», – (104) деген пікір келтіреді. 
Расында да, Қ.Жұбанов пікірлерінің батылдығы мен байсалдылығы, 
тереңдігі мен ірілігі таң қалдырады. Және де өз замандастарының арасынан 
Абайды жете түсініп, жете зерттеп барып қорытқан «Абай – классик ақын» 
деген сөзіне сөзсіз сенесіз. Бір өкініштісі бұл мақаланың бітпей қалғандығы. 
Тек жалғасы бар деген сөз ғана сыбағамызда... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет