Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет116/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   200
жеке тұрып та негізгі тақырыптың күйіне билеп тұрады. Оның сөздері 
бермек ұғымын жеткізерлік амал болып, поэтикасы өлең қалыбына сиярлық 
қана болып қоймайды; бірі олай, бірі бұлай да кетпейді; солардың 
әрқайсысы, үлкен симфония оркестріндегі жеке музыка аспаптары сияқты, 
өздері бір-бір күй болып тұрады». 
Қ.Жұбановтың Абайдың шығармашылық өнерін терең түсінгендігі 
соншама, әрбір өлең табиғатын нағыз ақындарша талдап беретініне сүйсініп 
отырасыз. «Берілген көңілдің шабытына, көтеріңкі, бәсеңдігіне қарай
түрленіп, грамматикалық формалары бірде есім, бірде етістік болса, өлең 
өлшеуі, ырғағы бірде шұбалаң, бірде жүрдек болып келеді. Сөйтіп, Абай 
өлеңінің мазмұны өзіне лайық түрге орана келсе, түрі де бойына шақ 
мазмұнын жамылып келеді. Түр мен мазмұны тек жарасып отырмайды, 
«бір-біріне ауысып, бірінен біріне құйылып отырады», – деген тұжырымға 
қапысыз сенесіз. 
Проф. Қ.Жұбанов Абайдың өсу, қалыптасу жолын қадағалай қаузап, 
саралай келеді де, қазақ өлеңдерін артық-ауыс дүниелерден, жұртты 
жалықтырар арзан ақиқаттан арылтқанын дәлелдейді. 
13 жасында Науаи, Сағди, Фердоусиге елеңдеген Абай біртіндеп Хафиз, 
Сағдиларды сүзіп өтіп, Байрон мен Гетеге құлаш ұрады, сосын Нысанбай
Бұхарларды игеріп, Пушкинмен, Лермонтовпен сырласады. Міне – Жұбанов 
таныған Абайдың өсу, машықтану жолы. Бұл – Абайдың «қазақтың өзге 
жұрттан сөзі ұзын» екенін таныған тұсы. Ақын жүректі лингвист Абай 
өлеңдерінің астарлы ой арқалап, терең тебіреніске бөлейтін сипатын ерекше 
зердемен танып, оның тіл қолданыстағы қабілет қарымын талдайды. 
«Өткен өмір арбасының дөңгелегімен қоса айналып дөңгеленген ескі 
тозған сөз үлгісін тастап, Абай «тіл ұстартып, өнер шашпақ» болады. 
Басы артық бір сөз де өлең ішінде тұрмауын, өлеңнің «теп-тегіс жұмыр 
келсін айналасы» деген шарттарды қояды Абай. Осындай қатаң шарт, ауыр 
сынның арқасында Абайдың сөздері, Ілияс айтқандай, «қиюынан қыл 
өтпейтін» нағыз болып, мағынаға салынып келеді. Сондықтан оны ағызып 
оқып, сыдыртып өте шықсаң, ішкі мәніне жетпей қаламын деп кідіріп, 
салмақты, ақынның кестелеген айшықтары, қошқар мүйіздерімен оралып 
өтуге тура келеді. Абай айтар сөзінің бәрін айтып, орнын тақырлап 


231 
кетпейді, оқушыға да шығарғыштық сыбаға қалдырып кетеді». Шынында 
да, «Абайдың өлеңге қойған осы шарттары – күні бүгінге шейін құнын 
жоғалтпаған артықшылықтарының бірі». Абай өлеңдерін осылайша 
тереңнен толғап, тебірене талдау үшін де адамға ақындық қасиет, тілдік 
түйсік керек екенін аңғарамыз. Қ.Жұбановтың сол аласапыран, алақұйын 
кереғар пікір өрбітіп, Абайды сан тартысқа салып жатқан заманда тиянақты 
да табанды дәлел дәйектемелермен «әдебиеттегі артық жүктерден 
тазартқанын» саралағаны – көрегендік. 
Қ.Жұбанов өз зерттеуінде Абай туындыларына тірек болған қайнар көзін 
іздейді. Қайнар көзі халық әдебиетінде екенін көреді. Бұл – Құдайберген 
Жұбанов енгізген терминдік қолданыс. Бұл жерде сыншы Сағат 
Әшімбаевтың айтқанына алып-қосарымыз жоқ. «Ауыз әдебиетінің» орнына 
«халық әдебиеті» деп қолдансақ та, артық болмас еді. Құдайберген 
Жұбановтың: «Халық әдебиеті – халықпен құрдас, бірге жасасып келе 
жатқан кәрі нәрсе... Жаңа шығармасы сол ескі тамырға көктеп еседі... 
Қазақтың халық әдебиеті де сахна әдебиеті болатын, көпшіліктің 
тындауына бейімделген шығарма болатын», – дегені әбден егжей-тегжейлі 
зерттеп барып айтылған сөз екендігіне дау жоқ. Ол халық әдебиетіндегі басы 
артық, қыстырма сөздердің үш түрлі пайдасын тізбелейді: 1) тыңдаушыға 
демалыс болады; 2) миға гимнастика болады; 3) негізгі тақырыпты жақсы, 
жанды түрде түсінуге себеп болады. 
Осындай қисындармен Абай әлеміне тереңдей келе, профессор оның 
қазақтың жазба әдебиетінің атасы екенін қапысыз дәлелдеуге кіріседі. Тағы 
да өзіне жүгінбеске лажымыз жоқ. «Абай біздің жазба әдебиетіміздің атасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет