Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет79/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   200
өзінің буын ішіндегі фонетикалық қоршауына сай бірде жуан, бірде жіңішке 
болып естіледі. Бұл заңға көнбейтін үш калька дыбыс бар: е, к, г. Олар үнемі 
жіңішке естіледі. Тіліміздің бұл заңдылығы 1912 жылдан бастап 30 жылға 
дейін, яғни 18 жыл бойы қолданылып келген араб графикалы емлемізде 
ескеріліп келген еді. Бірақ латын әліппесін қабылдағанда Бүкілодақтық 
жаңа әліп кіндік комитетінің ғылыми кеңесі біздің ырқымыздан тыс бұл 
емлені қабылдамай тастады. Қазақ сөздерінің не бірөңкей жуан, не бірөңкей 
жіңішке болып келетіндігі ешкімнің ойлап тапқан нәрсесі емес, тіліміздің 
табиғи заңы болатын. ...Енді біз осы заңдылықты негізге алып жазу 
емлемізге жіңішкерткіштік белгі енгізсек, онда әліппеміздегі әріптердің 
санын қазіргідей 29 емес, 24 таңба етіп қысқартуға болар еді. Бірақ бұндай 
жазу жүйесіне қазірде екі түрлі себеппен қарсы болуы мүмкін: 1)бұл жүйені 
қазақ жазуы бұрын басынан кешіргендіктен, ескі ережеге қайта айналып 
соғу деп санаса; 2) жазуда дәйекші таңбасын қолданудың тұңғыш авторы – 
қазақ еңбекшілерінің «тап жауы» А.Байтұрсынов болған деген желеуге 
сүйену. Бірақ болуы мүмкін осы екі түрлі наразылықтың екеуі де ескі 
қисынға қайта келу ретінде негізсіз деп білемін», – дейді ғалым. 
Келтірілген сілтемеден аңғаратынымыздай, араб әліпбиіне негізделген 
қазақ жазуындағы дәйекшінің артықшылығын Қ.Жұбанов өте жоғары 
бағалаған. Ғалым араб қарпінің табиғатына тән кейбір ерекшелігі болмаса, 
бұл жазудың еш кемшілігі байқалмағанын, сондықтан одан бас тартып, 
латынға көшу мәселесі жоғары жақтың қысымы екендігін ескертеді. 
А.Байтұрсынұлының өзі де, егер араб қарпінен латын жазуының артық 
екендігіне анық көз жететін болса, онда латын графикасына деген қарсы ой 
болмайтындығын білдірген еді. Қ.Жұбанов жазу мәселесіндегі теориялық 
зерттеулерінде орфография мен орфоэпия мәселесінің ара жігін ашып, жазу 
емлесін жасау барысында, әсіресе, түбір мен қосымша арасындағы 
дыбыстардың айтылуы мен жазылуына сингармонизм заңдылығы 
тұрғысынан жете көңіл бөлген.Осы орайда «Репрессированная тюркология» 
атты еңбектегі: «...Жубанов стремился сохранить в казахской латинице 
принципы, применявшиеся Байтурсуновым в реформированном арабском 
письме», – деген мәлімет жоғарыдағы айтылғандардың негізділігін айқындай 
түседі (14, 202-207). 
Осы жерде ғалымның А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын 
насихаттауға қолдау көрсеткендігі туралы жайында Есет Жұбановтың 
мақаласындағы мына деректерді көрсете кетуді жөн санадық: «Тергеушінің: 


172 
–Ұлтшылдық мақсатымен істеген қылмысты істеріңді ата! – деген әмірінен 
де Жұбанов қаймықпайды. 1937 жылғы 19 желтоқсандағы тергеуде де ол 
ұлттың қамын жеген ойларын жалғастырады: «В апреле 1936 г. мне стало 
известно, что студент 3-курса литфака пединститута ... пропагандировал 
в 
общежитии 
байтурсыновскую 
грамматику 
и 
идеализировал 
Байтурсынова. Когда студенты начали его прорабатывать на собраниях, я 
взял его под свою защиту, мотивируя тем, что он отличник учебы и что ему 
должны прощаться его «случайные грехи». ... Тағы бір студент туралы айта 
келіп, былай дейді: «...я ему дал пробное задание сделать доклад на зачетной 
конференции студентов о грамматике Байтурсынова. Этим я хотел заодно 
и популяризировать Байтурсынова среди студентов» (79, 80-86). Бұл 
келтірілген дерек ғалымның А.Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміндегі 
ерекше орнын құрмет тұтуымен қатар оның азаматтық қасиетінің 
жоғарылығын да айғақтай түседі.
Қ.Жұбанов басқа тілден енген сөздерді дұрыс жазу үшін олардың 
дыбысталу қалпын бұзбау қажеттігін, яғни әліпбиге сол тілдің дыбысын дәл 
жеткізе алатын таңба болуы қажет екендігін айтып, халықаралық мәні бар 
сөздерді дұрыс таңбалау мақсатында қазақ әліпбиіне ф, х , һ әріптерін енгізу 
туралы ұсыныс жасайды. Алайда бұл жолы Қ.Жұбанов ұсынған «ф» және «х» 
әріптері әліпбиге енгізілмей қалады. Бұл жөнінде құжатта «Воздержаться от 
принятия букв «ф» и «х» впредь до окончательного вынесения поэтому 
вопросу 
решений 
соответствующих 
компетентных 
органов 
и 
общественности. Вопрос об этих буквах поставить на широкую дискуссию», 
– делінген. 
Сонымен қатар ғалымның «у» дыбысының қосарлы таңбасы 
жайындағы пікірі де жұртшылықты ойландырғаны мәлім. Бірақ, өкінішке 
қарай, ғалымның бұл әріптер жөніндегі ұсынысы дер кезінде қолдау таба 
алғамады. Тек, бірнеше жылдардан кейін ғана тіл мен жазудың даму 
сатысының өзі бұл пікірдің дұрыстығын дәлелдеп шықты. Сөйтіп бұл әріптер 
қазір қазақ әліпбиінің толық мүшесі ретінде қатар түзіп, термин 
қалыптастыру ісінде қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Проф. Қ.Жұбановтың қазақ емлесі мен әліпбиіне қатысты тағы бір 
маңызды еңбегі ғалымның «Мемлекеттік терминком Бюллетенінің» 1-
нөмірінде жарияланған «Қазақ тілінің емлесі мен әліппесіне кіргізілетін 
өзгерістердің жобасы» болып табылады. Бұл өзгерістер өзінің өміршеңдігін 
танытып, 1957 жылы қабылданған Ережеде осы жобадағы қағидалар 
басшылыққа алынды. 
Қ.Жұбанов емле жасау жөнінде өз ойларын: «Қазақтың әдеби тілінде 
ұстап-тұтынылатын сөздердің бәрі де дұрыс жазылып, әрқайсының өзіне 
меншікті тұрақты таңбасы болуы керек те, сол тұрақты түрден айнып, 
басқаша жазылған жазудың бәрі де қате делінетін болуы керек. Бірақ ол 
үшін мына сөз «таза қазақша», мынаның «тегі жат» деп, сөз-сөздің тегін 
қосып жатудың қажеті жоқ: тегі қайдан шықса да бәрі бір, қазақ тіліне 
кірген сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі делінуі керек», – деп тұжырымдайды. 


173 
Ол ереже жасауда негізгі есте болар жай – «емле жеңіл болу үшін ереженің 
санын да, ережеге көнбейтін одағай қалыптардың санын да құр тек «аз 
ету» шарт емес, қайта тілде бар, емлеге керекті қалыптардың бәрінің 
түгел тексеріліп, ереже болып қорытылып шығуы шарт», – дейді.
Қ.Жұбанов қазақ әліпбиі мәселелерін талдау барысында жалпы тіл 
білімі деңгейіндегі ғылыми ізденістерге, белгілі ғалымдар еңбектеріне, басқа 
тілдің кейбір эксперименталды зерттеу деректеріне арқа сүйей отырып, басқа 
тілдердің де тарихын зерделеп, салыстырып, салғастырып пікір айтады: 
«Қырғыз тіліндегі секілді ұзындық-қысқалық қазақ дыбыстарында жоқ». ... 
«Наши алтайские языки в древности, вероятно, не дифференцировались по 
признаку звонкости и глухости звуков, как уйгурской письменности, где п и 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет