180
«сөз қалай естілсе, солай жазылады» деген қағидаға сүйенсек,
түн деген
сөзді (
түн),
тын деген сөзді (
тын) түрінде жазып,
н дыбысының жуан-
жіңішкелік қасиетін жеке таңбалар едік. Немесе
сауда сөзі (сауда), ал
саудагер сөзі (
сәудегер) түрінде жазылар еді. Бірақ бұлай жазу –
фонетикалық принциптің емес, фонетикалық транскрипцияның міндеті.
Әрине жазу мен транскрипция – әуелден екеуі екі басқа нәрсе. Дыбыс
жазуы дыбысталған сөздің айна-қатесіз көшірмесі емес. Сондықтан дыбыс
жазуында фонологиялық жүктемесі жоқ, фонетикалық қоршауға тәуелді
небір дыбыс құбылыстары ескерілмейді.
Жазу теориясына қатысты бұл мәселеге Қ.Жұбанов дер кезінде назар
аударған болатын. Дыбыстық қоршауға тәуелді кезкелген дыбыстық
құбылысты жазуда таңбалай беру, Қ.Жұбанов айтқандай,
ультрафонетик
бағытқа бой ұру болар еді.
Бірақ мәселенің қиындығы мынада: фонологиялық жүктемесі жоқ
немесе
ультра-фонетик
(Қ.Жұбановтың
термині)
құбылыстарын
фонологиялық мәні бар дыбыс құбылыстарынан қалай ажыратамыз? Фонема
теориясы бойынша бір фонеманың бірнеше реңкі болуы ықтимал, яғни
фонетикалық қоршау қанша болса, фонеманың реңкі де сонша болады. Бірақ
солардың ішінде фонетикалық қоршауға неғұрлым тәуелсізі – негізгі реңк, ал
фонетикалық ортаға барынша тәуелділері – қосымша реңк. Фонологиялық
жазудың ерекшелігі бойынша, фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады да,
фонетикалық ортаға барынша тәуелді реңктері ескерілмейді. Мысалы,
жұмұсшұ деп жазбай,
жұмысшы деп жазу себебімізді осы тұрғыдан
түсіндіруге болады.
С/Ш алмасуы фонетикалық ортаға тәуелді, яғни
с мен
ш
іргелес келген барлық жағдайда
с фонемасы
ш реңкіне көшеді. Бұл
іргелестікке
с-ның басқа альтернациясы болмайды. Осы типтес өзгерістерді
шартты түрде жалпы фонетикалық алмасу деп атауға болады. Бұл топтағы
дыбыс алмасулардың өздеріне тән белгілері бар. Жалпы фонетикалық
алмасулардың морфемдерге қатысы жоқ. Мейлі ол үстеу жасайтын қосымша
мен қалау рай тұлғасы болсын немесе шартты райдың жұрнағы болсын,
сондай-ақ «жоқтықты» білдіретін аффикс болсын, бәрібір, талғампаздық
болмайды. Фонема реңктері талғаусыз өзгере береді:
құсша (
құшша),
ысшы
(
ышшы),
безсе (
бессе). Мұндай қасиет жоқ, мысалы,
қ-ғ, к-г, п-б өзгерістері
белгілі бір морфемалардың аясында болады:
тұрақ – тұрағы, бұлақ –
Достарыңызбен бөлісу: