Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет82/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

қабыс, жарымес / жәрмес, ійін ағаш / ійінәғаш, жаздыгүні /жаздыкүні / 
жаздыкүн / жаздыкүн, жазғы тұр / жазғытұрым /жазытұр / жазытұрым, 
баражатыр / баратыр / барат
1929 жылғы емледе «тек кірме сөздердің жазылуында ала-құлалық 
бар, ал төл сөздердің емлесі мінсіз деген пікірлердің дұрыс еместігін осы 
мысалдардан да көруге болады» дейді ғалым. Емле ережесінің аз болуы 
емленің мінсіздігін емес, кемшілігін көрсетеді. Ал кірме сөздердің емлесі 
туралы қазақша жазушылар «шет тілдерден кіретін сөздердің емлесі қазақ 
тілінің фонетикасы мен морфологиясының осы күнгі заңдарынша болу керек 
деп, бір әуре болады. Аса бір керек жерлерде ғана болмаса, жаңа сөздердің 
түбірін бұзбай жазу керек» деп екі әуре болады», – дейді Қ.Жұбанов. 
Сондай-ақ гөрі/кері шылауының гөрі нұсқасын кодификациялау керек. 
Өйткені «ол үнемі шығыс жалғауынан кейін қолданылады»деді ғалым. 
1935 жылы барма, келгесн, барғансн деп бірге жазуды ұсынады да, енді 
бір мақаласында қосымша ма, ме-ні бірге, шылау ма, ме-ні бөлек жазуды 


176 
ескертеді. Сондай-ақ да, де-нің қосымша болғанда сөз түбірімен бірге, шылау 
болғанда бөлек жазылатынын айырады. Ал мен, бен сөздерін шылау, 
қосымша екенін айыру қиындығынан бөлек жазуды жөн деп табады. Қос 
сөздерді дефиспен, тек аппақ, көкпеңбек сөздерін бірге, ал қолма-қол сияқты 
қосар сөздердің алдыңғы екі сыңарын бірге жазуды ұсынады. Сөйтіп, бүгінгі 
емле кодификациясының түпнегізі Қ.Жұбанов тұжырымдамаларынан 
шыққанын көреміз. 
Бүгінгі 
емлеміздегі 
түбірдің 
морфологиялық, 
қосымшаның 
фонетикалық принциппен жазылуы тағы да проф. Қ.Жұбановтың кесімді 
ұсынысынан шыққанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Ғалым Е.Омаровтың 
кейінгі қазақ емлесі үшін ұсынған қосымшалардың ортақ формасын жазып
түркі халықтарының жазуларын унификациялап аламыз деген пікіріне 
абайлап қарау керектігін ескерткен. 
Сондай-ақ қысаң, езулік ы, і дыбыс таңбалары туралы «Жанғазыға 
хатында» (1936) автор орыс тілінен енген сөздердегі ы, і-лерді қысқарту 
жағын көп ойластырады. Сондай-ақ қазақ тілінің бір буынды төл сөздерінде 
ы/і таңбасын салып, екі буындыда түбірдегі қысаңды түсіріп жазуды 
ұсынады: біл – блек, қыр – қрау, ыс – стау
1936 жылы мәдениет құрылысы қызметкерлері съезінде қазақ әліпбиі 
мен емлесін жақсарту жөнінде Қ.Жұбанов ұсынған пікірлерді былайша 
топтастыруға болады: 1) халықаралық және орыс тілінен енген терминдерді 
орысша жазылуына жақындатып таңбалау; 2) қосар ьj, іj, уvдеген төрт 
таңбаның орнына жалаң і, vәріптерін жазу; 3) ь, j (осы күнгі ы, і) әріптерін 
жазуды біраз тежеу; 4) кіріккен сөздерді қосып жазу. 
Бүгінгі қазақ орфографиясындағы бір қиындық екінші буындағы ә 
әрпінің жазылуы болса, Қ.Жұбанов оны: «Көп буынды түбірдің соңғы 
буынындағы дауысты дыбыстың а-ә екені дүдамал болса, немесе дүдамал 
болмай-ақ, анық ә дыбысы болса да, қосымша жуан түбірге 
жалғанғандағыдай жуан айтылады да, а мен еқ мен к, ғ мен г бір келетін 
қосымшаларда а, қ, ғ жазылады. Оңайлық үшін ондай түбірдің соңғы 
буынына да ә жазылмай, а жазылады: кітапқа (кітәпке емес)», – деп 
шешкен. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы жазуда лингвалды үндесім құбылысын 
таңбалау арқылы және ұяң дауыссыздарға артықшылық беру арқылы тілдің 
ерекшелігін айқындаса, Қ.Жұбанов тілдің қысаң емес, ашық сипатын
жіңішке емес, жуан сипатын таңбалауды дұрыс көрді. Бұл қағида қазақ 
жазуының бүгінгі проблемасына қатысты. ҚТОС-тың (Қазақ тілінің 
орфографиялық сөздігі) 1964 жылғы басылымы бұл қатарды Қ.Жұбановтың 
пікіріне сүйеніп, күшала, дүдамал, ділда, күнә, кінә сияқты сөздерді а-мен 
таңбалады. Кейін жазу практикасымен ОС (Орфографиялық сөздік) арасында 
қайшылық туған соң, алдыңғысы ескеріліп, ҚТОС-тың кейінгі басылымдары 
ә-мен қалыптандыра бастады. 2001 жылғы сөздік тек барыс жалғауын ғана 
жуан вариантта, басқа қосымшаларды жіңішке формада жалғауды ұсынды.
Ал ғалымның кірме сөздердің емлесі жайлы айтқан пікірлері арнайы 
сөз қылуды қажет етеді. Өйткені бүгінгі таңда жаңа латын графикасына көшу 


177 
қарсаңында немесе орыс графикасынан (кирилл қарпінен) бас тартудың 
себебін іздеу барысында, жоғарыда ескерткендей, Қ.Жұбановтың қазақ 
тілінің даму бағыттарына тигізген ықпалы көрінеді. Ғалым «шеттілдік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет