Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


 Қ.Жұбанов еңбектеріндегі паралингвистикалық ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет97/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

3. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі паралингвистикалық ой-тұжырымдар 
Тіл білімінде паралигвистика деп аталып, нақты зерттеу нысанына 
айналған саланың да бастауында тұрғандығына ешкімнің де күмәні бола 
қоймас. Бұл турасында Э.Оразалиева: «...қазіргі тіл білімінде ым тілін арнайы 
зерттейтін сала паралингвистика деп аталып, оның кейбір элементтері 20-
ғасырдың 30-жылдарынан бастап Н.В.Юшманов еңбектерінде кездессе
жалпы ұғымның өзін 40-жылдарда А.А.Хилл енгізді. Ал лингвистикалық 
энциклопедиялық сөздікте келтірілген деректерге назар аударсақ, 
паралингвистика тек ХХ ғасырдың 60-жылдарында ғана нақты қолға алына 
бастады. Олай болса, 30-жылдары жазылып, 60-жылдары жарық көрген 
Қ.Жұбановтың лингвистикалық тұжырымдамалары тек қазақ тіл білімі 
деңгейінде ғана емес, әлемдік ғылымда да өз бағасын алар деген сенімдеміз», 
– деп тұжырымдайды (89). 
Қ.Жұбановтың 
гендерлік 
паралингвистикалық 
тұжырымдарынасүйенсек: «ым тілі белгілерінде дыбыс ымдары да болған, 
ым тілінің ым қалдықтары бізде көп. Аузын шылп еткізу, аузын 
быртылдатулар дыбыс пен ымды қосып ұстаған синкретизм түрі. Мұның 
дыбыстарын бөліп алып, дыбыс тілі зауытына салып шығарылмаған. 
Сондықтан ұйыспалы (диффузный) түрінде қалып қойған. Ол ана ернін 
шығару, бетін шымшулар секілді, солармен қатар әйелдердің специфик тілі 
болып, дыбыс тілінен аулақ ұсталып сақталған». 
Профессор Қ.Жұбанов коммуниканттар арасында тілдік емес құралдар, 
яғни бейвербалды амалдар туралы талдауларында гендерлік ерекшеліктерді 
сөз 
етеді. 
Ғалым: 
«Күншығыста 
әйелдер 
тұрмысы 
ерекше 
жағдайдаболғандықтан, әйелдерге арнаулы түрлі әдет-ғұрып ерекшеліктері 
мұнда жиі ұшырайды. Сол әдеп-ғұрып өзгешеліктердің бірі – осы күнге дейін 
Кавказда армян, грузин, түріктер арасында сақталған әйелдердің ым тілі. 
Жаңа түскен келіншек қай жерде бір айға, қай жерде бір жылға дейін ата-
енесімен дыбыстап сөйлеспейді, ымдап сөйлеседі. Бұл тілді армяндар 
«нашнауар» дейді. Нашнауар – сондай бай, сондай ұшталған тіл. Мұнымен 
әйелдер сумаңдатып ала жөнелгенде дыбыс тілінен еш кемдігі жоқ 
сияқты», – деп, әртүрлі халық әйелдерінің өзіне тән мимикалық тілі 
болатынын айтады. 


197 
Ғалым қазақ әйелдерінің тілдік ерекшелігі туралы мынадай гендерлік 
дәлелдер келтіреді: «жүйелі болмаса да, әйелдерге ғана арнаулы, әйел тілінің 
өзгешелігі қазақта да жоқ емес. Сол өзгешеліктердің бірі әйелдерде ғана 
болатын «ернін шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда), 
«аузын шылп еткізу» (таңданғанда), «аузын быртылдату» (кекеткенде). 
Міне, мұның соңғы екеуінде үнсіз ым ғана емес, дыбыс шығару да бар. Бірақ 
дыбыс айырынды (членораздельный) емес». «Аузын шылп еткiзгенде» 
еpiндеpi «в» дыбысын шығаpады, тiлi «д» дыбысын шығаpаpдағы 
қалыбында болып, деpеу iштен келген ауа тiлдi тiс түбiнен, еpiндеpдi бip-
бipiнен айыpып шығады. Жалғыз айыpмасы «в» мен«д» бipден шығады және 
еpiндеpi бip-бipiнен тегiс көтеpiледi (сондықтан шылп етедi), «в»-ны 
шығаpаpда тек оpтасы ғана ашылады. «Аузын быpтылдатқанда» еpiндеp 
алдымен «п» дыбысын шығаpады да, аз мезгiл «қ»-ны шығаpаpдағы 
қалыпта тұpып, сонан кейiн қос еpiндi «б» дыбысын, ақыp аяғында «т» 
дыбысын шығаpады. Бipақ бұлаpды сондай тез тiзiп өтедi, баpлығы 
қосылып кетедi», – дей келіп, әйел затына тән био-әлеуметтік, 
этномәдениеттік ерекшеліктерге сәйкес ым тілінің фонациялық амалдарына 
да егжей-тегжей түсініктеме береді.
Филология 
ғылымдарының 
докторы 
Э.Н.Оразалиеваның: 
«...Қ.Жұбанов ым тілінің тек қимылмен шектеліп қалмайтынын, оның 
«дыбыс шығару процесі осы күнгі тіл дыбыстарының жүйесіне келмейтінін», 
әрі, ең бастысы, қарым-қатынастың бұл түрі «адам мен адам арасында ғана 
жүретінін», «хабар берудің» ерекше амалдарын құрайтынын дәл анықтаған. 
Бұл мәселелердің көпшілігі жалпы тіл білімінде тек бүгінгі күні дәйектеліп, 
жан-жақты талданып зерттелуде. Осыған сәйкес, паралингвистикалық 
(паратілдік) 
элементтердің 
функционалды-семантикалық 
ерекшелігін 
айқындау 
арқылы 
адам 
қарым-қатынасының 
онтогенетикалық, 
эгоцентристік, психофизикалық әрі әлеуметтік нормаларын жүйелеуді мақсат 
етеді», – деген ойы жоғарыдағы пікірлерді нақтылай түседі (89).
Проф. Қ.Жұбанов ым тілінің қатысымдық қызметімен қатар, ұлттық-
мәдени ерекшелігіне талдау жасай отырып, оның әртүрлі халықтарда өзіндік 
сипатпен, ерекше жүйемен қолданылатындығына зер салады, сол арқылы 
бейвербалды амалдардың қоғамдық, этникалық әрі психологиялық табиғатын 
сұрыптауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет