Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


тілінде ешбір диалект жоқ



Pdf көрінісі
бет99/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   200
тілінде ешбір диалект жоқ (қою жазумен берген біз – С.Құлманов). Осы 
күні ғана болар-болмас жарықшақ барын сезіп жүрміз», – деп, қазақ 
халқының тілі мен мәдениетінің XIV ғасыр мен XVIII ғасырлар аралығында 
тұтасып, дамығанын дәлелімен айтады. Бұл жағдай, біріншіден, ұлт 
болмысын танып, сипаттауда тіл қызметінің ерекше мәнін көрсетеді. 
Екіншіден, тілдің ұлттұтастырушылық қызметін де дәлелдейді. Ғалым тілдің 
тұтасуы мен өркендеп дамуына жағдай туғызған объективті себептерді атап 
көрсетеді: бірыңғай шаруашылық (мал шаруасы), көшпенді тұрмысы 
(мәдениеті), рулардың жауласуы // жарасуы және соның нәтижесінде үздіксіз 
араласуы (8, 327). Аталған пікірлер мен келтірілген дәлелдерді шынайы 
әлеуметтік лингвистикалық зерттеу дегенге ешкім де дау туғыза қоймас. 
Қ.Жұбановтың әлеуметтік лингвистикалық ой-пікірлерін жинастыра 
келгенде, олардың ішіндегі ең маңыздысы да, бүгінгі күнмен сабақтасып, 
өзектілігін ұлғайтқаны да осы тіл саясатының басым бағыттарын анықтаумен 
байланысты. Бұлай дегенде біз қазақ тілінің мәселелеріне қатысты 
Қ.Жұбановтың әр жылдары жазылған әлеуметтік астары бар пікірлерін 
біріктіріп, жүйелеп, әлеуметтік тіл білімінің бүгінгі өзекті мәселелеріне 
телігеннен шығатын қорытындыны айтамыз. Ғалымның тілді дамытудың 
қазір біз мұқтаж болып отырған басым бағытына үндес пікірлері жекелеген 
мақалаларынан теріліп алынса да, оның бұл мәселедегі көзқарасы ғылыми 
зерттеулерінен 
тұтастай, 
тіпті 
зерттеулерінен 
ғана 
емес, 
жеке 
шығармашылық ғұмырынан да аңғарылып тұрады. 
Проф. Қ.Жұбанов ғылыми зерттеулерін сөз еткенде ең алдымен тілдің 
фонетика, грамматика, терминология, лексикология, методика салалары 
аталса, ғалымның әлеуметтік лингвистикалық көзқарастарын іздегенде оны 
осы салалардың әрбірінде-ақ жасалатын тұжырым, ой-қорытындыларынан 


200 
«сылып» алуға тура келеді. Мысалы, ғалымның «Әлемдегі халықтардың бәрі 
де этникалық жағынан мидай араласып кеткен, «таза халық» жоқ», – деген 
пікірін тілдің әлеуметтік шарттылығы туралы деп түсінуге болады. 
Қ.Жұбановтың жалпы ғылыми мұрасын зерттей келе, Ж.Сұлтан өз 
зерттеуінде былайша ой қорытады: «Қ.Жұбанов тілді адам, қоғам, мәдениет 
факторларын ескермей зерттеу немесе тілді оның мазмұнынан бөле-жара, 
жалаң формасы жағынан құрастыру бос әурешілік деп, бүгінгі таңдағы 
заманауи тіл білімінің негізгі өлшемдерін өз тұсында-ақ байқаған» (90). 
Қазіргі жалпы тіл білімінде тіл қызметіне, біріншіден, адам 
қоғамындағы тілдің қолданысы мен қызметі; екіншіден, бір тілдік бірлік 
жиынтығының басқа тілдік бірліктер жиынтығына детерминативтік 
сәйкестігі (тәуелділігі) жағынан анықтама беріледі. Қ.Қ.Жұбановтың 
зерттеулеріндегі тіл қызметіне деген көзқарасы осы екі тұрғыдан 
сипатталады. Ғалым тілді зерттегенде алдымен оны адам қоғамымен тығыз 
байланыста қарайды. Бұл, әрине, әлеуметтік тіл білімінің нысаны болып 
саналады (91, 88-91). 
Халықтың ұлттық мүддесін қорғау, оның ішінде ұлттық тіл ерекшелігін 
сақтау қабілетінің кем соғуына алып келген себептерді қазақ халқының 
қалыптасуы мен даму тарихынан іздестіруге тура келеді. Осы себептерді 
Қ.Жұбановтың өзі дөп басып айтқан. Ғалым қазақ мәдениетінің толысқан 
шағы оның патшалық Ресейге бодан болмай тұрған еркіндіктегі дәуірі екенін 
айтады. Сол дәуірде мал-жанын жаудан бірігіп қорғауы, ортақ шаруашылық 
салтын ұстануы халықтың азаматтық санасын нығайтуға негіз болғанын, ал 
Ресейдің қол астындағы өмір елде масылдық психология қалыптастырып, 
азаматтық санасын кеміткенін Қ.Жұбановтың дәл көрсеткеніне тәнті 
боламыз. Осы тұрғыдан қарағанда, бізге ұлттық тілімізге жасалған қиянаттың 
негізгі себебін түсіну де оңайырақ. Өйткені екі-үш ғасыр империяның 
дегенін орындап, өз мүддесін іске асырып көрмеген халықтың тағы да өзі 
күресіп қол жеткізбеген жаңа кеңестік қоғамдағы 10-15 жыл ішінде басқаша 
бола алмайтыны заңдылық еді. Төңкерістен кейінгі Қазақстандағы тіл 
саясатының белсенді қызметшілері (субъектілері) болып саналатын орталық 
пен жергілікті билік пен оқу-ағарту өкілдері осы отарлық сана-сезімнің 
ықпалында болды. Бұл термин қалыптастыру ісінен де, тілдің басқа бір 
маңызды жұмысы – ісқағаздарын қазақ тіліне көшіруден де көрініп жататын. 
Тілдің маңызды деген салаларындағы істің ақсауы тіл саясатын жүйелі 
жүргізуге кедергі болды. С.Сейфулиннің ХХ ғасырдың 20-жылдары «ешкім 
ісқағаздарын қазақ тіліне көшірмеймін демейді, бірақ жеме-жемге келгенде 
қиынсынып, көмек сұрап, істі өзіңе аударады» дейтіні сол еді.
Қ.Жұбановтың тілдік зерттеулерінің әлеуметтік астары жайында сөз 
еткен зерттеуші – Б.Хасанұлы. Ол Қ.Жұбановтың әлеуметтік лингвистикалық 
пайымдауларын әртүрлі тақырыптарға қатыстылығы жағынан қарастырады. 
Б.Хасанұлы еңбегінің басты құндылығы деп оның Қ.Жұбанов пен онымен 
замандас зиялылар арасында термин мәселесіне қатысты туындаған 
қайшылықтардың бірқатар себебін ашып көрсетуін айтуымыз керек (92, 119). 


201 
Бүгінгі ұрпақ Қ.Жұбановты бірінші кезекте терминдерді бүгінгі пошымында 
қалыптастырушы ғалым ретінде танығандығы жасырын емес. Біржақтылау 
десек те, терминдер мәселесі Қ.Жұбановты бүгінгі қоғамдық қабылдау 
ыңғайының негізгі өлшеміне айналып, оның әлеуметтік бейнесінің басты 
бояуы болып тұр.
Терминдер мәселесін назарға ала отырып, зерттеуші Б.Хасанұлы 
Қ.Жұбановты Алаш қайраткерлерінің ұстанымынан алшақтатқан мынадай 
себептерді атап көрсетеді: 1) емленің таптық сипаты болатыны, яғни оның 
еңбекші бұқараға түсініксіз етіп қолдан әдейі жасала алатыны; 2) 
партияларының әртүрлі болуы; 3) қазақ тілінің төңкеріске дейінгі 
нормасынан бас тарту қажеттілігі және 4) мемлекеттік қызметте жүріп, оның 
мүддесіне қарсы шығуға мүмкіндігінің болмауы.
Проф. Қ.Жұбанов емлеге таптық сипат беріп, «еңбекші бұқараға 
қызмет етпейтін», бұқараға түсініксіз емле ұсынып отырған капиталистік тіл 
білімін сынға алғанын білеміз. Емлеге көзқарасы осылай болғандықтан, 
ғалым терминдерімізді қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, оларға 
етене таныс сөз байлығы негізінде қалыптастыру бағытын қолдаса керек еді. 
Алайда ғалым, керісінше, еңбекші халықтың мүддесін төңкерістік 
өзгерістермен, онымен бірге еніп жатқан шет сөздер тобымен бірлікте 
қарапты. Әрине, еңбекші бұқараға бөгде елдің сөздері емес, өз тілінде 
жасалған атау сөздер түсінбестік әкеледі деген позицияны қолдауға келе 
қоймас. Сондықтан ғалымның мәселе мәнін өзгеше жағынан қарастыратын 
мұндай көзқарасын оның мемлекеттік қызметте болуынан, билік талабынан 
туындады деп есептегеніміз орынды болмақ.
Шын мәнінде, Қ.Жұбановтың мемлекеттік қызметте болуы, сол кездегі 
жоғарғы атқарушы билік тапсырмаларын тікелей орындауы оның сөз болып 
отырған термин мәселесінде ұстанған «орыстық» позициясының басты себебі 
бола алатындай. Мәселен, Б.Хасанұлы осындай себеп ретінде айтатын 
Қ.Жұбановтың «Алаш» емес, коммунистік партия мүшесі болуын да оның 
қызмет бағытымен ұластыра қарауға болар еді. Қ.Жұбановтың партия мүшесі 
болуы оның әртүрлі деңгейдегі, әсіресе, Халық ағарту комиссариатындағы 
мемлекеттік қызметін мүлтіксіз атқаруына септігін тигізсе, керісінше, 
ғалымның мемлекеттік қызмет жолын таңдап, мемлекет мүддесіне сай әрекет 
жанынан табылуы оның партияға мүше болуына алып келетін бірден-бір жол 
сияқты. Бұл арада Қ.Жұбанов лауазымды қызмет атқарған 30-жылдары 
коммунистік партиядан өзге партияның қалмағанын да атап өтуіміз керек. 
Сондықтан бар ғұмырын тілге бағыштаған Қ.Жұбановтың қоғамдық-
әлеуметтік ұстанымын түсінуге көмектесетін бұл себептер зерттеуші 
Б.Хасанұлының «ғалымның мемлекеттік қызметте жүріп, оның мүддесіне 
қарсы шығуы мүмкін емес еді» деп орынды атап көрсететін төртінші 
себебімен ұласып жатыр екен (92, 119).
Енді Б.Хасанұлы атап өтетін соңғы себепті, яғни Қ.Жұбановтың термин 
қабылдаудағы «орыстық» бағытына «қазақ емлесіндегі ала-құлалықтан 
арылу қажеттілігі» себеп болды деген пікірді де түсіндіре кетейік. Бұл «ала-


202 
құлалық» Б.Хасанұлы айтатын «халыққа танымал емес сөздерден», бірінші 
кезекте орыс тілінен келіп жатқан термин сөздерден болатын. Алайда, назар 
аударарлығы сол, Қ.Жұбановтың өзі атап айтатындай, ала-құлалық ол кезде 
қазақтың өз сөздерінің емлесіне қатысты да болыпты. Ғалым қазақ тілінің 
емлесін «шет сөздері болмаса, өз сөздеріне келгенде кемшіліксіз» деп көкке 
көтере мақтаушыларға сын айтады. Қазақтың өз сөздерінің дұрыс жазылуына 
қатысты ала-құлалықтың да ұшы-қиыры жоқ екеніне мысалдар келтіреді. 
Бұдан Қ.Жұбанов емледегі ала-құлалықтан шетел сөздерін өзгертпей алумен 
құтылмайтынымызды, мәселенің түпкі себебі тілді зерттеуді тиісті деңгейге 
көтеруде жатқанын жақсы білді деп қорытуға болады. Енді оның жағдайды 
біле отырып, терминдерді орысша түзу бағытын белгілеуінің бірнеше себебін 
болжамдауға болады: 1) ала-құлалықтан тұтас құтқаратын ғылыми әлеуеттің 
жоқтығын, қалыптасқан ахуалды шұғыл арада шешпесе, онан сайын ауырлай 
түсетінін мойындауы мүмкін, 2) ғалым осындай жолмен болса да ала-
құлалық деңгейін жарым-жартылай азайтуды мақсат етуі мүмкін және 3) 
қазақтың өз сөздеріне қатысты ала-құлалыққа қолданатын тілдің ережесін 
жасау, әрі қарай зерттеу жолын халықаралық немесе «біреудікіндей» болған 
терминдерге қатысты қолдануға тағы да мемлекеттік қызметшілігі жол 
бермеуі ықтимал.
Қазақ тілінің бүгіні мен болашағына қатар алаңдаған абзал жан – 
Қ.Жұбановтың сол кездегі тіл тағдырының белсенді қалыптастырушысы 
ретіндегі орнын анықтау бүгінгі күні сол мұра тілді тұтынушы халықтың 
оған деген жеке көзқарасын, көңіл-күйін білдіретін қоғамдық-әлеуметтік 
бейнесін қалыптастыру үшін және елімізде болып жатқан әлеуметтік 
лингвистикалық үдерістерді, ондағы жеке тұлғалардың рөлін түсіну үшін 
маңызы. Сондықтан Қ.Жұбановтың бүгінгі терминологиямызды орыс тілі 
үлгісінде қалыптастыруына ықпал еткен мынадай себептерді де қоса 
көрсетуге тиіспіз:
1. Қ.Жұбанов терминологиялық қағидаттарды орыс тілінің табиғатына, 
ондағы дыбыстар мен сөздер құрылысының ерекшелігіне сүйенген күйінде 
қалыптастырды дедік. Осыған түрткі болған басты себептің бірі сол кездегі 
қазақ тіл білімінің, оның ішінде терминдердің даму барысы, сондай-ақ 
әртүрлі жаңа қоғамдық қатынастар тудырған мәдени, өндірістік және 
әлеуметтік мұқтаждықтар мен тілдің сол мұқтаждықтарды қанағаттандыру 
мүмкіндігі арасындағы алшақтықтың болуы деу керек. Бүгінгі әлеуметтік тіл 
біліміндегі «тіл дамуының қоғам дамуынан үнемі артта жүретіндігі» жайлы 
қағидалар тұрғысынан да қазақ тілінің сол аталған уақыт пен кеңістіктегі 
халінің ауырлығын сезіну аса қиын емес.
2. Қ.Жұбановтың терминдік бағдарына ықпал еткен басқа бір себеп – 
Қазақстанда сол кезде қалыптасқан саяси-экономикалық жағдай.
30-жылдардағы термин қалыптастыру ісі сталиндік репрессия мен 
ашаршылық өршіген орнықсыз әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-
экономикалық жағдайға тап келді. Бұл кезде ХХ ғасырдың 20-жылдарының 
соңынан басталған қудалау салдарынан Алашорда зиялылары қоғамдағы 


203 
белсенді тірліктен аластатылған болатын. Қордаланған тіл мәселесін шешуге 
әзір тұрған мамандар құрамы мен мекемелер, мамандарға қажет 
инфрақұрылым болмады. 1933 жылдың басында Қазақстанды басқаруға 
келген Л.И.Мирзоян Орталық Комитеттің хатшысы Л.М.Кагановичтің атына 
жазған хатында Алматы қаласында үй-жай мен электрдің жоқтығын, 
қызметкерлердің тұрақтамай кетіп жатқанын және әр облысқа кемі 10 адам 
және бұған қосымша Қарағандыға 10-15 адам керектігін, қазақ мамандарын 
өсіру үшін қызметкерлер керектігін және солардың көмегімен ғана жұмысты 
жолға қоюға болатынын айтады.
Мұндай қысылтаяң әлеуметтік ахуал Алашорда зиялылары негізін 
салған терминдерге ұлттық сипат беру бағытын өзгертуге қалай себеп 
болады десек: Қ.Жұбанов тілде орын алған «анархияны» «революциялық» 
жолмен болмаса, яғни өзге тілдің заңдылығын орнату жолымен болмаса, 
жөнге салуға келмейтін құбылыс деп әу баста үзілді-кесілді бағаламаған 
екен. Оған ғалымның емле мен терминдер жайында жазған мақалалары куә. 
Мәселен, ол: «Терминдердің емлесіне 1929 жылғы қаулы ойына келген бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет