254
Ғалым-публицистің ұлт айнасына айналған «Қазақ» газетінде жарық
көрген жарияланымдарында күнделікті күйбең тірлік емес, ел
өміріндегі
елеулі оқиғалар, зәру мәселелер көтерілді. Қазақ елінің бір өлкесі болып
табылатын Темір уезінен жазылған жарияланымдардың қай-қайсысы да
оқырманды бей-жай қалдырмады. Аталмыш жарияланымдарда сол кездегі
өмір шындығы өрілгені өз алдына, сондай-ақ қалың көпшілікке етене жақын
мәселелер көрініс тапты. «Қазақ» газетінің алқасы да оны автор ретінде
назардан тыс қалдырмаған. «Қашаған» деген бүркеншік атпен жазылған
материалда бір топ ел азаматтарымен қатар Қ.Жұбанов жайында тың дерек
беріледі (113).
Қ.Жұбановтың «Алаштың» бетіндегі алғашқы туындысы – «Қараша
бала» деген лақап атпен жарық көрген «Наурыз құтты болсын» атты өлеңі.
Бес шумақтан тұратын өлең өршілдікке үндеуімен,
намыстың найзағайын
жануымен құнды. Наурыздың өміршең мереке екенін автор сол кездің өзінде
тап басып танығаны сүйсіндіреді. Бабалар ұмытпағанды бізге ұмытып не
көрініпті деген ойды ашық білдірген. «Неше түрлі от-аранға тұтылмай»,
«замананың не құқына жұтылмай» жеткен Наурыздың мәнін жеткізе білген
өлең жолдарынан публицистикалық пафосты аңғаруға болады. «Алаш»
газетінде жарияланған публицист туындыларының ең шоқтығы биігі –
«Аянышты хал» деген фельетоны (114). Фельетонда елдегі күйзелген
тіршілік, халықтың ілдебайлаған тұрмысы сатира тілімен бейнеленген.
Халықтың жоқ-жітік тіршілігі өткір тілмен сыналған. Сүреңсіз көріністердің
себеп-салдары барынша әжуаланған, мысқылмен жеткізілген. Өзі куәсі
болған жайттарды неғұрлым шыншылдықпен беруге тырысқан жас қалам
иесінің зор талабына тәнті боласың. «Алаш» газетінің ғұмыры қысқа
болмағанда, аталмыш басылымда талай туындылары жарияланатыны күмән
тудырмайды.
Қаламгер Қ.Жұбановтың «Қазақ» және «Алаш» газеттеріндегі
жарияланымдарынан ғасырлар бойы халқымыздың көкірегінен өшпеген
азаттық рухының лебі сезіледі. Сол кезеңдегі қалыптасқан ахуал тұрғысынан
бағаласақ,
отарлық езгідегі елде, отарлаушылардың көз алдында, жария түрде
тәуелсіздік
идеясын
насихаттауға
атсалысқанымен
ерекшеленеді.
Тақырыптық жағынан алғанда ең алдымен сол кездегі өзекті мәселелердің
бірі – жерге қатысты жарияланымымен көзге түсті. Шаруаға қолайлы,
шүйгінді жерінен айрылып қалған қазақтың басындағы мұңды тап басып
танып, публицист парасаты тұрғысынан көрсете білді. Әлеуметке қажетті
мәселені тануға деген елгезектігі сол кезден бастап қалыптасса керек.
«Қазақ» газеті ұлт баспасөзінің тарихында жер мәселесін кеңінен көрсетіп,
кезең ерекшелігін ұғынып, өз орнын ойып алса,
бұған басқалармен бірге
айтулы үлес қосуы да публицистің зерделілігін аңғартады.
Публицист қаламына іліккен тағы бір тақырып – 1916 жылғы
дүрбелеңге, бірінші дүниежүзілік соғысқа қазақтардан адам алудың жайы.
Қараңғылықтың қамытынан құтыла алмаған ел қазақтарының қасында
болуды парызы санап, өздері сұранып, әскерге аттанған молдалар мен ауыл
255
мұғалімдерінің тірлігіне ден қойып, бағалы ақпаратқа қанық боласың. Оң
жамбасына келетін оқу-ағарту ісінің жай-күйі де назардан тыс қалмаған.
Сондай-ақ қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысына қатысты ой-пікірлері
де оқырман ықыласына бөленгені айқын. Балғын қаламы әлі төселе қоймаса
да, қазақтың саяси өміріне қатысты маңызды мақалалар беріп тұрған,
көкейкесті мәселелер бойынша ұйымдастырылған пікірталастарға қатысқан,
сөйтіп, сол кездегі қоғамдық-саяси ойды бір арнаға бағыттауға атсалысқан.
Қ.Жұбановтың өзекті ойды жеріне жеткізіп айта білу шеберлігі
жанрлық жағынан алғанда негізінен «заметка» жазуға машықтануынан
байқалады. Сондай-ақ тұңғыш фельетоны да
балаң публицистің қаламының
желісі әуел бастан өзіндік стилі аңғарылғанына дәлел бола алады. Қазақтың
зиялылары авторлары болып саналатын басылымдарға шалғай аймақтан жас
қалам иесінің де қатысып тұрғаны оның болашақтағы бағыт-бағдарын
айқындады. Алғашқы жарияланымдарынан да кесек ойлардың ұшқыны
байқалды. Бұл кезең өзіне тән ізденіс иірімдерімен құнды.
Білім арқылы қоғамдық дамуға жол ашуды, өз халқын озық мәдениетке
жеткізуді алдына мақсат етіп қойған Абай, Шоқан, Ыбырай негізін салған
ағартушылық-демократтық бағыт публицисті жастайынан баураған. Ол өзі
тұратын өңірде болып жатқан жаңалықтарды, оқу-ағарту мәселелеріне
қатысты ой-пікірлерін губерниялық «Кедей», республикалық «Еңбекшіл
қазақ» (кейін «Еңбекші қазақ») газеттеріне тынбай жазып тұрды.
Қ.Жұбановтың «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрген «Темір уезінің
оқушылар тобы» атты мақаласы жұртты жаңалығымен баурап алады.
Аталмыш жарияланымда Темір уезіндегі оқу-ағарту ісінің жай-күйі жаңаша
сипатта баяндалды. Бір уездегі
шаруалар жайын сөз ете отырып, автор ел
деңгейіндегі мәселелерге назар аударды. Сауатсыздыққа қарсы күрестің
нақты сипаты болмаса, тиісті нәтижелерге қол жеткізудің мүмкін еместігін
ашық қозғады. «Коммуна мектептері жетіжылдық болсын» атты
мақаласында да автор өзекті мәселені көтереді. Оның ойынша, мектептердегі
оқу мерзімінің қатаң сақталуы айрықша маңызға ие (115).
Бұдан әрі публицист бірте-бірте ауқымды мәселелерді қамтуға бет
бұрады. Мұның нақты көрінісі – «Аулақтан оқыту» атты мақаласы (116).
«Дистанционное обучение» дегенді «аулақтан оқыту» деп алып, мұның
мәнісін қалың көпшілікке түсінікті, ұғынықты тілмен жеткізеді. Аталмыш
жарияланымдағы «
Кеңселерде қазақтандыру шабан жүріп отыр. Себебі,
Достарыңызбен бөлісу: