172
–Ұлтшылдық мақсатымен істеген қылмысты істеріңді ата! – деген әмірінен
де Жұбанов қаймықпайды. 1937 жылғы 19 желтоқсандағы тергеуде де ол
ұлттың қамын жеген ойларын жалғастырады: «
В апреле 1936 г. мне стало
известно, что студент 3-курса литфака пединститута ... пропагандировал
в
общежитии
байтурсыновскую
грамматику
и
идеализировал
Байтурсынова. Когда студенты начали его прорабатывать на собраниях, я
взял его под свою защиту, мотивируя тем, что он отличник учебы и что ему
должны прощаться его «случайные грехи». ... Тағы бір студент туралы айта
келіп, былай дейді: «...
я ему дал пробное задание сделать доклад на зачетной
конференции студентов о грамматике Байтурсынова. Этим я хотел заодно
и популяризировать Байтурсынова среди студентов» (79, 80-86). Бұл
келтірілген дерек ғалымның А.Байтұрсынұлының
қазақ тіл біліміндегі
ерекше орнын құрмет тұтуымен қатар оның азаматтық қасиетінің
жоғарылығын да айғақтай түседі.
Қ.Жұбанов басқа тілден енген сөздерді дұрыс жазу үшін олардың
дыбысталу қалпын бұзбау қажеттігін, яғни әліпбиге сол тілдің дыбысын дәл
жеткізе алатын таңба болуы қажет екендігін айтып, халықаралық мәні бар
сөздерді дұрыс таңбалау мақсатында қазақ әліпбиіне
ф, х , һ әріптерін енгізу
туралы ұсыныс жасайды. Алайда бұл жолы Қ.Жұбанов ұсынған «ф» және «х»
әріптері әліпбиге енгізілмей қалады. Бұл жөнінде құжатта «Воздержаться от
принятия букв «ф» и «х» впредь до окончательного вынесения поэтому
вопросу
решений
соответствующих
компетентных
органов
и
общественности. Вопрос об этих буквах поставить на широкую дискуссию»,
– делінген.
Сонымен қатар ғалымның «
у» дыбысының қосарлы таңбасы
жайындағы пікірі де жұртшылықты ойландырғаны мәлім. Бірақ,
өкінішке
қарай, ғалымның бұл әріптер жөніндегі ұсынысы дер кезінде қолдау таба
алғамады. Тек, бірнеше жылдардан кейін ғана тіл мен жазудың даму
сатысының өзі бұл пікірдің дұрыстығын дәлелдеп шықты. Сөйтіп бұл әріптер
қазір қазақ әліпбиінің толық мүшесі ретінде қатар түзіп, термин
қалыптастыру ісінде қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Проф. Қ.Жұбановтың қазақ емлесі мен әліпбиіне қатысты тағы бір
маңызды еңбегі ғалымның «Мемлекеттік терминком Бюллетенінің» 1-
нөмірінде жарияланған «Қазақ тілінің емлесі мен әліппесіне кіргізілетін
өзгерістердің жобасы» болып табылады. Бұл өзгерістер өзінің өміршеңдігін
танытып, 1957 жылы қабылданған Ережеде
осы жобадағы қағидалар
басшылыққа алынды.
Қ.Жұбанов емле жасау жөнінде өз ойларын: «
Қазақтың әдеби тілінде
ұстап-тұтынылатын сөздердің бәрі де дұрыс жазылып, әрқайсының өзіне
меншікті тұрақты таңбасы болуы керек те, сол тұрақты түрден айнып,
басқаша жазылған жазудың бәрі де қате делінетін болуы керек. Бірақ ол
үшін мына сөз «таза қазақша», мынаның «тегі жат» деп, сөз-сөздің тегін
қосып жатудың қажеті жоқ: тегі қайдан шықса да бәрі бір, қазақ тіліне
кірген сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі делінуі керек», – деп тұжырымдайды.
173
Ол ереже жасауда негізгі есте болар жай – «
емле жеңіл болу үшін ереженің
санын да, ережеге көнбейтін одағай қалыптардың санын да құр тек «аз
ету» шарт емес, қайта тілде бар, емлеге керекті қалыптардың бәрінің
түгел тексеріліп, ереже болып қорытылып шығуы шарт», – дейді.
Қ.Жұбанов қазақ әліпбиі мәселелерін талдау барысында жалпы тіл
білімі деңгейіндегі ғылыми ізденістерге, белгілі ғалымдар еңбектеріне, басқа
тілдің кейбір эксперименталды зерттеу деректеріне арқа сүйей отырып, басқа
тілдердің де
тарихын зерделеп, салыстырып, салғастырып пікір айтады:
«
Қырғыз тіліндегі секілді ұзындық-қысқалық қазақ дыбыстарында жоқ». ...
«
Наши алтайские языки в древности, вероятно, не дифференцировались по
признаку звонкости и глухости звуков, как уйгурской письменности, где п и
Достарыңызбен бөлісу: