Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет89/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   165
Қорытындылар
Зерттеу барысында үш телеарнаның күнделікті қорытынды/кешкі 
жаңалықтар шығарылымы талданды. «Хабар 24» арнасында тәуелсіз 
сарапшылар барлығы 120 рет сөз сөйлеп, пікір білдірген, «Еуразия» 
Бірінші арнасында – 97 рет, «КТК» арнасында – 122 рет. Талдауға 
Қазақстан Республикасында ресми карантин жарияланған 2020 жылғы 
19 наурыз бен 17 тамыз аралығындағы материалдар алынды. 
Сарапшының түсініктеме беріп, эфирге шыққан күнімен бірге, спикердің 
аты-жөні, лауазымы және айтқан пікірінің қысқаша мазмұны көрсетілді. 
Содан кейін сарапшы синхрондарының бәрі талқыланған тақырыпқа сай 
бірнеше санатқа топтастырылды. Сарапшылар дискурсында сөз болған 
тақырыптардың үлесін есептеу нәтижелерінен белгілі болғандай, эфирге 
шыққан сарапшылар пікірінің үштен бірі коронавирус төңірегіндегі 
фейктер мен коспирологиялық теорияларға төтеп беру сипатында болған 
(«КТК» (33,6%) мен «Еуразия» Бірінші арнасы» (28,8%) телеарналарында), 
ал «Хабар 24» арнасында ғана бұл көрсеткіш төрттің біріне тең (25,8%).
Айта кетерлігі, COVID-19 пандемиясы мен оның салдары туғызған 
инфодемия қазақстандық телеарналардың контентінде қандай да бір 
өзгерістің болуына негіз бола қойған жоқ, қауіпті дезинформацияға 
қарсы күреске барынша атсалысуға түрткі бола алмады. Журналистер 
мен қоғам ықпалының нәтижесінде фейктерге қарсы ең ауыр жүк 
өкілетті мемлекеттік органдардың мойнына артылды. Телевизия болса, 
ресми үндеулер мен жолдаулардың ретрансляторы рөлін ғана атқарды. 
Жалған ақпараттың таралуына тосқауыл қоюға қабілетті көптеген білікті 
маманның басын қосуға мүмкіндік болғанына қарамастан, телеарналар 
коронавирус жайлы алыпқашпа әңгімелерді теріске шығарумен ғана 
шектелді.
Танымал жекеменшік телеарналар әлеуметтік желілер мен 
мессенджерлерде тараған хабарламалардың ақ-қарасын ажыратуда біраз 
жақсы нәтиже көрсеткен, дегенмен олар да кейде коронавирус жайлы 
расталмаған деректерге сілтеме жасап отырған. Бұл – редакцияның тиісті 
дәрежеде фактчекинг жүргізбейтінінің айғағы. Коронавирус пандемиясы 
сияқты дағдарыс жағдайында шамадан тыс көп таратылатын ақпарат 
ағынына төтеп беру үшін, біздің ойымызша, төмендегідей шараларды 
қолға алған жөн:


210
• арнаулы білім беру бағдарламалары мен тренингтер өткізіп, отандық 
телеарналар қызметкерлерінің фактчекинг жасау дағдылары мен 
медиасауатын жетілдіру;
• (болмаған жағдайда) тиісті редакциялық стандарт әзірлеу немесе 
қолданыстағы нормаларға жаңалықтар телесюжеттерін дайындау 
барысында фактілерді растау әдістемесінің қатаң орындалуын 
қамтамасыз ететін ереже енгізу;
• тележурналистердің сарапшылар мен әртүрлі саланың кәсіби 
мамандарымен жүйелі түрде ынтымақтаса жұмыс істеуіне жағдай 
жасау (мысалы, сарапшылар пікір айтатын арнаулы бағдарламалар 
ұйымдастыру немесе маманмен телестудияда бетпе-бет тілдесу).


211
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Fischer, Sara (2020). «Media prepares to fact check debates in real time». Axios. 
https://www.axios.com/media-prepares-to-fact-check-debates-in-real-time-
3c451832-2f9f-43b1-9182-c516580c6697.html Соңғы қараған күні: 12.11.2020.
2. Infodemiya (2020). «Спецпроект «Коронавирус, нет, нет, нет». http://infodemiya.
tilda.ws/ Соңғы қараған күні: 12.11.2020.
3. Islam, Md Saiful., Sarkar, Tonmoy., Khan, Sazzad Hossain et al. (2020). «COVID-19–
Related Infodemic and Its Impact on Public Health: A Global Social Media Analysis». 
The American Journal of Tropical Medicine and Hygiene, 103(4): 1621–1629. 
4. Kaznmu (2020). «Основоположника школы эпидемиологии Казахстана Сакена 
Амиреева поздравили с юбилеем». https://news.kaznmu.kz/основоположника-
школы-эпидемиологии Соңғы қараған күні: 13.11.2020.
5. Kelly, Tara (2020). «How COVID-19 made Teyit rethink their fact-checking for the 
small screen». Poynter. https://www.poynter.org/reporting-editing/2020/how-covid-
19-made-teyit-rethink-their-fact-checking-for-the-small-screen/ Соңғы қараған 
күні: 12.11.2020.
6. Spring, Marianna (2020). «Coronavirus: The human cost of virus misinformation». 
https://www.bbc.com/news/stories-52731624 Соңғы қараған күні: 12.11.2020.
7. Sutu, Rodica Melinda (2019). «Fake News, from Social Media to Television Case 
Study of the Romanian Presidential Elections 2019». Styles of Communication. 
11(2): 81-92.
8. WHO (2020a). «Резолюция семьдесят третьей сессии Всемирной ассамблеи 
здравоохранения WHA73.1 о борьбе с COVID-19». https://apps.who.int/gb/ebwha/
pdf_files/WHA73/A73_R1-ru.pdf Соңғы қараған күні: 12.11.2020.
9. WHO (2020b). «Борьба с инфодемией на фоне пандемии COVID-19: поощрение 
ответственного поведения и уменьшение пагубного воздействия ложных 
сведений и дезинформации». https://www.who.int/ru/news/item/23-09-2020-
managing-the-covid-19-infodemic-promoting-healthy-behaviours-and-mitigating-
the-harm-from-misinformation-and-disinformation Соңғы қараған күні: 
12.11.2020.
10. WHO (2020c). «Рекомендации ВОЗ для населения в связи c распространением 
нового коронавируса (2019-nCoV): мифы и ложные представления». https://
www.who.int/ru/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019/advice-for-public/
myth-busters Соңғы қараған күні: 13.11.2020.
11. Айтжанова, Ботагоз (2020). «СМИ и фейки. Интервью министра Аиды 
Балаевой». Tengrinews, https://tengrinews.kz/article/smi-i-feyki-intervyu-
ministra-aidyi-balaevoy-1503/ Соңғы қараған күні: 12.11.2020.
12. Демесинова, Айдана (2020). «Сайт для борьбы с фейками StopFake запустили в 
Казахстане». Казахстанская правда, https://www.kazpravda.kz/news/obshchestvo/
sait-dlya-borbi-s-feikami-stopfake-zapustili-v-kazahstane Соңғы қараған күні: 
12.11.2020.
13. Евразия (2020a). «Главные новости. Выпуск от 07.08.2020». https://1tv.kz/glavnye-
novosti/august-2020/ Соңғы қараған күні: 13.11.2020.
14. Евразия (2020b). «Главные новости. Выпуск от 26.06.2020». https://1tv.kz/
glavnye-novosti/june-2020/ Соңғы қараған күні: 13.11.2020.
15. Евразия (2020c). «Главные новости. Выпуск от 07.07.2020». https://1tv.kz/glavnye-
novosti/july-2020/ Соңғы қараған күні: 13.11.2020.
16. Евразия (2020d). «Главные новости. Выпуск от 16.04.2020». https://1tv.kz/
glavnye-novosti/april-2020/ Соңғы қараған күні: 13.11.2020.


212
17. Евразия (2020e). «Главные новости. Выпуск от 02.06.2020». https://1tv.kz/
glavnye-novosti/june-2020/ Соңғы қараған күні: 13.11.2020.
18. Калмурат, Аян (2020). «‘Панику снизит только открытость властей’. Почему 
люди верят фейкам?» https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-coronavirus-fact-
checking/30498812.html Соңғы қараған күні: 13.11.2020.
19. Королева, Ольга (2020) «Телесмотрение и реклама в Казахстане в эпоху 
COVID-19». NR, https://newreporter.org/2020/05/05/telesmotrenie-i-reklama-v-
kazaxstane-v-epoxu-covid-19/ Соңғы қараған күні: 12.11.2020.
20. Криштоп, Ирина (2020). «Массовое чипирование: почему казахстанцы верят 
в фейки». KTK. https://www.ktk.kz/ru/news/video/2020/05/08/147777/ Соңғы 
қараған күні: 13.11.2020.
21. Мендыбаева, Алтын (2020). «Имбирь взлетел в цене в 10 раз, но стоит ли 
тратиться?» KTK. https://www.ktk.kz/ru/news/video/2020/03/30/143547/ Соңғы 
қараған күні: 13.11.2020.
22. Поляница, Ксения (2020). «Медики и юристы выступили против ношения масок 
на улице». KTK. https://www.ktk.kz/ru/news/video/2020/07/31/155145/ Соңғы 
қараған күні: 13.11.2020.
23. Хабар 24 (2020a). «Выпуск новостей 20:00 от 20.07.2020». https://24.kz/ru/news/
vypuski-novostej/item/410612-vypusk-novostej-20-00-ot-20-07-2020 Соңғы 
қараған күні: 13.11.2020.
24. Хабар 24 (2020b). «Выпуск новостей 20:00 от 10.07.2020». https://24.kz/ru/news/
vypuski-novostej/item/408540-vypusk-novostej-20-00-ot-10-07-2020 Соңғы 
қараған күні: 13.11.2020.
25. Хабар 24 (2020c). «Выпуск новостей 20:00 от 14.07.2020». https://24.kz/ru/news/
vypuski-novostej/item/409307-vypusk-novostej-20-00-ot-14-07-2020 Соңғы 
қараған күні: 13.11.2020.
26. Хабар 24 (2020d). «Выпуск новостей 20:00 от 09.07.2020». https://24.kz/ru/news/
vypuski-novostej/item/408152-vypusk-novostej-08-00-ot-08-07-2020 Соңғы 
қараған күні: 13.11.2020.
27. Хабар 24 (2020e). «Выпуск новостей 20:00 от 21.03.2020». https://24.kz/ru/news/
vypuski-novostej/item/382402-vypusk-novostej-14-00-ot-21-03-2020 Соңғы 
қараған күні: 13.11.2020.
28. Шишкин, Дмитрий (2018). «Основы формальной логики: как не дать собой 
манипулировать. Часть III». https://factcheck.kz/metodika-fch/osnovy-formalnoj-
logiki-kak-ne-dat-soboj-manipulirovat-chast-iii/ Соңғы қараған күні: 13.11.2020.


213


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет