Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет91/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Материалдар және зерттеу әдісі
Фейк жаңалықтар – адамдардың өзара араласуының, тілдесуінің 
дағдарысқа ұшырағанының көрінісі. Мұндай жаңалықтар жағдайды 
асқындырып, татулықты бұзып, алауыздыққа себеп болады. Цифрлық 
коммуникациялар мен әлеуметтік желілер дәуірінде жалған ақпараттың 
таралуына еш кедергі жоқ: әлемге қас қағым сәтте таралып үлгереді. Бұл 
үрдісті әркім әрқалай атайды: дезинформация, мисинформация, жалған 
хабар, қате хабар, қауесет; қалай атасаңыз да, бары – осы бір мәселе. Әлемді 
COVID-19 пандемиясы дүрбелеңге салды, барлық елге қай тұрғыдан 
болса да залал келтірді, жарты миллион адам қаза тапты. Денсаулық 
жайы бәрімізді алаңдатады, не боларын ешкім нақты білмейді, бұл үрдіс 
инфодемия деген жаңа бір құбылыстың («информация» мен «эпидемия» 
сөздерінен құралған термин) пайда болуына түрткі болды. Бұл екі ұғым 
әрдайым қатар жүреді. Мұндай жағдайда дұрыс ақпарат та, жалған ақпарат 
та көп болатыны анық. Сенімді ақпарат дағдарыс салдарын жеңілдетуі, ал 
жалған ақпарат оны ушықтырып жіберуі мүмкін.
Пандемия басталғаннан бері жалған мәлімет, қауесет, 
конспирологиялық теорияларды көп таратқан ақпарат құралдары аз емес. 
Табыс қуған мұндай ақпарат құралдары вирустың шығу тегі, қасиеттері 
мен оған қарсы профилактикалық шаралар туралы сан алуан фейктер 
жариялаған. Бұл жайт – халық «ертеңім не болмақ?» деп дүрліккен шақта, 
хаос кезінде алыпқашпа әңгімелердің тез таралатынының жарқын 
мысалы. Жалған хабарға нанған адам сол мәліметті туған-туыстарына, 
жақындарына таратады. Біз танысымыз айтқан нәрсеге сенуге бейімбіз, 
дезинформация осылай етек жаяды (BBC, 2020a). 
ДДСҰ-ның коронавирус пандемиясы инфодемия сияқты қарқынды 
таралуда деген мәлімдемелеріне сүйеніп, инфодемияның шығу тегін 
вирустың шығу тегі, таралу ауқымы, қоғамға төндіретін қаупі және 
таралу жолдарымен салыстыруға болады деп қорытынды жасауға болады. 
Инфодемия да вирус сияқты адамнан адамға жұғады. Демек, ақпараттың 
таралуына аудиторияның өзі де атсалысады. Қандай да бір ақпаратты 


216
тарату процесінің ақпарат беретін және оны қабылдайтын тарап 
арасындағы үздіксіз байланыстан тұратынын атап өткен жөн.
Фейк дегеніміз – дезинформатор көздеген мақсатқа сай ойдан 
шығарылған жалған ақпарат. Фейк ақпаратқа сенген қалың бұқара пікірінің 
өзгеруі дезинформатордың діттеген мүддесіне жетіп, мақсатының 
орындалғанын білдіреді. Яғни қоғамның психологиялық манипуляцияға 
ұшырағаны. Д.А. Волкогонов психологиялық манипуляциялардың үш 
деңгейін айқындап берген (Волкогонов, 1983):
1. 
Адам санасындағы бұрыннан бар ұстанымдар, мұраттар, 
құндылықтар мен нормалардың тұрақтанып, беки түсуі;
2. Әлдебір оқиға, үрдіс немесе фактіге көзқарастың өзгеруі, бұл, 
өз кезегінде, нақты бір құбылысқа қатысты саяси позиция мен 
эмоциялық ұстанымға да әсер етеді;
3. Қандай да бір әсерлі, тосын, жаңа, күйзеліске түсіретін деректер 
мен мәліметтер ықпалымен өмірлік ұстанымдардың түбегейлі, 
түпкілікті өзгеруі.
Бұған қоса, Д. А. Волкогонов атап өткендей, қандай болмасын 
манипуляцияны ойдағыдай іске асырудың маңызды факторы – адамның 
ақыл-санасына емес, сезіміне әсер ету. Сол себепті осы зерттеуге арқау 
болған мақалалардың көбінің эмоциялық реңк (тональдық) коэффициенті 
жоғары. Мұндай мақалалар оқырман бойында белгілі бір эмоцияның 
тууына түрткі болып, санаға емес (психика цензурасынан аттап өтіп) 
бірден түпсанаға әсер етеді. Салдарынан оқырман түпсанасында тиісті 
мінез-құлық үлгісі қалыптасады, адамның пікірі өзгереді. Демек, 
дезинформатор қалаған мақсатына жетеді.
Бұл процесті дұрыс түсіну үшін «дезинформация» мен 
«мисинформация» ұғымдарына анықтама беріп өтейік. Дезинформация 
– «ақпаратты қабылдайтын тұлғаны жаңылыстыру мақсатында көрінеу 
жалған, бұрмаланған, қате мәлімет беру» (Райзберг et al., 1999). Яғни 
қасақана жалған ақпарат тарату. Дезинформация салдарынан әдетте 
қоғамда алауыздық, қайшылық туындайды. Дезинформация бір 
ғана мақсатты көздейді – қарсыласты манипулятор қалаған әрекетке 
итермелеу: мысалы, манипулятор мүддесі үдесінен шығатын шешім 
қабылдау немесе манипулятор мүддесіне қайшы шешім қабылдаудан 
бас тарту. Қалай болғанда да, түпкі мақсат – қарсы тараптың белгілі бір 
әрекетке баруы. Осылайша дезинформация дегеніміз – адамның саналы 
түрде қандай да бір әрекетке баруы; адамды жаңылыстырып, манипулятор 
қалаған іс-әрекетке итермелеу немесе оның әрекетсіз қалуына ықпал ету. 
Мисинформацияға анықтама берудің бірнеше жолы бар. Шойфеле мен 
Краузенің (Scheufele & Krause, 2019) анықтамасына сай, мисинформация 
– қате ақпарат, кездейсоқтықтың ықтимал нәтижесі. Ал Уордл мен 
Дерахшанның (Wardle & Derakhshan, 2017) айтуынша, мисинформация 
деп бейсана (яғни ақпараттың жалған не шын екенін білмей) және 
әлдебіреуге зиян келтіру мақсатын көздемей таратылатын жалған 
ақпаратты, яғни біреуді жаңылыстыру ниетіне еш қатысы жоқ жалған 
ақпаратты айтады. Мисинформацияға деректерді растамай жариялаған 
ақпаратты, шетел деректерін дұрыс аудармау жайттарын жатқызуға 
болады. Мұндағы негізгі ерекшелік – автордың абайсызда қателік жіберуі.


217
Бұл мақалада Қазақстанның ақпарат порталдарындағы дезинформация 
мен мисинформацияның пайызға шаққандағы көрсеткіштері де 
есептелген. Ол үшін тиісті ақпарат көздері сенімді ме әлде сенімді емес 
пе, осы тұрғыдан да тексерілді. Осы ретте отандық ақпарат құралдары 
жиі сілтеме жасаған жеті шетелдік дереккөзде де дезинформацияның 
бар-жоғын тексердік. Тізімге енген ресейлік БАҚ: РИА Новости: https://
ria.ru, Интерфакс: https://www.interfax.ru, Lentaru: https://lenta.ru; өзге 
де шетелдік ақпарат құралдары: China Daily: https://www.chinadaily.com, 
South China Morning Post: https://www.scmp.com, CGTN: https://news.cgtn.
com. 
COVID-19 жөніндегі дискурстағы дезинформацияны зерттеу үшін 
қажетті деректер Қазақстандағы ең танымал мемлекеттік емес ақпараттық 
интернет порталдарынан алынды, бұл деректер 2019 жылғы 31 желтоқсан 
мен 2020 жылғы 31 тамыз аралығында жарияланған. Дәл осы уақыт 
аралығын таңдаудың себебі: әлемде жаңа коронавирустың шыққаны 
туралы алғашқы ақпарат жарияланған күн – 2019 жылғы 31 желтоқсан, 
осы күні Қытай үкіметі ДДСҰ-ға алғаш рет бұрын-соңды болмаған 
пневмония жөнінде хабарлаған; ал 2020 жылғы 31 тамыз – Қазақстанда 
бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова енгізген қатаң карантин 
шаралары жеңілдетілген күн. Төменде зерттеуімізге қажетті дереккөз 
болған Қазақстандағы интернет-платформалардың тізімі көрсетілген.
1-кесте. Интернет-платформалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет