256
зомбылығы ұғымын түсінбеуі (Chang et al., 2006) сияқты факторлар әсер
еткенін көрсетіп отыр.
COVID-19 карантині жарияланғаннан бері әлемде әйелдерге қатысты
тұрмыстық зорлық-зомбылық саны өскен (UN Women, 2020). Қазақстан
Республикасы ішкі істер министрлігінің 2020
жылғы тамыздың басындағы
статистикасына зер салсақ, 2020 жылдың наурызында бүкіл ел көлемінде
карантин жарияланғанан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі
шағым саны 25 пайызға артқан (Central Communications, 2020).
Жаһандық індет пен мемлекеттік карантин кезінде жәбірленушілер
коммуникация арнасын таппаған. Дегенмен әлеуметтік медиа маңызды
рөл атқарып, жәбірленушілердің тұрмыстық
зорлық-зомбылықтан
бірегей коммуникация құралына айналған. Соңғы он жылда әлеуметтік
медиа тұншыққан дауыстар мен маргинал топтардың «бостандық құралы»
деген атқа ие болды; әлеуметтік медиа шиеленіскен мәселелерді ашып
көрсетіп, сыни пікірлер платформасына айналды, сондай-ақ мағлұматпен
қамтамасыз ете отырып, заңның орындалуын талап
ету мен заңнамаға
өзгеріс енгізуді талап ететін онлайн қоғамдастықты біріктіре алды.
#MeToo қозғалысы – әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйелдерге сексуалдық
харассмент пен зорлық туралы, соның ішінде отбасындағы зорлық-
зомбылық жайлы жариялап, агрессорға құқықтық шара қолануды сұрауға
дем берген ең есте қаларлық әлеуметтік медиа феномендерінің бірі болды
(Garcia, 2017). Әлеуметтік медиа коммуникация мен жаһандық мәселелер
жайында хабар берудің құралы болып қана қоймай, қоғамдастық
сезімін
қалыптастырып, жәбірленушілерге басынан өткен жайттарды айтуына,
қолдау іздеуіне мүмкіндік беретін орынға айналды.
Бұл зерттеу жұмысымыздың басты сұрақтары мыналар: «COVID-19
кезінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа себеп болған басты
факторлар қайсы? » және «Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық
жағдайлары туралы мәлімет таратудағы әлеуметтік медианың рөлі
қандай? »
Зерттеудің мақсаты – болашақта Қазақстанда пандемия мен жаппай
төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілер
қиын жағдайда қалған кездегі үкімет органдарының
іс-әрекеті мен
саясатын жоспарлауға септігін тигізу үшін, тұрмыстық зорлық-зомбылық
жағдайларының артуына түрткі болатын факторларды зерделеу. Сондай-
257
ақ әлеуметтік медианың бұқаралық коммуникация құралы ретіндегі
рөлі мен бұқаралық медианың маңызды құралы ретінде Қазақстандағы
тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері туралы хабарды таратудағы,
жәбірленушілерді қорғаудағы және коммуникациядағы тиімділігіне баға
беру.
Зерттеу барысында сандық және сапалық әдістер қолданылды;
қазіргі кезде медиа саласында жұмыс істеп жүрген, тұрмыстық зорлық-
зомбылық жөніндегі қазақстандық бес эксперттен
жан-жақты сапалық
интервью алдық; ғылыми мақала, ресми статистика, есеп сияқты қосалқы
ақпарат ресурстарын қолдандық.
Достарыңызбен бөлісу: