250
Маусымдағы дәрі-дәрмек тапшылығынан кейін вирустан емделудің
жалған амалдары көп таралып, олардың өзін бірнеше топқа бөліп
қарастыруға тура келді. Бірнеше теория бетперде, қауіпті зат, екпемен
байланысты болған. Зейнет жасын төмендету секілді пандемияға
қатысы жоқ әлеуметтік жалған хабарлар да кездеседі. Негізінен бұл
айда жарияланған жалған хабарлар жергілікті сипатта болды. Zakon.
kz және «Коронавирус Қазақстан» арналары теңіз балдыры және одан
бөлінетін вирусқа қарсы тұрар затттар туралы ақпарат таратты. Бірақ
бұл ақпарат дұрыс берілмеген. Балдырлар мен одан бөлінетін, постта
айтылған зат – гепарин өздігінен инфекцияны жоюға көмектесе алмайды.
Бұл – адамдарды шатастыратын ақпарат (Бочарова, 2020). «НЕхабар» УК
сәуле шығаратын бактерицид шамдарын жарнамалады. Алайда ДДСҰ
оны мұндай мақсатпен қолдануға кеңес бермейді. ДДСҰ УК сәуле көз
шырышын зақымдап, тері тітіркенісін тудырады дейді (WHO.int, 2020).
Тамыз айында CORONAVIRUS2020.KZ, Zakon.kz, (Telegram.org, 2020)
арналары мектептерге жыныстық білім оқулықтары енгізіледі; елде 5G
интернет желісін тартады, бұл желі балаларға өте зиян, телефон, теледидар
және Wi-Fi қолдануға болмайды; қалалардағы су уланған; вирусолог
дәрігерлер арнайы қонақүйге орналастырылған; емдеудің арнайы
хаттамасын әзірлеуге дайындалуда және балаларды жаппай ауруханаға
жатқызады деген жалған ақпараттарды әшкереледі. «НЕхабар» тағы да
УК сәуле шығаратын бактерицид шамдарын жарнамалады. Бұл айдағы
бірнеше жалған ақпараттың пандемияға қатысы жоқ және алты арнаның
екеуі ғана мұны әшкерелеп, жоққа шығарды. Фейк хабарлар пандемия
өршіген алдыңғы айларға қарағанда, анағұрлым бәсеңсіп, аз тараған.
Қазақстандағы жаһандық ауқымдағы теорияларға келер болсақ,
чип, Билл Гейтс, вирус шашу, таңдаулы миллиард адам және 5G секілді,
бүкіл әлемге таралған теориялар мұнда да көп талқыланған. Telegram
арналары, әсіресе аудиториясы ауқымды арналардың фейк ақпараттарды
жариялағаннан гөрі теріске шығару материалдарын көбірек жариялағаны
байқалады. Электронды үкіметтің ресми арналары жалған ақпараттарды
әшкерелеуге бағдарланбаған. 137 мың жазылушысы бар, қамту жиыны 30
млн-ға жететін QazaqstanDa арнасы мен 76 мың адам жазылған, қамту
жиыны 19 млн-нан асатын «Мой Казахстан» арнасы өзіміз таңдап алған 6
арна әшкерелеген кейбір жалған жаңалықтарды жоққа шығарған. 47 мың
адам жазылған, қамту аудиториясы 7 млн болатын Qumash арнасы елдегі
ауырғандар санының ресми статискасының жалған екенін, шын мәнінде,
вирус жұқтырғандар санының анағұрлым көп екенін жазған.
Аудиториясы аз арналардың фейк жаңалықтарды көбірек тарататыны
байқалды. Мысалы, 10 мыңнан аса адам жазылған, қамту жиыны 10 млн-
нан асатын «Дикая Азия» арнасы БЦП диагнозы қойылған балаларға
екпенің кері әсері бар екенін жеке адам басындағы жағдай бойынша
баяндап, материал жариялаған. Бұл ақпараттың пандемияға тікелей
қатысы жоқ. Ал автор келесі постарында фейк жаңалықтарға сенбей,
ДДСҰ кеңестеріне құлақ асу керегін айтқан (Telegram, 2020).
Достарыңызбен бөлісу: