Жалған жаңалықтардан нені байқаймыз?
Пандемия кезінде әр айда конспирологиялық теориялар немесе фейк
жаңалықтар таратылып, кейін жоққа шығарылып отырған. Біз таңдаған
арналар дұрыс емес ақпараттардың кейбірін әшкерелеп, теріске шығарған.
251
Фейк жаңалықтардың көбі корновирусқа тікелей қатысты болса, кейбірі
мемлекеттің беріп жатқан төлемі, әсіресе балаларға қатты зиян келтіретін
улы зат шашу, чип салу, 5G желісі туралы. Әр айда жарияланған кей
жалған жаңалықтар карантин мерзімінің аяталуы және басталуы туралы:
карантин шараларын тоқтату, қатаңдату, қалалардағы блокпосттар
жөніндегі жалған ақпараттар.
Арналардағы вирусқа қарсы ем-дом туралы ақпараттар толық
берілмеген немесе нақты жазылмаған. Алайда адам ағзасына кері әсер
ететін емдеудің жалған тәсілдері теріске шығарылып, зиянды жақтары
нақты жазылған, дәрігердің тағайындауымен ем қабылдау керегі
айтылып, ресми дереккөздерге сенім арту қажеттігі ескертілген. Себебі
зерттеуге алынған мерзім аралығында коронавирустың табиғаты мен
әсері туралы нақты ғылыми тұжырымдар жоқтың қасы еді. Сондықтан
да арналар ең абзалы дәрігердің кеңесіне құлақ асу екенін жеткізген. Ең
танымал фейктердің таралуы мен жоққа шығарылуы жағдайларынан қай
облыс тұрғындарының қай айда ерекше толқып, әуре-сарсаңға түскенін
байқауға болады.
Көптеген астыртын әрекет теориясы халықтың дегбірін қашырғаны
анық. Теориялар пандемия ресми түрде жарияланған наурыз айынан
бастап, күн сайын көбейіп жатты. Бастапқыда жалған жаңалықтар вирус,
карантин, үрей туралы ғана болса, кейін тақырыптан ауытқып, басқа
салаларға да қатысты, адамдарды толғандырып жүрген білім жүйесіне
енгізілетін жыныстық білім беру оқулықтары, зейнет жасын кеміту,
астана атауын өзгерту тақырыптары жөнінде айтыла бастады. Осылардың
ішіндегі ең ауыр залал келтірген жалған жаңалықтар қатарына вирусқа
қарсы жалған ем-дом шараларын жатқызсақ қателеспейтініміз анық.
Сондай-ақ вакцинамен байланысты жағымсыз, күдік туғызатын жалған
ақпараттар да болашақта өз әсерін тигізіп, алдағы шараларды жүзеге
асыруда зиянын тигізетіні сөзсіз.
Мемлекеттің көмек ретінде берген төлемі – жұмысынан айырылу,
азаматтардың күнкөрісінің төмендеуі секілді әлеуметтік проблемаларға
қатысты бірнеше ай бойы жаңалықтар тізімінен түспеген тақырыптардың
бірі. Карантиннің созылатыны жөніндегі үнемі жарияланып отырған
жалған жаңалықтар адамдардың төзімін тауысып, күйзеліс күйінің
барынша тереңдеуіне ықпал етті. Бар адамның карантин тез аяқталып,
тіршілік бұрынғы қалыпқа келеді деп үміттенгені мәлім. Вирустың шығуы,
оны тікұшақтардан шашу немесе 5G желісі арқылы тарату жөніндегі
астыртын әрекет теориялары – бүкіл әлемге таралған теориялар. Әлемге
таралған теорияның Қазақстанға да келіп жететіні белгілі.
Астыртын әрекет теориялары әдетте нақты, толыққанды, сенімді
ақпараттардың болмауынан туады. Ашық статистика, әлеуметтік
желілердегі жалған жаңалықтарды белгілеп отыру – фейк салдарынан
туатын залалдың алдын алудың, болдырмаудың ең жақсы амалы.
Telegram-дағы модерация жалған ақпараттармен күресуге қауқарсыз.
Мұндай жұмыстар дағдарыс кезеңінен басқа уақыттарда да жүргізіліп
отыру керек. Егер күнделікті өмір салтында адамдар әлеуметтік
желілерден жүздеген жалған жаңалықты оқып отыратын болса, танымал
тұлғалар тексерілмеген, ғылыми деректерге қайшы келер ақпараттарды
жариялай беретін болса, тұлғаның табар табысына ешқандай әсер
етпейтіні анық, тіпті табысын еселеп арттыруы да мүмкін. Мұндай кезде
жалған ақпараттарды шектеп отыру мүмкін болмайды, себебі адамдар
дереккөзі жоқ ақпараттарға сенім білдіруді дағдыға айналдырып алады.
252
Түйін
Астыртын әрекет теориясы астарынан белгілі бір мақсатпен ұйымдасқан
адамдар тобының астыртын әрекетінен болған әртүрлі оқиғалардың
себебін анықтауға болады. Әдетте мұндай теориялар шынайы ақпаратты
немесе жанама деректерді жоққа шығаратын, белгілі бір жағдайдың себебі
мен мақсаты туралы жалған қорытынды жасауға негіз болатын жалған
мәліметтерден құралады. Фейк немесе жалған ақпарат деп, оқырманды
қасақана шатастыруға бағытталған жаңалықтарды, оқиғалар немесе
мистификацияны айтамыз. Астыртын әрекет туралы ақпараттар әртүрлі
дереккөздер, соның ішінде, әлеуметтік желілер мен Telegram секілді
мессенджерлер арқылы тарайды. Telegram мессенджері Қазақстанда
пандемия кезінде ерекше танымал болды. Қазақстандық Telegram
арналарының жазылушылары 2019 жылмен салыстырғанда, 2020 жылы
зор қарқынмен өскен. Telegram-да аудиториясы 10 мыңнан асатын
қазақстандық 50 жаңалықтар арнасы бар.
2020 жылғы дерек бойынша, 50 мың жазылушысы және 50 млн-
нан асатын қамту аудиториясы бар деген параметр жөнімен алсақ, ең
танымал CORONAVIRUS2020.KZ, Zakon.kz, Tengrinews.kz, «НЕхабар», NUR.
KZ, «Коронавирус Қазақстан» арналарының жарияланымдары жалған
жаңалықтар тарату тұрғысынан талданып сараланды.
Пандемия кезінде әр айда конспирологиялық теориялар немесе
фейк жаңалықтар таратылып, кейін теріске шығарылып отырған.
Астыртын әрекет теорияларының көбі пандемия жарияланған алғашқы
айда таралған. Зерттеу нысанасына алынған, біз таңдаған арналар
дұрыс емес ақпараттардың кейбірін әшкерелеп, жоққа шығарған. Фейк
жаңалықтардың көбі корновирусқа тікелей қатысты болса, кейбірі
мемлекеттің беріп жатқан төлемі, әсіресе балаларға қатты зиян келтіретін
улы зат шашу, чип салу, 5G желісі туралы. Зерттеуге алынған мерзім
аралығында коронавирустың табиғаты мен әсері туралы нақты ғылыми
тұжырымдар жоқтың қасы еді. Сондықтан да жалған ақпараттардың
шығуы түсінікті жағдай. Ең танымал фейктер кей облысқа қатысты
болғандықтан, тұрғындарын ерекше толқытып, әуре-сарсаңға түсірді.
Пандемия басталған кезде барлық жалған ақпарат вирус, карантин
және қорқынышпен байланысты болса, кейін арналарда теріске
шығарылған теориялар әлеуметтік тақырыптармен байланысты айтыла
бастады. Жалған ақпараттардың алғашқы легі корновирус туралы
болды. Бірақ кейін біртіндеп жергілікті өзге де осал салаларға қатысты,
адамдарды толғандыратын мәселелерге байланысты, мысалы, жыныстық
білім беретін оқулықтар, зейнет жасының төмендетілуі, астана атауын
өзгерту туралы фейк жаңалықтардың көптеп таралғаны байқалады.
Дағдарыс туралы жаңалықтар көбейе бастады. Алайда ақпарат
кеңістігін сауатты реттеудің арқасында мұндай жаңалықтардан келетін
залалдың алдын алу мүмкіндігі туды. Астыртын әрекет теориялары
әдетте нақты, толыққанды, сенімді ақпараттардың болмауынан туады.
Ашық статистика, әлеуметтік желілердегі жалған жаңалықтарды белгілеп
отыру – фейк салдарынан туатын залалдың алдын алудың, болдырмаудың
ең жақсы амалы. Алайда мұндай жұмысты дағдарыстан бұрын қолға алу
керек. Егер қалыпты өмірде адамдар фейк жаңалықтарға бой үйретіп алса
немесе әлеуметтік желіде олардың рас-өтірігін анықтай алмаса, дағдарыс
кезінде жалған ақпараттар легін тоқтату қиын болады. Себебі адамдар
сілтемесіз, дереккөзсіз мәліметтерге сенуге дағдыланып алады.
253
Фейк ақпараттарды зиян келтіруші деп біржақты бағалауға болмайды.
Олар күрделі, проблемасы шешілмей жатқан салаларды, қоғамды
толғандыратын мәселелерді нақты көрсетіп береді. Дегенмен кез келген
жалған ақпарат адамдардың денсаулығы мен өмірі туралы қабылданған
шешімге ықпал етеді. Дағдарыстан кейін адамдар вакцина туралы жаман
ой қалыптастырып, 5G желісі балаларға да, ересектерге де зиян деп сеніп
қалуы мүмкін. Мұндай түсініктің болашақта жүзеге асырылар шараларға
кесірін тигізіп, жаңа дағдарысқа апарып соқтыруы ықтимал.
Жалған ақпараттарды таратқан тараптың оның сенімді екеніне
жауапкер болғаны маңызды. Бірақ жазалаумен емес, модерация арқылы
іске асу керек. Сондай-ақ пайдаланушыларға ақпаратты тексеруді және
жалған «фейк» атауы бар жаңалықтарға емес, сенімді, ашық және түсінікті
ресми статистиканы ұсынатын дереккөзге жүгінуді үйрету қажет.
254
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Al-Rawi, Ahmed (2018). «Gatekeeping Fake News Discourses on Mainstream Media
Versus Social Media.» Social Science Computer Review. 1-18.
2. By.tgstat.com (2020). «Telegram-каналы Беларусь.» www.by.tgstat.com. Дата
последнего просмотра: 17.10.2020.
3. Cellan-Jones, Rory (2020). «Coronavirus: Social media users more likely to believe
conspiracies.» https://www.bbc.com/news/technology-53083341 Дата последнего
просмотра: 20.12.2020.
4. Douglas, Karen and Ang, Chee Siang and Deravi, Farzin (2017) «Reclaiming the
truth» The Psychologist, 30: 36-42.
5. Kaz.tgstat.com (2020). «Telegram-каналы Казахстан». www.kaz.tgstat.com. Дата
последнего просмотра: 17.10.2020.
6. Mayka, Roman (2020). «Conspiracy Theories, Fake News and Disinformation. Why
There’s So Much of It and What We Can Do About it.» Russian International Affairs
Council. https://russiancouncil.ru/en/analytics-and-comments/columns/culture-
and-international-relations/conspiracy-theories-fake-news-and-disinformation-
why-there-s-so-much-of-it-and-what-we-can-do-about/?sphrase_id=48207595
Дата последнего просмотра: 20.12.2020.
7. Papakyriakopoulos, Orestis., Serrano, Juan Carlos Medina & Hegelich, Simon (2020).
«The spread of COVID-19 conspiracy theories on social media and the effect of
content moderation» The Harvard Kennedy School (HKS) Misinformation Review.
1-19.
8. Telegra.ph (2020). «Telegram Audience Overview». www.telegra.ph. Дата
последнего просмотра: 17.10.2020.
9. Telegram (2020). www.telegram.org. Дата последнего просмотра: 17.10.2020.
10. Uz.tgstat.com (2020). «Telegram-каналы Узбекистан.» www.uz.tgstat.com. Дата
последнего просмотра: 17.10.2020.
11. Voxukraine.org (2020). «Фейк: за период карантина в Венецию впервые
вернулись дельфины и лебеди.» https://voxukraine.org/ru/fejk-za-period-
karantina-v-venetsiyu-vpervye-vernulis-delfiny-i-lebedi Дата последнего
просмотра: 17.10.2020.
12. WHO.int (2020). «Рекомендации ВОЗ для населения в связи c распространением
нового коронавируса (2019-nCoV): мифы и ложные представления.» https://
www.who.int/ru/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019/advice-for-public/
myth-busters Дата последнего просмотра: 17.10.2020.
13. Бочарова, Маргарита (2020). «Гепарин из морских водорослей способен
блокировать COVID-19.» https://factcheck.kz/glavnoe/manipulyaciya-geparin-iz-
morskix-vodoroslej-sposoben-blokirovat-covid-19/ Дата последнего просмотра:
17.10.2020.
14. Мекишева, Айгерим (2020). «Все грехи Билла Гейтса: сатанинская вакцинация,
чипирование и прочее.» https://factcheck.kz/claim-checking/verdict/faktchek-
vse-grexi-billa-gejtsa-sataninskaya-vakcinaciya-chipirovanie-i-prochee/ Дата
последнего просмотра: 17.10.2020.
15. Сабитов, Олег (2020). «Гидроксихлорохин, «Фавилавир»: прочему против
COVID-19 используют такие лекарства и насколько они эффективны.» https://
hightech.fm/2020/04/23/covid-find-drugs Дата последнего просмотра: 17.10.2020.
16. Сеит, Аслан & Банников, Павел (2020). «Имбирь, лук, чеснок и прочие
‘лекарства’ от коронавируса.» https://factcheck.kz/health/lozh-i-manipulyacii-
imbir-luk-chesnok-i-prochie-lekarstva-ot-koronavirusa/ Дата последнего
просмотра: 17.10.2020.
255
Достарыңызбен бөлісу: |