Tеориялық және концептуалдық негіздер Күш теориясы Страустың ойынша, (1977a) күш теориясы зорлық-зомбылықтың тамыры
мәдениетте ғана емес, отбасының құрылымында да жатқанын көрсетеді.
Гендерлік теңсіздік жайлаған қоғамда отбасындағы жанжал мен зорлық-
зомбылық туралы көзқарас өзара байланысты болады да, тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың көбеюіне және деңгейінің жоғары болуына әкеліп
соғады.
Зерттеу деректері үнемі стресс пен конфликтіде жүрген отбасыларда
тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші жоғарырақ болатынын көрсетіп
отыр (Cascardi & Vivian, 1995; Leonard & Senchak, 1996; Mihalic & Elliott,
2005). Сондықтан бала кезінде физикалық жәбірге куә болған немесе
басынан өткерген адам отбасындағы және интим серіктесімен арасындағы
жанжалды күш көрсетумен шешуге бейім болады, себебі онысы бала
кезінде бойына сіңген (Straus, 1977b). Сондай-ақ серіктестердің күші
тең болмауының да, күш теоретиктері айтып жүргендей, отбасындағы
кикілжіңді шиеленестіре түсу қаупі зор (Sagrestano et al., 1999).
Әлеуметтен үйрену теориясы Әлеуметтен үйрену теоретиктерінің пікірінше, адам отбасындағы
конфликтіні зорлық-зомбылықпен шешуді, күш теориясында
айтылғандай, көбіне бала кезінде ата-анасы мен таныстарының қарым-
қатынасын бақылау арқылы үйренеді (Bandura, 1973; Mihalic & Elliott,
2005; Wareham et al., 2009). Сонымен қатар әлеуметтен үйрену теориясын
жақтаушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылар мен олардың
жәбірленушілері бала кезінде физикалық күш көрсетуге куә болғандықтан
немесе басынан өткергендіктен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көнуге
немесе төзуге даяр болады деп болжайды (Jin et al., 2007; Lewis & Fremouw,
2001).
Осы теорияны дәлелдеп отырған зерттеу жұмыстарының нәтижесі
адамның бала кезінде зорлық-зомбылық көруі немесе куәсі болуы
есейгенде тұрмыста зорлық-зомбылық жасауға немесе зорлық-
зомбылықтан жәбір көруге әкеліп соғуы мүмкін екенін көрсетіп
отыр (Berzenski & Yates, 2010; Parks et al., 2011; Shook et al., 2000). Сол
сияқты, зорлық-зомбылық жасөспірім шақтан ересек шаққа өткен
кезде тыйылса да, жалғасса да, бәрібір көрген зорлық-зомбылығының
258
салдары достарымен немесе сүйіктісімен қарым-қатынасына әсер етеді
(Daigneault et al., 2009; Riggs et al., 2000).