Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет144/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Біз біргеміз
Пандемия кезеңінде музыканы елдегі саяси билік те қолданды. 2020 жылы 
16 наурыз күні Президент Тоқаев (2020b) халыққа теледидар арқылы Үндеу 
жариялап, Үндеуін «Біз біргеміз!» деп аяқтаған болатын. Кейін осы тіркес 
Қазақстандағы COVID-19-ға қарсы күрестің негізгі ұранына айналды. 2020 
жылдың 24 наурызында мемлекеттік «Хабар» телеарнасында музыкасын 
Ибрагим Ескендір, сөзін Сырым Әуезхан жазған «Біргеміз» деп аталатын 
әннің клипі көрсетілді. Ән мәтініндегі «Біз» деген сөзбен қазақ және түрік 
халықтары аталды. Қазақ (түрік) халқының тарихында соғыс, аштық 
секілді талай ауыртпалықтың болғаны, алайда ешқашан жеңілмегені 
туралы айтылды. Сонымен қатар «Біз – Күлтегінбіз», «Біз – Білге қағанбыз» 
деген сөздермен тарихи тұлғаларға да сілтеме жасалды. COVID-19 індеті 
бүкіл әлем халқының басына емес, қазақтың басына түскен ауыр жағдай 
сияқты суреттелді. Мұндағы бір жайт – клиптегі кейіпкерлердің бетперде 
тағу, арақашықтық сақтау талаптарын сақтамауы – пандемия кезеңінің 
негізгі талаптарына бағынбауы халық көзіне тосын көрініп, басқаша әсер 
қалдырды (Хабар агенттігі, 2020a).
Сурет-1. «Біргеміз» клипінің кейіпкерлері. (Хабар агенттігі, 2020a). 


326
Бұл ән Қазақстан қоғамында кең тарап, тез танылды. Бір айға жетер-жетпес 
уақыт ішінде түркиялық музыкант Ирфан Гүрдал ән сөзін түрік тіліне 
аударып орындады, сондай-ақ клип ретінде өзінің Youtube парақшасында 
жариялады (Gürdal, 2020). Гүрдал Хабар агенттігіне берген сұхбатында 
Ибрахим Ескендірдің әнін түрік медиасы арқылы естігенін, туындының 
сөздерін ұнатқанын және Қазақстанды ғана емес күллі түрік жұртына 
ортақ дүниелерді жазғаны үшін ұнатқанын, бұдан кейін туындыны түрік 
тілінде орындау идеясының туғанын айтады (Хабар агенттігі, 2020b). 
Осылайша бұл әнге қазақстандық қана емес, түрік халықтарына ортақ 
тұлғаларға жасаған сілтемесіне байланысты түркиялықтардың да назар 
аударғанын, Президент Тоқаевтың «Біз біргеміз» ұранының адамдардың 
ұлтшыл-түрікшіл сана-сезімін оятқанын байқап білеміз.
Хабар агенттігі Президенттің «Біз біргеміз» ұранын асқақтату үшін 
тағы бір тапсырысты – Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожа 
орындаған «Біз қазақтың баласы» атты әнді экранға шығарды. Ән 
мәтінінде COVID-19 індетіне қатысты ешқандай сілтеме жоқ. Алайда 
Хабар агенттігі бұл ән мен клиптің «Біз біргеміз» және «Үйден шықпа» 
деген ұранмен әзірленген 20-дан аса бейнеролик пен 2 клиптің бірі екенін 
алға тартады (Хабар агенттігі, 2020c & 2020d).
Хабар агенттігінің ұранмен байланысты арнайы дайындаған 
жобаларының бірі – музыкасы мен сөзін Арман Дүйсенов жазған «Мы 
вместе» әні. Орыс тілінде жазылған және Совет кезеңіндегі патриоттық 
әндер сарынындағы бұл әнді орыстілді әншілер орындады (Хабар 
агенттігі, 2020d). Жоғарыдағы екі ән қазақ (түрік) халқының тарихындағы 
қиын күндерді баяндаса, «Мы вместе» әні Отан ұғымына басымдық береді 
және барлық қазақстандықты осындай қиын сәтте бірігуге шақырады; 
бүкіл әлемдік COVID-19 пандемиясына қарсы күреске үлес қосып, күндіз-
түні халық игілігі үшін жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге, полицияға, 
әскери қызметкерлерге, дезинфекция жасаушыларға, еріктілерге және 
басқа да мамандарға жалпыұлттық қолдау көрсетеді. 
«Біз біргеміз» дискурсына Qazaqstan телеарнасы да Ернар Айдардың 
«Біз біргеміз» атты әнімен үн қосты (Qazaqstan телеарнасы, 2020). Бұл 
ән де халық тарихында бұдан бұрын да зобалаң жылдар, ауыр азапты 
оқиғалар болғанын алға тарта отырып, қазақ трагедиясы арқылы COVID-19 
індетіне қарсы тұруға үндейді. Осылайша Президенттің үндеуінен туған 
«Біз біргеміз» ұраны елдегі саяси билік ондаған жыл бойы жүзеге асыруға 
ұмтылып келе жатқан «қазақ болу» және «қазақстандық болу» секілді екі 
түрлі бағытқа сүйенетін кімдік (identity) саясатын қайта жаңғыртты.
«Біз біргеміз» науқанын әншілер мен қарапайым адамдардың 
көпшілігі қолдады. Олар ән немесе музыкалық шығармалар орындап, 
өзге әріптестеріне challenge жариялап отырды. Youtube платформасында 
#БізБіргеміз хәштегі бойынша 6800, ал #BizBirgemiz хәштегі бойынша 
4500 музыкалық-арнау бар екенін анықтап білдік. Бұл музыкалық 
арнаулардан «Біз біргеміз» дискурсы арқылы аймақтық кімдіктерге – 
мысалы ақтөбелік, қостанайлық және т.б. – тіпті аудандық және ауылдық 
кімдіктерге де назар аударылғанын байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет