Тапсырыс № 388/418
«Қазақ газеттерi» ЖшС-ның
аймақтардағы өкiлдiктерi:
толымбек ӘБдірайым 8 701 345 7938 (астана)
Жанғабыл ҚаБаҚБаеВ 8 771 769 6322 (ақтөбе обл.)
Батырбек мырЗаБекоВ 8 (7102) 90-19-73 (Қарағанды обл.)
Бектұр төлеуғалиеВ 8 (7292) 40-41-01 (маңғыстау обл.)
«Қазақ газеттері» ЖшС-і сайтының веб-редакторы –
сұлтан тайғарин
Меншікті тілшілер:
өтеген нӘукиеВ (атырау) 8 701 518 46 81
орал шӘріПБаеВ (семей) 8 705 661 14 33
оразалы ЖаҚсаноВ (Қостанай) 8 777 230 71 84
Жарқын өтешоВа (мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru
Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:
ғарифолла Әнес – филология ғылымының докторы
шерубай ҚұрманБайұлы – филология ғылымының докторы, профессор
аягүл мираЗоВа – педагог-ұстаз, Қазақстанның еңбек ері
талас омарБекоВ – тарих ғылымының докторы, профессор
материалдың жариялану
ақысы төленген
кезекшi редактор
Бағдагүл БАЛАУБАЕВА
Таралымы 20020
РЕдАКция ТЕЛЕфОндАРы:
394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс),
394-41-30
E-mail: anatili_gazetі@mail.ru
МЕКЕнЖАЙыМыз:
050009, алматы қаласы,
абай даңғылы, 143, 6-қабат
а
сахара шаһарлары
топжарған
көрмЕ
Қазақ жерінде заманында өркениеттің бастауындай һәм белгісіндей болған
тарихи қалалар бой көтергені белгілі. Бүгінде оларды археологтар, тарихшы-
лар, этнографтар, географтар өздерінің зерттеу нысанына айналдырып, ел үшін
құнды-құнды мәліметтер табуда. Әрбір қала өзінің орналасқан жеріне, аймағына
қарай саяси-экономикалық, рухани-мәдени орталықтың негізі болғаны аян.
«Ана тілі» газетінің «Сахара шаһарлары» айдары арқылы біз осындай қалаларға
қатысты мазмұнды деректерді ұсынуды жалғастырамыз. Бұл елтану жолында жас
ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, бай тарихымыздан хабар-
дар етіп, қазақ халқы тек көшпелі халық емес, оның байтақ даласында сәулеті
мен дәулеті жарасқан, әсем де көрікті қалалардың болғаны жөнінде берік ұғым-
түсінік қалыптастыратынына кәміл сенеміз. Бүгінгі тілге тиек етер қаланың бірі –
ол ортағасырлық Қастек қаласы.
«Ана тілі» газетінің «Сандықта сақталған сурет» айдары қаншама тарих пен
сырды ақтарып, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп келеді. Бұл айдар оқырмандардың
қызығушылығын тудырып, көптің көңілінен шығып жүргені де рас. Сондықтан мен
де ыстық ықыласпен оқитын сүйікті басылымда көзімнің қарашығындай сақтаған
әке-шешемнің суретінің тарихын сөз етуді жөн көрдім.
Сынаптай сырғыған
уақыт-ай
актриса Джуллиана Мур, «Оскар»
жеңімпаздары сынды айтулы тұлғалар
тұтынады. Бағдарлама аясында жас әнші
Алтынай Сапарғалиева Қазақстанды әр
қырынан танытуға өзіндік үлесін қосты.
«Сымбат» сән академиясы әлемді 1972
жылдан бастап таңдай қақтырып жүрсе,
америкалық әріптестер бұл бастаманы
енді ғана қолға алған. Қазақстандық сән
үйінің артдиректоры Балнұр Асанова
көпшілік назарына түрлі тоқымадан
тігілген кесте мен өзіндік ерекшелігі бар
жібек жейделерді ұсынды.
Жанат тҰРғаНБаЙ
музыкалық колледжінің студенті
К р и с т и н а Т и г а й қ а т ы с ы п ,
Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу»
күйін орындады. Ән аталымы
бойынша қатысқан «Болашақ»
университетінің 2курс студенті
Константин Луца Абайдың «Айт
тым сәлем, Қаламқас» әнін орын
дап, жұртшылық көңілінен шықты.
Байқаудың қорытындысында
К.Луца есімді өнерпаз фестивальдің
Бас жүлдесімен марапатталып, 250
мың теңге сыйлыққа ие болды.
еркін оРаЗов
Н ь ю Й о р к т е қ а з а қ с т а н д ы қ
америкалық сән көрсетілімі өтті.
Еліміздің айтулы өнер үлгісін 70 жылдық
тәжірибесі бар «Сымбат» сән академиясы
таныстырды.
Қазақстандық дизайнерлер өз
топтамаларымен америкалықтардың
ықыласына бөленді. Қазақтың дәстүріне
сай бірегей үлгі мен америкалық
дизайнерлердің туындылары «Fashion
show»да ерекше үйлесім тапты. Нью
Йорк дизайнері Валентина Кова аталған
көрсетілімнің көрігін одан сайын
қыздыра түсті. Оның қолынан шыққан
киімдерді Хиллари Клинтон, атақты
Астана қаласында этномә
дени бірлестіктердің көркем
өнерпаздарының қатысуымен
«Менің Қазақстаным» атты респуб
ликалық музыкалық фестивалі
өтті.
А т а л м ы ш р е с п у б л и к а л ы қ
музыкалық фестиваль екі ата
лым бойынша ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, қазақ халқының
ұлттық аспаптарында күй тарту
және қазақтың халық әндері мен
қазақ композиторларының әндерін
орындау. Бірінші аталым бойынша
Қазанғап атындағы Қызылорда
«Сымбаттың» сән көрсетілімі
Үздіктер анықталды
Б
ұл сурет 1955 жылы түсірілген
а л ғ а ш қ ы о т б а с ы л ы қ
суреттердің бірі. Ортада ата
анам Ахметай Тілеукенов пен Майра
Әбдешова. Әкем 1922 жылы 5мамыр
да Шығыс Қазақстан облысындағы
бұрынғы Марқакөл ауданы, Жаңаауыл
селосында дүниеге келген. 1941 жылы
небәрі 19 жасында Кеңес армия
сы қатарына шақырылып, соғысқа
аттанды. Сұрапыл соғыс жылдары
әкемді шыңдады. Қиыр Шығыста
жапон әскерлерімен де шайқасады.
Қаһарлы жылдар әкемнің жадында
ұмытылмастай сақталған. Тіпті бізге,
балаларына Отанды, елді құрметтеп,
Отан үшін жаныңды да қиюға даяр
болуы керектігімізді үнемі айтып
отыратын. Бала болсақ та әкемнің
әңгімелерінен соғыс көріністері көз
алдымызға келетін. Қиыр Шығыстағы
жапондармен күрестегі ерлігі біз үшін
әсерлі еді. Құрбықұрдастарымызға да
айтып, әкемізді мақтан тұтатынбыз.
Соғыс аяқталып, елге аманесен
жеңіспен оралған әкем Марқакөл ау
даны, Сарымөңке ауылдық кеңесінің
төрағасы болып қызмет етті. 1947
жылы анам екеуі отау құрып, 9 бала
тәрбиелеп өсірді. Үлгілі де өнегелі
отбасы болдық. Әрине, бұл жерде
әжем Гүлмария Ұранқайқызының
да сіңірген еңбегі зор болды. Мына
суретте әжем бауырларымның бірін
алдына алып отыр. 90 жасқа келген
ше анама көмектесіп, бізді бағысып,
әрдайым өз білгенкөргенін айтып
отыратын. Әжем жастайынан жесір
қалып, жалғыз өзі төрт баласын өсіріп,
оларға тәлімтәрбие берген. Әкемнің
ағасы Қалиолда Тілеукенов 1956
жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық халық
шаруашылығы жетістіктері көрмесіне
қатысқан еңбек ардагері, ал інісі Әуден
Тілеукенов Харьков жоғары авиация
мек тебінің инженер мамандығын
тә мамдаған. Ақ кимешегін басынан
тас тамаған әжем бізді еңбекке бау лып,
ұлттық салтдәстүрлер мен қа зақы
өнегелерді үйретіп отырды. Әжемнің
ұршық иіргенін көріп, ел біле бер
мейтін аңызәңгімелерін тыңдап өстік.
1952 жылы әкем Алматы Жоғары
партия мектебінің жанындағы 2
жылдық курсқа түсіп, оны ойдағыдай
бітірді. Ауданға келген соң аудандық
партия комитетінің ұйымдастыру
бөлімінің меңгерушісі қызметін
атқарды. Ал 19611966 жылдары Алма
ты Жоғары партия мектебін сырттай
оқып бітірді. 1962 жылы Марқакөл
ауданы Боран совхозының партия
комитетінің хатшысы болды. Сол
жылы аудандарды біріктіру жұмыстары
жүргізілді. Содан әкем 1963 жылдан
1965 жылға дейін Күршім ауданы,
Қалғұты совхозы партия комитетінің
хатшысы қызметін атқарды. Ал 1965
жылы Күршім ауданы Марқакөл ауда
Жамбыл ауданы, Қастек ауылынан
2,5 км оңтүстікте, Қастек өзенінің сол
жағасында, Суық төбе тауының етегіндегі
адырлардың бірінде орналасқан Қастек
қаласының орнында белгілі бір аумақты
алып жатқан құрылыс материалдары
сақталған. Өкінішке орай, тарихи қала
аумағының көптеген бөлігі ХХ ғасырдың
ІІші жартысынан бастап егін алқабына
айналғандықтан жер тегістеліп, жоғарғы
мәдени қабаты бұзылған.
Қаланың орталық бөлігінің үш
жағын (солтүстік, оңтүстік және батыс)
ор қоршап жатса, шығысы
өзен жағындағы құлама
беткейге жалғасады.
Солтүстік және оң
түстік жағындағы
ор жазық бар. Оның
ені 520 м, тереңдігі
0,51 м. болса, баты
сын дағы ордың ені
1020 м, тереңдігі 12
м. Қаланың егіндікке
ай налмаған бөлігінде
қ и р а н д ы қ ұ р ы л ы с т ы ң
білінербілінбес қабырғалары
сақталған. Шаһар маңынан
шыны ыдыстардың да сынықтары
кездеседі. Табылған шыны сынықтары
көк түсті екенін байқауымызға бола
ды. Әрине, бұдан өзге де түстегі шы
ны сынықтары болуы әбден мүмкін
еке нін жоққа шығармаймыз. Шы
ны лардың барлығы жерде ұзақ уақыт
жатқандықтан, сыртқы қабаты бүлінуге
ұшыраған.
Қазба жұмыстары барысында
табылған материалдардың басым бөлігі
керамикадан жасалғаны байқалады.
Сонымен бірге олардың арасында
темірден, сүйектен және тастан жасалған
бұйымдар бар.
Қыш бұйымдарының ішінде қазан,
көзе, құм, құмыра, көзелек, шырақ және
т.б. кездеседі. Мұндай ыдыстарды дай
ындауда жергілікті шикізат – табиғи
қоспалы – дала шпаты, кварц, қоңыр
әк пен слюдасы көп мөлшерлі қатты
саз пайдаланылған. Табылған қыш
нынан бөлініп шығып, әкемді Горная
совхозы партия комитетінің хатшы
сы етіп тағайындайды. Бұл қызметті
1972 жылға дейін атқарды. Сол жыл
дан бас тап Марқакөл ауданы, Қарой
ауылдық кеңесінің төрағасы болып
сайланып, өмірінің соңына дейін
осы қызметте жұмыс істеді. Әкем өте
еңбекқор, қызметін адал атқарған,
елге құрметті жан болды. «Ерен еңбегі
үшін», «Еңбек ардагері» медальда
рымен, Жеңістің мерейтойлық ме
дальдарымен марапатталды. Оның
марапаттары өз алдына бөлек әңгіме.
Ел ішінде әкемді байсалды да жомарт
жан ретінде танитын. Сөзге сараң
еді. Біздің өнерлі де тәрбиелі болып
өсуімізге көп көңіл бөлді. Халқымызда
«Әкесі қой баға білмегеннің, баласы
қозы баға білмейді», «Баласы жа
ман болса, әкесін түйе үстінен ит
қабар» деген өмір көшімен ілесіп
бізге жеткен, өз мәнін жоймаған
ұлағатты сөздер бар. Сондықтан біз
әкенің қатал қабағынан қаймыққан,
әке тағылымына бас иген, әкеміздің
айтқанын тыңдап, көңілге түйіп, әке
үйреткен өнегені, ақылөсиетті көңіл
құтысына құя білдік десек жаңсақтық
болмас. Әкемнің бір жақсы қасиеті,
іштегі уайымы мен қуанышын көп
сыртқа шығарып, ақтарыла бермейтін.
Осы мінезінің өзі бізді тәрбиелеп
шығарды. Сынаптай сырғыған уақыт
ай десеңші... Міне, сөйтіп әкеміз 1980
жылы 58 жасында бақилыққа аттанды.
Әкеміздің қадірін уақыт өткенде ғана
ұғынады екенсің. Бар ауыртпалық
анамның мойнына түсті. Ол кездері біз
өз шаңырақтарымызды көтерген едік.
Әкеміз балаларының көп қызығын
көре алмадыау деген өкініш сезімі де
кей кездері кеудеңді билейді.
Анам Майра Әбдіғалиқызының
да балалық шағы соғыс жылдарымен
тұспатұс келіп, еңбекке ерте ара
ласты. Соғыс жылдары бірер сағат
қана көз шырымын алып, тылдағы
әр а дам «Жеңіс үшін!» деп жеңін
түріп, жұмысына кете береді екен.
Анам еңбекқор, салмақты жан. Бар
ғұмырын ұстаздыққа арнап, бүгіндері
сексеннің алтауынан асты. Дүниеге
9 бала әкеліп, солардан 20 немере,
15 шөбере сүйіп отыр. Анам тартқан
а зап к ү н дері н көз жасымен еске
алса, бүгінгі жеткен белесіне, көріп
отырған қызықтарына мың да бір
шүкіршілік етіп, көңілі бір марқаяды.
«Алтын алқа» анамның кеудесінде
жарқырайды. Жеңістің мерейтойлық
медальдары, «Тыл ардагері» медалі
және бар.
Міне, осылайша бір сурет арқылы
отбасымның тарихын сөйлетіп, әкем
жайлы баласының бір үзік сырын
жеткізе білдім деп ойлаймын.
Фарида ЖаНаева
сандықта сақталған сурЕт
заттардың ішіндегі тұтқасыз зооморф
ты құмыра ерекше көзге түседі. Оның
бүйір пішіні шар тәріздес. Құмыраның
жоғарғы және төменгі жағы тегіс. Сыр
ты қызыл ангобпен көмкерілген. Беті
тегіс әрі жылтыратылып өңделген.
Бүйірінің жоғарғы жағы «жұлдызша»
және оның айналасы үшбұрыштар
түріндегі желпуіш тәрізді өрнекті штамп
пен түсіріліп безендіріліп, көркемделген.
«Жұлдызша» түріндегі жоғарғы өрнектік
жолақ цилиндрлі мойнының негізін
белдеулеген. Құмыраның жалпы көрінісі
ұзын мойынды суда жүретін
құстың сыртқы пішінін
елестетеді. Мойынның
басы (ернеуі) сақ
тал маған. Мойын
қ а б ы р ғ а с ы с а
палы өңделгенін
көрсетеді. Құмы
р а н ы ң ө р н е к т і к
көркемдігі тартым
ды. Құмыраның сипа
тына байланысты өзге де
ерекшеліктерді көптеп атап
айтуға болады.
Қ а л а о р т а л ы ғ ы н ы ң
а й н а л а с ы н д а ғ ы т ө б е л е р д і ң
маңынан көптеген арықтардың іздері
байқалады. Арықтардың басы
тау жақтан, Қастек өзенінен
тартылғандығы белгілі.
Себебі ескерткіш өзеннен
шамамен 80 мдей биік
орналасқан. Соған қарағанда
қ а л а х а л қ ы е г і н ш і л і к п е н
және бақша шаруашылығымен
айналысқанға ұқсайды. Мұны
ескерткіш маңынан табылған ме
талдан жасалған соқа тісі мен кет
пен дәлелдейді.
Шыны ыдыстардың сынық
тары ІХХ ғғ. қабатынан ары
кетпейді. Шлак тар дың
шығуына байланы
сты шыны өндірісі
жергілікті екендігі
анықталды.
С ү й е к т е н
жасалған заттар да кездеседі. Солардың
ішінде ерекше көзге түсетіні сүйектен
жасалған тіс щеткасы мен шаш түйрегіш.
Тіс щеткасы таяқшасының ұзын
дығы 225 мм, бас жағы, яғни щетка
бекітілетін жерінің өлшемі 36,5 мм.
Х 10,5 мм. Басының арт жағында екі
қатар тереңдетілген сызық, одан ал
дына қарай бесбестен он, диаметрі
2,5 мм. тесік тесілген. Шамасы
тесіктерге жануарлардың қыл түйіні
өткізіліп, артындағы тереңдетілген
сызықтардың ішіне бекітілген. Бұл
өз кезегінде щетканы пайдала
ну уақытында кедергі жасамауына
мүмкіндік берді. Сүйек өте қатты әрі
жылтыратылып өңделген.
Зерттеу жұмыстары барысында,
шаш түйрегіштің екі бірдей данасы та
былды. Жылтыратылып өңделген сүйек
таяқшалардың бір шеті үшкірленіп
келген. Орта тұстары шамалы жуандау
таяқшалардың ұзындығы 219 мм.
Қастек қаласы маңынан қола, темір,
шойыннан жасалған заттар табылғанын
да айта кеткен жөн. Олардың ішінде
құрылысқа қажетті шынжырлар,
шегелер; әскери жабдықтар: са
уыт көбелерінің бірнеше түрі, жебе
ұштарының бірнеше түрлері, сүңгі
ұштары; тұрмыстық заттардан: пышақ,
қайшы, шырақ, соғылған және шой
ын ыдыс, қапсырма, тұтқа мен үй
сандықтарына арналған құлыптар, есік
тұтқалары; ат әбзелдері: ауыздық пен
сулықтың бірнеше түрлері және т.б. бар.
Қаланың қалыптасу тарихына
тоқталатын болсақ, қаланың қалыптасуы
солтүстікшығыс Жетісуда VII ғ. аяғыIХ
ғасырда басталып, бұл үдеріс Х ғ.ХІІІ ғ.
басында қарқынды жүрді. Осы уақытта
қала ірі экономикалық, саяси және
мәдени орталыққа айналды.
Іле мен Шу өңірлеріндегі қалалық
мәдениеттің қалыптасу үдерісі мен
ж а ғ д а й ы О р т а А з и я м е н Ш ы ғ ы с
Түркістанның ортағасырлық тарихы
ортақ болғанымен, урбанизациялық си
паты жағынан осы ауқымды аймақтың
оңтүстікбатыс, оңтүстік және
оңтүстікшығыс облыстары
нан ерекшеленеді. VIVII ғасырларда
Шу, VIIІ ғасырда Іле өңірі егіншілік
пен қалалық мәдениеттің гүлденген
алқабына айналады. Сонымен қатар
ортағасырлық қалалардың құрылымы
да тізбектеліп құрылу үдерісінің шы
найы жағдайына байланысты бірыңғай
болмады.
Жер жаннаты деп есептелетін
өлкені тереңірек зерттеген Р.Аболиннің
ғылыми зерттеулері бойынша Жетісу
ШуБалқаш бассейндерін қамтиды,
оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі
300400 м, біршама төмен жері – Шу
сағасы. Іле өзенінің оңтүстігінен Іле
Алатауы басталады. Шу өзенінің оң
жағасы мен Іле өзенінің төменгі ағысын
жиектеген құм аралығының батыс
жағы, жекелеген бөліктері Құлжабасы,
Хантау, Қозыбасы деген атауларға
ие ШуІле тауы деп аталады. Оларда
көлікке ыңғайлы көптеген асулар
бар. Қордай асуы арқылы Іле мен Шу
өңірлерін жалғастырып жатқан жол
өтеді. Тағы бір жол Қастек асуы арқылы
Іле өңірін Ыстық көл қазаншұңқыры
және Шу өңірімен жалғастырады.
Қастек асуына тоқталатын болсақ,
бұл асу туралы мәліметтер Әмір Темір
жорығы суреттелген ХV ғ. жазба де
ректер де кездеседі. 1375 ж. Темір
әскері ҚараҚасман (Қастек) асуы
арқылы Іле өңірінен Атбашыға өткені
тарихтан мәлім. 1390 жылы Әмір
Темір әскері Ертіске қашқан Камар
адДиннің соңына түсіп, Ташкенттен
Ыстықкөлге, одан Көктөбе тауы және
Арджаты (Ұзын асу) тауы арқылы
Алмалыққа (Алмату), Іле мен Қаратал
өзендері арқылы Ертіске барғандығын
топономист ғалым Е.Қойшыбаев өз
еңбегінде атап өткен.
Қастек қаласына жүргізілген қазба
жұмыстары барысында табылған та
рихи деректер мұнда бекіністердің
болғаны туралы хабар береді. Сонымен
қатар бекініс салынбаған жерлер де
бар. Орналасу аймағының табиғаты
тұрмысқа қолайлы, сондықтан қала
аймағында сауда мен қолөнер, т.б. сала
ларды дамытуға байланысты ісшаралар
жүзеге асырылғаны байқалады.
Қорыта айтқанда, Қастек қала
сының халқымыздың тарихындағы
а л а р о р н ы е р е к ш е . Б і р с ө з б е н
айтқанда, Қастек – ел өркениетінің
қалыптасуына сүбелі үлес қосқан
қаланың бірі.
арнабай НҰРЖаНов,
Ә.марғұлан атындағы археология
институтының жетекші ғылыми
қызметкері,
тарих ғылымының кандидаты
ералы аҚымБеК,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
универсиетінің PhD докторанты
ҚАСТЕК