– ең әуелі, қазақ тілін қалай үйренгеніңіз
жайлы айтып кетсеңіз.
– Әкем Николайдың ұлты орыс болса,
анам Балжан есімді қазақ қызы. Алайда
олардың дәмтұзы жараспады. Мен төрт
жасқа дейін Арқалық қаласында тұрдым.
Содан кейін көршілес жатқан Ресейді ме
кен еттік. Сол жақта мектеп табалдырығын
аттап, орыс мектебінің бірінші сыныбына
бардым. Бірақ мұнда көп аялдаған жоқпыз.
Анам екеуміз қазақ еліне оралдық. Содан
Қостанай облысының Меңдіқара ауданына
қарасты Ломоносов, КаменскУральск елді
мекендерінде тұрдық. Қазақ ағайындардың
арасына қосылған соң, қазақ мектебіне
бардым. Сөйтіп, оқуымды қазіргі ана тіліме
айналып кеткен қазақ тілінде жалғастырдым.
Осылайша біртебірте қазақтың ұл
қыздарымен қоянқолтық араласа жүрудің
арқасында мемлекеттік тілді бір кісідей
игердім десем артық болмас. Әулиекөл ау
данына қарасты Құсмұрын бекетіндегі №28
қазақ мектебін бітірдім. Шешемнің анасы
Мәрия әжемнің қолында тәрбиелендім.
Анам ерте қайтыс болды. Әкем қазір Ресейде
тұрады. Сондықтан да өзіме жанашырлық
танытқан жандарға ризашылығым шексіз.
– Журналистикаға қалай келдіңіз?
– Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтының талай жастарға жолдама бер
ген шет тілі факультетіне оқуға түстім. Атал
мыш оқу ордасының ректоры, география
ғылымының докторы, профессор Қуат
Маратұлы Баймырзаевтың маған шапағаты
мол болды. Оқуға түскен алғашқы жылдары
осынау мейірбан жан мені өзіне шақырып
ет – мясо.
Қазы – казы (конская колбаса).
шұжық – шужык (конская
колбаса с жиром).
Жал-жая – жалжая.
Қарта – карта.
талқан – толокно (делается из
жаренного пшена).
Қуырдақ – куырдак (жаренное
мясо).
Қымыз – кумыс.
шұбат – шубат (верблюжье
молоко).
Құрт – курт.
Жент – жент.
ірімшік – творог.
Бауырсақ – баурсак.
шелпек – лепешка.
таба нан – хлеб (испеченный на
сковороде).
Өтейбойдақ ғұламамыздың қалдырып кет
кен медициналық терминдері қаншама!
Соған қарағанда жай бір өндірістегі тер
миндер саны аз ғана, кісі күлерліктей
ғой. Сондықтан өндіріс орындарындағы
басшысымақтардың өзөзінен өрекпуі
орынсыз. Бұл тарапта ең үлкен мәселенің
бірі – қазақ тілінің ғылым, бизнес тілі бо
луы. Мемлекеттік тілде қорғалған ғылыми
жұмыстар 12ақ пайыз екен, оның өзінде
көпшілігі гуманитарлық салалар бойынша.
Ал ұлттық компаниялар мен банктердегі
жағдай тіптен сорақы. Бұлар мемлекеттік
тіл проблемасын тек қана аудармашы
лармен шешіп, күн көріп отыр. Бизнес
тілі қазақша болмай өрге баспайтыны
мыз ақиқат, себебі қазір нарық заманы,
ал нарықнамада бизнес бірінші орында
екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Сонымен
бірге министрліктерде, Ұлттық компания
ларда аударма бөлімдері «Мемлекеттік
тілді дамыту» бөлімі, басқармасы болып
қайта құрылып жатыр. Атауы мүлдем дұрыс
емес. Қазақ тілі – дамыған тіл. Сөздік қоры
жағынан әлемде төртінші орынға шыққан
(650 мың сөз тіркесі). Бірінші орында араб
тілі –1 миллионнан астам. Сондықтан
«Мемлекеттік тілді ендіру және бақылау
бөлімі» деп аталуы тиіс.
Аталмыш бағдарламадағы мемлекеттік
тілді оқыту үдерісінде халықаралық
тәжірибе ретінде латыштық жүйені ендірген
абзал ма дейміз. Олардың «Слово – бегом»
атты бағдарламасы бойынша 60 сағат ішінде
2000 сөз үйреніп, қазақ тілін айналасы 2ақ
айда үйренуге болады екен. Содан кейін
бұл тарапта жасы асып кеткендерді, әсіресе
басқа ұлт өкілдерін қинап керегі жоқ.
Басқа ұлт өкілдерінің ынтасы болса үйрене
берсін, бірақ оларды шаужайдан алмайық,
ал олардың жастары болашағын Қазақ
мемлекетімен байланыстырғысы келсе
өздеріақ игеретіні кәміл. «Мені құртқан
көкшолақ» дегендей, өз қандастарымыз ғой
жігерімізді құм қылып титықтатып отырған.
Ал бұларды мәжбүрлеу керек, лауазымды
қызметтерге мемлекеттік тілді жеткілікті
дәрежеде меңгермей жайғастырмау қажет.
Әйтпесе, олар қазақтың есебінен ұялмай
мансап баспалдағымен көтеріледі де, ал
өз ана тіліне мұрындарын шүйіріп жүр.
Мемлекеттік тілді игеру үдерісін ынта
ландыру мәселесіне келетін болсақ, тағы
да басқа ұлт өкілдерін ынталандыруға бо
лады, ал қандастарымызды – болмайды.
Олар шет тілдерін үйренуге қаржысын
аямай жұмсайды да, ал өз ана тіліне кел
генде... Бірақ та мемлекеттік тілді үйрететін
дискілер ұйымдарға тегін таратылып жатыр
емес пе?
Кішкентай нәрестенің тіл үйренер
ортасы алдымен отбасы болса, сонан соң
балабақша. Қазір отбасылық мемлекеттік
тілді үйретушілер тәжірибесі орын тебуде.
Сәби ана тілімен уызынан жарып, бесік
жырымен ауызданса ғана нағыз қазақ
бола алады. Ең маңыздысы, балабақшада
қандастарымыз тек қана ана тілінде тәлім
тәрбие алуы тиіс, әйтпесе онсыз да озық,
басым орыс не ағылшын тілі белең алып
тұрғанда бүлдіршін сол тілдерге бейімделіп
кетеді де, ана тілі жайына қалады. Оны
көріп те жүрміз.
үстемдік етсінші, орынтақтарынан айыры
лып омақаса түседі, себебі жейтін нанын
орысша тауып жүр, баланемерелері шетел
де оқуда...
Қ а з і р « Т і л д е р д і қ о л д а н у м е н
дамытудың 20112020 жылдарға арналған
бағдарламасын» іске асыруға кірісіп
кеттік. Шынымды айтсам, кезінде 1999
2001 жылдары Алматы қаласының Тіл
басқармасында істеп жүргенде бірінші он
жылдық бағдарламаның (19912000жж),
екіншісінің (20012010жж) жүзеге асыры
луына атсалысып едім. Енді, міне, үшінші
Міне, осылайша аталмыш бағдарламаның
мақсатында белгіленгендей, мемлекеттік
тілдің кеңінен қолданылуын көпшілікке
таратуды іс жүзінде жүзеге асырар едік.
Әйтпесе, тағы да отыз жыл омалып
жүретініміз хақ.
Енді тағы бір өте салмақты түйткіл бар.
Ол – «Тіл туралы» Заңның 23бабы. Мұнда
мемлекеттік тілді бірінші ретте білуге тиіс
мемлекеттік қызметкерлер тізбесі беріледі
деген. Осы тармақ пысықталмаған, әлі
күнге дейін тізбе жоқ, мұны шала қазақтар
жақсы пайдаланып әрі іштен шалып отыр.
ӨзІМІзДІ НЕГЕ
АлДАРҚАТАМыз?
тілбұзарға – тосқауыл
бір шаңырақ астында
Тәуелсіздік алған жылдардың
алғашқы кезеңіндеақ «Тіл туралы»
Заң қабылдадық. Сол Заң бірнеше рет
түрленді. Қайтақайта қабылдай берген
соң ба, Заңнан да қауқар кетті. Туған
тілін менсінбей, қазақша сөйлеуді ар
сынатын кейбір шенеуніктер қатынас
құралының шұрайлылығын шындап
сезінуден қалды, шұбарлап сөйлеуді
сәнге айналдырды. Ойларын толық
жеткізе алмай, не болса соны айтып
кететін, өз мүддесі үшін туысын да сатып
кететін шіреңбайлар шиебөрілердей әлі
де өріп жүр. Анабір жылы бір шенеунік
орысшадан тікелей қотарып «мен ой
лаймын» деп сөз бастау ды әдетке ай
налдырып еді, жанындағы жандайшап
тар да, жағымпаздар да, жүгіртектер
де мінберге көтерілсеақ болды,
«бісмілләсін» осылай қайыратын «дерт»
тапты. Қазір қай басқосудан да осы
«дертті» көріп, жүрегіміз бір дір ете
қалатын болды. Бұл олардың сөздерін
жинақтап, қазақша сөйлегендегі түрі.
Ал қазақшаорысша араластырып,
қойыртпақ тілмен заулатқанда кейде
өзің де алқалы жиында емес, сатиралық
театрда отырғандай сезінесіз.
«Подготовка жасайық», «пеня өсті»,
«осы бізде порядок жоқ», «біз пәлен
қызметкерге поощрение көрсеттік»,
«суда потерия көп», «прогноз бойынша
биыл қыстан қысылмаймыз», «тәртіп
совсем осалдап кетті» деген тоңмойын
тіркестерді қисынды деуге аузымыз
бармай отыр. Бұған құлағымыздың еті
өліп кеткені соншама, шешендердің
осы сөздерін «таза қазақша» айтып
тұрғандай қабылдайтын болдық.
Кемшілігі білінбейді. Неге? Өйткені
осы қойыртпақ тіркестерді, орын
сыз сөз қолданыстарын естиести
құ ла ғымызға сіңісті болып кетті.
Бұл жерде құлақтың еш кінәсі жоқ.
Кінә сол құлақты қалқайтып, көтеріп
жүрген өзі мізде. Немқұрайлығымызда.
Етіміздің өліп кетуінде. Ең сұмдығы –
ана тілімізге жанымыздың ашымауын
да. Бұл қатердің қай жартасқа апарып
ұрындыратынын әзірге ешкім бол
жап айта алмайды. Бірақ осы бұралаң
бағытпен кете берсек, бір бәлеге
соқтығысатынымыз сөзсіз.
Мінберге можантопай біреу емес,
өзін мықтымын деп санайтын бір
шенеунік көтерілді. «Биыл шетел
ден 100 бас асыл тұқымды мүйізді ірі
қара әкелдік. Жылқыны 8000 басқа
жеткіздік» деп соғып тұр. Орыста «100
голов овец», «8000 голов лощадей» де
ген сөз тіркестері бары рас. Дегенмен,
қой қайырған қазақ «пәлен бас қойым,
түген бас жылқым, мұншама бас түйем
бар» деп айтып па еді? «Мүйізді ірі
қара» деген де орыс тілінен тікелей
аударылған. Қазақ сиырды сиыр дейді.
Жә, сылтау іздесек, сыныққа да же
леу табамыз. Әңгіме қойыртпақ тілден
біржолата арыла білуде. Тіл тазалығы
– ұлт тазалығы. Ал ұлт тазалығы – ке
лешек тазалығы. Бүгініміз таза болмай,
ертеңіміз ертегіге айналып кетпейді.
Біздің алаңдап отырғанымыз осы.
Шұбартілді шенеунік қойыртпақ,
дүбәра сөздерден айырылмайынша,
қазақ тілі «ауруынан» айықпайды.
Өйткені біздің ұрпақ әлімсақтан
алдыңғы буынға еліктеп өседі.
сабырбек олЖаБаЙ
Оңтүстік Қазақстан облысы
6
7
№10 (1268)
12 – 18 наурыз
2015 жыл
№10 (1268)
12 – 18 наурыз
2015 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
іржақып Дулатов! Қазақ қоғамына берерін сығып берді, бірақ сыбаға дәметкен жоқ. Күңіреністі күймен: «...Қалғанша
жарты жаңқам мен сендікпін, пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деуі де сол ел мүддесіне біржола ақырғы демі біткенше
қалтқысыз берілгендіктен, айтқан мірдің оғындай сөзі. Тәуелсіз Қазақстан: Міржақыбын үкіледі, үмітін ақтауға тырысты,
тырысып келеді... Бірақ түбірлі, төңкерісті, толымды үдеріс нышаны әлі қол бұлғайды... Міржақыпша нұсқаның ауы-
лы алыстан мұнартатындай. Дәме бар, дәйектілік тапшы. Ұмтылысқа ынта зор, ұғынықтылықта – ұтылыс. Баяғы «Оян,
қазақ!» ұраны, міне, жүз жылдан асты, құлақтың құрышын қандырады: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей
қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал һараб боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты!». Қазағын оятқан
еді, енді сол қазақ ойлануға, толғануға қатты бет бұрған! Адам қайғысынан – заман зарын сығып, сығымдап көрсеткен
Міржақып, одан сабақ алуға әлі күнге үндеп келе жатқандай.
иә, сол тылсым заманның өкінішті ахуалы осылай түйінделген: Жердің кеткені – күйік, діннің нашарлағаны – ділсіздік,
халдың һараб болуы – қарекетсіздік! Бұған Міржақыптың әйгілі «Тіл мұңын» қоссақ, сол мұң қазір де шеменді шерге
ұласып кетеді... Бір сүйініштісі, бұл жіктелгендер «міржақыпша» қатып-семіп, тұралап-тарынып, қорусыз, қорғансыз
күйінде қалған жоқ. Ілкім ілгерілеушілік сезіледі. Араға сына боп қағылған қызыл кеңестік кезеңнің – 70 жылдан астамғы
кесапаты, кеселі. Әйтпесе, тым алысқа ұзап кететін шақ туған. Тәуелсіздіктің өзіне биыл жиырма төрт жыл толады емес пе!
м
алты алаштың ардағы
Алматыда Ұлттық кітапханада «Қайнар» университеті, Халықаралық «Қазақ
тілі» қоғамы және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
ұйымдастыруымен көрнекті түрколог-ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген
қайраткер, филология ғылымының докторы, профессор шора Сарыбаевтың
90 жылдық мерейтойына орай «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты
дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде белгілі қаламгерлер
Мағира Қожахметова, шәрбану Бейсенова, Сара латиевалардың
шығармашылығына арналған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» атты
әдеби-сазды кеш өтті.
құрмЕт
Жиында Халықаралық «Қазақ
тілі» қоғамының президенті, ҚР ҰҒА
академигі, филология ғылымының
докторы, профессор Ө.Айтбайұлы,
Қазақстан Ұлттық жаратылыс
та ну ғылымы академиясының
вицепрезиденті, ҚР ҰҒА кор
рес пондентмүшесі, филология
ғылымының докторы, профессор
К.Құрманәлиев, А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институтының
директоры, филология ғылымының
докторы, профессор М.Малбақов,
ҚР ҰҒА корреспондентмүшесі,
филология ғылымының докторы,
профессор З.Базарбаева, «Қайнар»
университетінің ректоры, ҚР ҰЖҒА
академигі, профессор Е.Омаров,
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтының жетекші қызметкері,
филология ғылымының докторы
Ғ.Әнес, филология ғылымының
докторлары Ерден Қажыбек, Дандай
Ысқақұлы, т.б. сөз сөйлеп, академик
Шора Шамғалиұлының еңбектеріне
тоқталып, естеліктерімен бөлісті.
Қазақ халқының мәдени, руха
ни өмірінде орны ерекше педагог
ғалым қазақ тіл білімі саласын
да аянбай еңбек етіп келеді. Атап
айтқанда, қазақ тілі тарихы, диа
лектология, лексикология, лексико
графия, грамматика, т.б. көкейкесті
мәселелерге арналған 300ден астам
ғылыми мақалалары, оның ішінде
20 шақты монография, оқулықтар,
сөздіктері жарық көрген. Әсіресе,
бүкіл өмірін сарп еткен екі саланы,
яғни диалектология мен тіл білімінің
тарихын ерекше атап өткен жөн.
Ғалымның шәкірті, Ұлттық
Ғы лым академиясының коррес
п о н д е н т м ү ш е с і , ф и л о л о г и я
ғылымының докторы, профес
с о р К ә р і м б е к Қ ұ р м а н ә л и е в
К е ш т е к ө ң і л г е қ о н ы м д ы
пікірлер, жақсы тілектер айтылды.
Мағираның Кеңес өкіметі үкімін
жүргізіп тұрғанда ақиқатты арқау
еткен екі томдық «Жантәсілімі»,
Шәрбанудың кітабындағы елі мен
жері үшін жанын беруге бар Сүзге
мен Сүйінбеке бейнелері, Сараның
қазақ өнерінің майталмандары
Күләш Байсейітова, Хадиша Бөкеева
туралы жазған еңбектері сөз болды.
Қолында қазаны, етегінде ба
ласы, төрі н де қонағ ы (әсіресе,
А л м ат ы н ы ң қ а з а ғ ы с о л ке з де
қонақсыз ұйықтаған емес) және
отағасының бабын таба ж ү рі п,
сөз өнерінің шамшырағын жаға
білген қазақ қыздарына таңғалмай
болмас! Сонау бір ж ы л дары он
алты жастағы өрімдей жас қыздар
қазақтың маңдайалды оқу орны –
КазГУге түсіп, оны үздік бітіріп,
міне биыл елу жыл бойы жұптары
жазы лмай шығармашы лық істе
бірге келеді.
Әрине, әркімақ әдебиетке
айтарым бар деп есік ашады. Ал
Сөз сарапшысы...
«Мен қазақ қыздарына
қайран қалам!»
Ш . С а р ы б а е в т ы ң б і л і м і м е н
біліктілігін айта келіп, аза маттық
қырына да тоқталды. Ол «...диа
лектология дарабозы, библио гра
фия білгірі, сөз сарапшысы, тер мин
тілекшісі, футбол фанаты, кол
лекция корифейі, күлкі королі,
осы қасиеттердің бәрін бір бойы на
жинақтаған менің ардақты ұс тазым,
академик Шора Сарыбаев тоқсан
жасқа толды. Езуінен күлкі кет
пей, сергек жүргенінің арқасында
осы берекелі белеске шаршамай
шалдықпай жетті. Бұл – өзгеше
өмір сүрудің үлгісі. Тоқсанның
тұғырында нық тұрған ғалымның
ғибратты ғұмыры жалғаса берсін
деп тілейік!» деп өз тілегін жеткізді.
Сондайақ жиын барысында ҚР
ҰҒА корреспондентмүшесі, фи
лология ғылымының докторы,
профессор Зейнеп Мүсілімқызы
« Ғ а л ы м т а л а н т ы н ы ң с а н
қырлылығы» атты баяндама жасап,
Шора Шамғалиұлының қазақ тіл
ғылымының интонология саласын
зерттеген ғалым екендігін атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған Шора
С а р ы б а е в « Т е р м и н о л о г и я л ы қ
комиссияның әр қалада, облыстар
да бөлімшелері болғаны дұрыс. Сол
бөлімшелер талқылаған мәселенің
қорытындысын Бас терминология
комиссиясына жіберіп отырса» де
ген ұсыныспікірін айтты. Қазақ
тіл білімінің мәртебесін көтеріп,
сөздің дұрыс жазылуына, мәтіннің
дұрыс аударылуына үлкен мән беру
керектігіне тоқталды.
Шара барысында академик
Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімінің
мәселелері» атты антологиялық
еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Бағдагүл мҰРатҚыЗы
***
Әрбір шығармашылық еңбектің
маңдайына біткен таланталайы болады.
Патшалық Ресейдің зәресін алып, құтын
қашыра келген «Оян қазақ!», міне, сон
дай «қатыгездік» сипатымен маңдайын
тасқа да соқты, тауға да ұрды. Итжанды
екен, темірдей тегеуріні қандай тепкіге
де шыдас берді. Кітап тәркіленіп, иесіне
1,5 жылға кісен салынды. Халық ара
ша түсіп, айыппұлын жылулап төлеп,
тасқа басылған сөзді еркіндікке салды.
Жүрекке ұрық тас тар асыл сөзге сусаған
ел әбден шөліркеп отыр екен, ешнәрседен
қаймықпады. Қыбырлап оянып, тірлікке
тырбанды. Міржақыптың көксегені де
сондай ел ішілік еңсе көтерудің қамы
болатын. Жинаққа «сөз басында» бы
лайша шамырқануын сол тұрғыдан
түсінген абзал. «Дүниеге қатынасып
жүрген, оқыған азаматтарымыз болма
са, біздің ғұмуми (жалпы) қазақ халқы
файдалы мәселелерден бихабар еді.
Себебі: дария қасында тамшы секілді,
оқығандарымыз аздықтан, халқымыз
шәһәр ретінше емес, көшпелі һәр жерде
бытырап жүргендіктен, заман ахуалынан
хабар білерлік оқуға өз тілімізде газет
жоқтықтан, татар туғандарымыздың әдеби
тілменен жазылған газеттері оқу оқымаған
халыққа түсініксіздігінен, дүниеде болып
жатқан ғәжәйіп (таңырқарлық) уә (және)
ғәрәйіптен (керемет, таңсық) файдалана
алмай, біздің халық дүние сарайының
бір қараңғы түкпірінде ұйықтап, ұмыт
қалған секілді болып тұр... Әлі де бол
са бұрынғыдай қозғалмай ғафилдықта
(білмеу, білімсіз) жата берсек, енді аз за
манда нешік болашақпыз?».
Қазақты маужыраған күйінен оятып,
«күннің көзі жалқауға да, іскерге де, байға
да, пақырға да бірдей түскені секілді»,
көпке бірдей болған жақсылықтан мақрұм
қалмауға үндеуі – Міржақыптың айнымас
азаматтық ұстанымының алтын қазығы
іспетті. Ұлтым деп соққан жүрегінің
атойы өлшеулі ғұмырында бір әлсіреп,
демікпегені содан дерсің. «Халық үшін
нендей закон түзелсе де, дума арқылы
өтеді. Біздің қазақ халқының оңып тұрған
бір ісі жоқ, солардың ішінде бірінші
орын алып тұрғаны – жер мәселесі,– деп
жазды «Государственная дума һәм қазақ»
атты мақаласында («Айқап», 1911 ж.,
№5). – Аз да болса Думада депутатта
рымыз болса, сөздері ықтибарға алын
баса да, қазақ жері өз мүлкі екендігін,
селдей ағып келе жатқан хохолдар жерді
тартып, жұртты пақырлыққа айналтты,
һүкіметтің бұл харекеті бізге ғаділсіздігін
Дума мінбесінен сөйлеп, отчетында
жазып қалар еді. Ақырында, сөйлеген
ақиқат үстіне бір шықпай қалмас еді».
Бұл ескертпе еріккеннен жазылмағаны
мәлім. Думада қазақтан депутат болмағаны
себепті, онда не болып жатқанынан да
бейхабар қазақ халқы өз мүддесін кім
арқылы көтерерін білмей, дал болған. Рас,
әуелгі екі думаға бізден депутат сайланған.
1907 жылы 3маусымда жаңа мизам
шығарылып, Сібірден, Түркістаннан және
басқа жерлерден депутаттардың саны
кемітіліп, тіпті кейбір халықтан депутат
сайлау тоқтатылған. Солардың арасын
да бақыты ашылмаған қазақ халқы да
қыстырылып кетіп еді. Қазақтың өзінен
де бар көрінеді. Бірінші дума сайлауында
Ә.Бөкейхановтың үстінен жамандап, ра
порттар беріп, етегінен тартып баққаны –
қандай келешекті ойлағандық? Міржақып
енді алда болатын сайлауға ұлт атынан
өтініш айтып, өз адамын енгізуге құқық
берерлік жаңа низам жасалуына алдын ала
қамданыс қылуын міндеттейді.
«Жер мәселесі» деген мақаласында
(«Айқап», 1911 ж., №11.) Міржақып
көкейкесті екі жағдайды қозғайды. Бірі
– қала болу керек деушілердің пікірі.
Екіншісі – көшіп жүруді қалайтындардың
тоқтамы. Осы екі ойдың жақтастары
әрқилы шешім айтады. Бастапқылар, жер
жүзіндегі халықтардың біразы қала болып
отыр, мал бағып көшіп жүрмегендіктен
қырылып қалмаған дей келіп былай
ша түйіндейді: «Бұларды көре тұра, біз,
қазақтар да, қала болып, малдың санын
кемітіп, бағасын көтеріп, егін салып,
сауда қылып, оқу оқып, өнер тауып,
өзімізден алдағы жұрттың істегенін істеп,
солардың жолына түсейік, сол уақытта
ғана қатардағы халықтардың бірі бола
аламыз». Ал көшіп жүруді жақтайтындар:
«Қазақ – мал баққан халық. Қазіргі бағып
отырған малына лайық жер қалдырмай
тастауын ақылға сыйдыруға болмайды.
Халықтың ғұмыры 2030 жылдығына
емес, дүние тұрғанша тұрады. Соның
үшін түбін ойлағанда, қазіргі тұрмыстың
неше ғасырлардан бері бекіп қалған
негізін бұзбасқа керек» деп қалыптасқан
тіршілік кәсібінен көз жазып қалмауды
ықтияттайды. Әрине, қос таңдаудың
мына қазақтың «үш тотысы» (Сара
апайдың өздеріне қойған аты)
сұлу сөзді тотыдайын тарантып,
кемпірқосақтай құлпыртып, жеріне
жеткізіп қалай айтқан десеңізші.
Еткен еңбектері де текке кетпеді.
Бірі «Ерен еңбегі үшін» медалімен
марапатталса, енді бірі Халықаралық
«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
атанды.
Бір қызығы, бұл үш қаламгер
қазақ даласының үш қиырынан
– бірі батыстан, бірі Арқадан, бірі
шығыстан болса да, киелі сөз өнері
оларды ажырастырмай табыстырған.
Олардың не жазса да жеріне жеткізе
жазатынына сүйсінесің. Сөз өнерінің
ерен жүйріктерімен жүздескенімізге
риза болып қайттық. Ел ана
сы атанып, мерейлі жасқа жеткен
ардақтыларымызға қаламдарың
жүйтки берсін деген тілек айтамыз.
Көргендеріңіз бала қызығы, шалқар
шығармашылық шабытының тәтті
дәмі болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |