Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал


№5-6/2022 Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература 8 МҰХТАР ӘУЕЗОВ –



Pdf көрінісі
бет10/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
Байланысты:
Казақ тіді 5-6- 2022 Дұрыс 1000

№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
8
МҰХТАР ӘУЕЗОВ – 
ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ 
ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ
Анар Ерболатовна БЕЙСЕНБИНА 
Қазақстан негізгі орта білім беру мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Май ауданы, Павлодар облысы
Қазақ халқының мәдени, әдеби даму тарихында жа-
зушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі 
аса ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 
алатын орны ерекше. М. Әуезов – ауыз әдебиеті мен 
классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз 
мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі 
қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби 
тілді байытуға ересен зор еңбек сіңірген ХХ ғасырдың 
ұлы жазушысы. 
Шығармашылық сапары өткен ғасырдың алғашқы 
жылдарындағы дауылды дүрбеліңмен, яғни Қазан 
төңкерісімен тұстас келген суреткер 20-жылдардың бас 
кезінде жазылған «Қорғансыздың күнінен» «Абай жолы» 
роман-эпопеясына, 
«Еңлік-Кебек» 
трагедиясынан 
«Қарақыпшақ Қобыландыға», отызыншы жылдардағы 
әңгімесі – «Білекке білектен» – «Өскен өркен» рома-
нына, эпос, әдебиет тарихы туралы мақалаларынан 
– КСРО халықтары әдебиетіндегі дәстүр мен 
жаңашылдық ұлттық және интернационалистік сипат 
мәселелеріне арналған терең теориялық зерттеулеріне 
дейін ұзақ та жемісті жол кешті. Оның бүкіл қазақ 
әдебиетінің асқақ тұрған күмбезіндей «Абай жолы» ро-
ман-эпопеясы әлемдік даңқа ие болды. М. Әуезовтің 
таңдаулы шығармалары осы заман әдебиетінің жер 
жүзілік көлемде танылған жаңашылдығын зор қуатпен 
дәлелдеді.
Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы 
Семей уезі, Шығыс болысындағы Қасқабұлақ деген жер-
де, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 
Шыңғыстау деген жерде дүниеге келген. Мұхтардың ата-
сы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортаазиялық 
түркі әдебиетімен таныс кісі болған. 
Ол бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат 
таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де 
Абай ауылымен іргелес отыратын, сыйлас көңілді, 
құдандалы, дос-жар адамдар еді. Абай ауылымен қатар 
болған аралас-құраластық, ұлы ақынның шәкірттерімен 
және балаларымен бір ортада өсу жас Мұхтардың руха-
ни жағынан өсіп жетілуіне игі әсерін тигізді. Жас Мұхтар 
хат танығаннан кейін-ақ атасының ықпалымен ауыз 
әдебиетінің үлгілерін, Абай өлеңдерін жазып алып, жат-
тап үйренеді. Классикалық түркі әдебиетінің жекелеген 
нұсқаларымен таныстығы да осы кезеңде бастаған. Бұл 
жағдай алғыр ойлы, зерек баланың сөз өнеріне деген 
құмарлығын тым ерте оятады.
1908 жылы Мұхтарды немере ағасы Қасымбек Се-
мейге алып келіп, орыс мектебіне түсіреді, осыдан кейін 
ол бес жыл қалалық училищеде, төрт жыл мұғалімдік се-
минарияда оқып, білімін көтереді. Осы тұста М. Әуезов 
орыс әдебиетінің шығармаларымен кеңінен танысады, 
өзі де қаламгерлік қадамын бастайды. Оның тұңғыш 
күрделі шығармасы – «Еңлік-Кебек» драмасы 1917 
жылы, семинарияда оқып жүрген кезінде жазылды.
1919 жылы мұғалімдік семинарияны ойдағыдай 
бітіріп, Семей губерниялық атқару комитетінде ұлттар 
бөлімінің меңгерушісі, онаң соң төрағасы болып қызмет 
істейді. Алғашқы көркем әңгімесі – «Қорғансыздың күні» 
1921 жылы жараияланады. М. Әуезов 1922 жылы Орын-
борда, Қазақ Орталық атқару Комитетінде жауапты 
қызметті атқарады. Бұдан соң Ташкентке келіп, қызметке 
орналасады, әрі Орта Азия мемлекеттік университетінде 
оқиды. М. Әуезовтің бірталай әңгімелері 1922-1923 
жылдарда Ташкент қаласында шығып тұрған «Сана», 
«Шолпан» журналдарында басылған.
1923 жылы М. Әуезов Ленинград Университетінің 
филология факультетіне оқуға түседі. КСРО-дағы ең 
атақты жоғары оқу орындарының бірінде сабақ алу, 
аса көрнекті ғалымдардың дәрістерін тыңдау оның 
білім өрісін ерекше өсіреді. Семей губерниялық атқару 
комитетінің шақыруымен Мұхтар Әуезов 1924 жылы 
еліне оралып, қазақ педагогикалық техникумында сабақ 
береді. Ол осы жылы орыс географиялық қоғамының 
Семей бөлімшесіне толық мүше болып өтеді, көп ұзамай 
бөлімше төрағасының орынбасарлығына сайланады. 
1924 жылдың қысында М. Әуезовтің басқаруымен 
Семейде Абайдың қайтыс болғанына жиырма жыл 
толуына орай ғылыми жиналыс өткізіледі. Оның 
көркем прозадағы бір топ туындысы да осы кезең 
жемісі («Жетім», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», 
«Жуандық» т.б.). Драматургия, аударма, сын-зерттеу 
еңбектері де қатарласа шығып жатты. Бұған 1923 жылы 
жазылған «Бәйбіше-тоқал» драмасы мен «Қобыланды 
батыр», «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зерттеулері, 
«Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелер» деген ау-
дармасы мысал бола алады.
М. Әуезов осы кезде ел арасынан, ел қарияларынан 
ауыз әдебиеті нұсқаларын ең маңыздысы – ұлы ақын 
Абайдың өлеңдерін үздіксіз жинап, жазып алып, жария-
лап отырды. 
1925 жылы М. Әуезов Ленинград Университетіне 
қайта келіп, үзілген оқуын жалғайды, оны 1928 жылы 
бітіріп шығады. Ленинградта оқыған кезінде М. Әуезов 
білімін жан-жақты кеңейтіп, тереңдетумен бірге 
жазушылық жұмыстарын да қатар алып жүрді. Оның 
ендігі шығармаларында ескі қазақ ауылындағы таптық 
қайшылықтар мен күрестер сырын көрсету өткірлене 
түседі. «Қарагөз» трагедиясында Мұхтар бұрынғы қазақ 
қоғамындағы әлеуметтік теңсіздікті, жастар басындағы 
еріксіздікті тамаша суреттеді. «Қараш-Қараш оқиғасы» 
(1927), «Қилы заман» (1928) повесьтерінде ел өміріндегі 
күрделі мәселелерді көтерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет