№5-6/2022 Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
6
бейімделуіне, белгілі бір жетістіктерге жетуіне жол аша-
ды. Рухани байлықтың кемел болғаны бұл әрбір жеке
тұлғадан құралған қоғам үшін де, туған еліміз үшін де
өте маңызды. Ендеше, еліміздің еңселі, туымыздың
тұғырлы болуына, Мәңгілік ел атануымызға себепкер
жас ұрпақ қана емес, жас ұрпаққа жол ашушы бүгінгі
жаңашыл ұстаздар екені даусыз.
Озат ұстаз Қанипа Бітібаеваның жаңашыл бағыттағы
маңызы зор технологиясы білім алушылардың ру-
хани әлеміне азық сыйлайтын, оқушылардың таным
белсенділігін дамытуға, жаңа бір әлемнің жаңалығын
ашуына үлес қосатын озық технологиялардың бірі.
Олай болса, рухани жаңару арқылы әлем мойындар
табысты ұрпақ тәрбиелеп, олардың жарқын болашаққа
ТЫҢДАЛЫМ ӘРЕКЕТІН МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ Берик Шоханович АТАБАЕВ №13 жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Екібастұз қаласы, Павлодар облысы
Білім мазмұнын жаңарту – бұл оқыту әдістерін,
бағдарламаның мазмұны мен құрылымын қайта қарау,
тұлғаның дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру
болып табылады.
Оқырмандармен сөйлесім әрекетінің маңызды
түрлері, соңғы кезде көп қарастырылып жүрген және
қазақ тілі сабақтарында кеңінен орын алған тыңдалым
әрекетін меңгертудің маңызы туралы тәжірибе бөліскім
келеді.
Тыңдалым – оқу үдерісінде кең орын алатын, тіл
үйренушілер, дидарласушылар арасында қарым-
қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау,
есту арқылы қабылдау, ұғу.
Адамның күнделікті өмірі қарым-қатынас жасау-
дан тұратыны белгілі. Ал қарым-қатынастың негізі –
сөйлесу. Сондықтан жақсы қарым-қатынастың болуы
дұрыс сөйлесуден, нақтырақ айтсақ, адамдардың бірін
бірі түсінуінен тұрады. Ғалым Ф. Оразбаеваның айтуы
бойынша, түсіну – сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне
тән ең басты көрсеткіш. Әрине, сөйлесім әрекетінің төрт
түрінің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірақ оларды тек
бір-бірімен тығыз байланыста қолдану ғана белгілі бір
нәтижеге жеткізетіні анық.
«Тыңдалым» – «аудирование» деген терминнің
білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл тер-
мин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған
аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің
нәтижесінде қабылдау және түсіну дегенді білдіреді.
Бұл атаудың ең басты мәні адамдар арасындағы
қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік бірліктерді
тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу. Тыңдалымды
меңгертуде «Қазақ тілі» пәні бойынша әр деңгейде
тіл үйренушілердің дайындығына қойылатын талап-
деген сенім мен үмітін үндестіре отырып, баршамыз
бірлік туы астында шынайы да нәтижеге бағытталған
білімге бірге жете берейік!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бітібаева Қ.О. Әдебиетті тереңдетіп оқыту
– Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2003 ж. 4-10 бет.
2. Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі:
Педагогикалық оқу орындарына арналған оқулық
– Алматы: Рауан, 1997 ж. 288 б.
3. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
– Алматы, 1999 ж. 21-бет.
4. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары
(Мұғалімдерге арналған құрал).
– Алматы: Рауан, 1990 ж. 14-17 бет.
тарды негізге алу керек [3]. Тіл үйренушінің бойын-
да тыңдалымды меңгертуге байланысты білім, білік
дағдыларын дамыту келесі әрекеттермен байланысты:
1. Тыңдалым – қазақ тілі сабақтарының ажыра-
мас бөлігі болу керек, яғни әр сабақта мәтіндерді,
ақпараттарды тыңдатып үйрету керек;
2. Тіл үйренушілердің тыңдалыммен жұмыс істеу
ережелерімен таныс болып, тапсырмаларды белгілі бір
тәртіппен орындауын міндеттеу керек;
3. Тіл үйренушілердің деңгейіне қарай тыңдалым
әрекетіне аутентикалық мәтіндерді міндетті түрде кіргізу
керек. Бұларға теле-радио хабарларын, бейнежазба-
лардан үзінділерді тыңдатуды жатқызуға болады;
4. Оқытушы ұсынып отырған мәтіннің тіл үйренушінің
тілді білу деңгейіне қарай тақырыбын, мазмұнын
дұрыс таңдап, тапсырмалардың жеңілден қиынға
құрастырылуын қадағалау керек;
5. Тыңдалымды жаңа материалды меңгертуде және
тіл үйренушінің білімін бақылау, бағалауда да қолдану
керек.
Тыңдалым әрекетін меңгертуге арналған жаттығу
түрлері тіл үйренушінің тілді білу деңгейіне, жас
ерекшелігіне,
мақсатына,
өмірдегі
қажеттілігіне
қарай құрастырылады. Сонымен қатар тыңдалатын
мәтіндердің
тәрбиелік
мәні,
тіл
үйренушінің
қызығушылығын арттыратындай белгілі бір мәселесі
және сөйлеудің әр түрінің (монолог, диалог, поли-
лог) қамтылуы – мәтін мазмұнына қойылатын негізгі
талаптардың бірі.
Тыңдалым әрекетін меңгерту, бақылау, бағалауда
жақсы құрастырылған тест тапсырмалары, жаттығулар
жүйесі З. Күзекованың айтуы бойынша, тіл үйренушіге
екі түрлі себеппен көмектесе алады: Біріншіден, ау-
диторияда көпшілік қауымның тіл үйренуге деген ын-
тасын оятады. Мотивациялық тұрғыдан тиімді оқыту
нәтижесіне қол жеткізу үшін оқытушылар негізінен оң
ахуал қалыптастыруға тырысады. Екіншіден, тест тіл
үйренушілердің тілдік білімін жетілдіруге жетелейді,
көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалу-
дан, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудан тек
оның пайдасын көреді [1].
Жоғарыда аталған техникалық және электрондық
құралдармен жұмыс істеу тыңдалым әрекетін