Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет18/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
Байланысты:
Казақ тіді 5-6- 2022 Дұрыс 1000

№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
13
Ақын-жазушылардың айшықты сөздері нақыл сөзге 
айналу үшін терең мағыналы болумен бірге мақал-
мәтелдер сияқты құрылысы жағынан ықшам, әрі көркем, 
айтуға жеңіл болуы керек. Мысалы, тілімізде параллель 
қолданылып жүрген нақыл, қанатты, афоризм сөздері – 
бір-бірінен ерекшелігі бар бейнелі сөздер [3, 46 б.].
Қоғам 
қайраткерлерінің, 
ақын-жазушылардың 
мақал-мәтелдерге үндес жасалған әрі көркем, әрі терең 
мағыналы сөз өрнегі нақыл сөздерге айналып, халық 
арасына кең тарап кетеді. Олардың нақыл сөздерге 
айналуы үшін терең мағыналы болуымен қатар, мақал-
мәтелдер сияқты құрылысы жағынан ықшам, әрі көркем, 
айтуға жеңіл болуы шарт» [4, 178 б.].
Мағынасы терең ойды қысқаша бейнелейтін мақал-
мәтелдерге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесін 
нақыл сөз дейміз. Яғни нақыл сөздерге сан алуан 
құбылыстарды, әлденеше рет бақылаудан туған қысқа, 
әрі ойлы, образды, үзілді-кесілді айтылған, авторы 
белгілі, баламалық қасиеті мол, тұжырымды ереже-
қағидалар.
Қанатты сөз – айтайын деген ойды қысқа, әрі бейнелі 
көркем түрде білдіретін өзіндік әуен, ырғағы бар, ел ау-
зында жатқа айтылып кеткен, ұтымды сөздер тізбегі бо-
лып табылады. Ал өсиет – дидактикалық сөздер тобы-
на қысқа сөзбен көп ойды білдіретін, ашық мағыналы, 
үгіт-насихаттық қызмет атқаратын аталы даналық 
қағидалар жатады. 
Көркем сөздің басқа түрлерімен салыстырғанда ол 
өмір шындығынан жеке сезім мен ерекше жайларды 
ғана алмай, жалпы және типтік құбылыстарды алып, 
ой қорытады, соған орай бейнелілігіне емес, ойға 
арқа сүйейді. Дегенмен әлі де қанатты сөз бен нақыл 
сөздің, мақал-мәтел мен өсиет сөздің аражігін ажыра-
ту көпшілікке қиындық туғызып келе жатқаны сөзсіз. 
Осы орайда «ойды қысқа, бейнелі жеткізу» деген 
шарттардыңөзі афоризмдер табиғатын тануға бірден-бір 
өлшем ала алмайды деп есептейміз. Өйткені айтылған 
ой үнемі қысқалығымен, бейнелілігімен көңілде жат-
тала бермейді, ондай қасиеттер варваризм мен вуль-
гаризмде де болады. Сөз арқылы сыртқа шыққан 
ойдыңкөпшілік көңіліне қонып, жатталып қалуы көбіне 
оныңқисындылығы мен тереңдігіне, сөз саптаудың 
шеберлігіне байланысты.
С. Сатенова мақал-мәтелге тән үш тілдік фактор-
ды көрсетеді: «тұлға бірлігі, дыбыс үндестігі, мағына 
үйлесімі» [5, 48 б.]. 
... мақал-мәтелдің дамып өсу тарихы тілдің 
лексикалық қорының баю тарихымен тығыз ұштасып 
жатады» [6, 71 б.]. 
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі мақал-мәтелдердің 
метафораға қатыстылығын Ж.А. Абитжанова «Ор-
хон-Енисей ескерткіштері тіліндегі метафоралардың 
уәжділігі мен семантикасы» атты диссертациясында 
сөз еткен болатын [7, 112 б.]. 
Көк сөзіне тоқталайық: бұл жерде біздің әңгіме 
етпегіміз заттың түсіне немесе жаңа шыққан жас шәп, 
аспанның синонимі ретінде айтылатын «көк» туралы 
емес. Осы «көк» не 10 томдық түсіндірме сөздігімізге, 
не орфографиялық сөздікке ілінбеген. Бірақ қазіргі қазақ 
халқының тілінде жиі болмаса да, қолданыста болып 
тұратын сөз. Кейде қарттардың аузынан шыққан «көгі 
Паремиология мақал-мәтелдер мен әр алуан 
қанатты нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге бай-
ланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа 
салаларының бірі. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі 
қуаттысы мен құнарлысы болып саналатын мақал-
мәтелдер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік 
ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. 
Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет – тілдің 
осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі 
бір тілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық 
болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен
даналығын бойында сақтап, атадан балаға, ұрпақтан 
ұрпаққа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани 
қазына болып табылады.
Мақал-мәтелдердің өн бойында поэзияға тән 
жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық 
байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, 
барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса 
біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік 
тапқан болып келеді. В. Виноградов мақал-мәтелдердің 
тұрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. 
Өйткені олардың мағыналық бірліктері тұрақты сөз 
тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде 
қолданылады.
Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай 
сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни 
олар тұлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, 
белгілі бір формада тұрақталған, мазмұны жағынан 
біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері.
Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен 
шығып, кең қолданыста болса, бірте-бірте қанатты
сөзден мақал-мәтелге айналады. 
Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың эт-
нос болмысын, оның рухани-заттық мәдениетін, 
дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-
сенімін, т.б. туралы бай информация табамыз.
Мақал-мәтелдер жөнінде профессор Қ. Жұмалиев: 
«Мақал-мәтелдің екеуі де, негізінде, аты белгісіз халық 
даналарының өмірді бақылай келіп айтқан үлкен ой, 
терең пікірлерінің жиынтығы», – дейді [1, 29 б.].
Мақал-мәтел мен афоризмдер тіліміздің мәйегі бо-
лып табылады. Екеуінің айырмашылығы мақал-мәтел – 
халық даналығы, ал афоризмдер белгілі қаламгерлердің 
туындысы. 
«Қазақ тілі энциклопедиясында» афоризмге (грек. 
Аphorismos – қысқа нақыл) – тәлім-тәрбиелік мәні 
зор, терең ойлы, қысқа сөзбен «тоқсан ауыз сөздің 
тобықтай түйінін түйген» өткір өнегелі сөз. Афоризмнің 
авторы белгілі, афоризм өлең және қара сөз түрінде 
де кездеседі. Сыртқы құрылысы жағынан бір неме-
се құрмалас сөйлем болып, көп мағына білдіреді де-
ген анықтама берілсе, «мәтел сөздері» сөздігінде бұл 
сөзге ықшам және жинақы берілген аяқталған ой» деген 
анықтама берілген. 
Ғалым М. Белбаева нақыл сөздер деп мақал-
мәтелдерге үндес, көркем, терең мағыналы қысқаша 
сөз өрнегін айтады. Кейде нақыл сөзді – қанатты 
сөздер деп те айта береді. «Қазақ совет энциклопеди-
ясында» қысқа сөзбен түйінделген тиянақты, бейнелі 
ой, жеке нақыл ретінде қолданылады» [2, 60 б.] – деп 
сипатталған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет